Казақстанда статистика органы тұңғыш рет 1919-жылы Далалық өлке статистика басқармасы ретінде кұрыльш, оның міндеті мен қызметі туралы ереже бекітілді. Содан кейн статистика органын ұйымдастыру жүйесінде бірнеше рет өзгерістер болды. Мысалы, 1930-жылы статистика басқармасы Жоспарлау комитетімен біріктіріледі және онда ол халық шаруашылық есеп бөлімі болып, ал 1931-жылы желтоқсан айында Жоспарлау комитеті жанындағы Орталық халық шаруашылық есеп басқармасы болып қайта құрылады. 1941- жылы ол Жоспарлау комитетінің Орталық статистика басқармасы болып өзгертілсе, 1948-жылы Казақстан Республикасы Министрлер Coвeтi жанындағы Орталық статистика басқармасы болып қайта құрылады.
Орталық статистика басқармасы басқару және жоспарлау органдарымен тығыз жұмыс атқарады. Еліміздің әлеуметтік- экономикалық өзгерістері мен құбылыстары туралы есепқисап жұмыстарының дурыс жүргізілуіне, ондағы көрсетілген статистикалық мәліметтердің толықтығына, ақиқаттылығына және әдістемелік біркелкілігіне Орталық статистика басқармасы жауапты. Сонымен қатар халық шаруашылығы салаларына қарай деректі мәліметтерді жинап, топтап және талдап, оны дер кезінде басшы орындарға беріп отырды.
1987-жылы тамыз айында статистика органын ұйымдастыру жүйесінде үлкен өзгеріс болды. Мұнда Орталық статистика басқармасы Казакстан Республикасының Статистика жөніндегі мемлекеттік комитеті болып өзгертілді. Ал 1995-жылы статистика органына республикада болып жатқан қоғамдық құбылыстар мен процестерге талдау жасау жұмыстарының жүктелуіне байланысты «талдау» сөзі қосылып жазылатын болды. Сонымен, Казақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитеті болып кайта құрылады. Оның құқықтығы мен міндеттері Казақстан Республикасы Үкіметінің 1996-жылғы 18-каңтардағы қаулысы бойынша бекі- тілген Ережеде анықталған және оны басшылыққа ала отырады.199б-жылы 29-қазанда Казақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитеті Казақстан Республикасының Ұлттық статистика aгенттiгi болып қайта ұйымдастырылды- және статистикалық мәліметтерді жинау, өңдеу, талдау жумыстары бірыңғай принципке сай opтaқ бағдарлама мен әдістеме бойынша жоғарыда көрсетілген ережеге сүйене отырып жүзеге асырылуда.
Қaзіргi кезде Қазакстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі елдің мемлекеттік статистикасына басшылық ететін оның бүкіл аумағында статистикалық кызметтің мазмұны мен сипатын айқындайтын, мемлекеттік органдардың заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының жайы мен үрдісін сипаттайтын қажетті статистикалық және экономиканың деректерге деген мұқтажын қанағаттандыратын және халықаралық деңгейде статистикалық деректерді ақиқаттылығы мен әдістемелік салыстырмалылығын қамтамасыз eтeтiн Қазакстан Республикасы атқарушы өкіметінің орталық органы болып табылады.