БІРТҰТАС ECЕП ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ СТАТИСТИКА

Нарықтық экономикаға өту кезеңінде республикада болып жатқан әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы және олардың даму немесе кему жағдайын анықтау үшін; жалпы мемлекеттік саясаттың жүргізілуі мен орындалуын камтамасыз ету үшін; көп салалы халық шаруашы- лығын бастқару үшін түрлі статистикалық мәліметтер қажет.Мұндай мәліметтер кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердіңшаруашылықтардың кооперативтер мен фермерлік шаруашылықтардың және т.б. әp түрлі есептеу жолдары арқылы, яғни оперативтік жедел, бухгалтерлік және статистикалық есеп беру жүйелері арқылы жинақталады, өңделеді және оған талдау жасалынады. Бірақ, осы аталған есеп түрлерінің әрқайсысының алдарына койған мақсаты мен есептеу әдстемелеріне қapaй өздеріне тән epeкшeліктepi болады. Төменде осы есептердің ерекшеліктерін жеке-жеке қарастыpaйық:

Оперативті жедел немесе оперативті-техникалық есеп. Оның негізгі мақсаты сол кәсіпорындардың, шарушылықтардың бірлестіктер мен ұйымдардың бөліктері мен цехтарында болған жұмыс көрсеткіштеріне, яғни өндірілген дайын өнімдер мен оның сапасына; жартылай даярланған фабрикаттар мен тетіктердің дайындалуына, шиизаттар мен материалдың жұмсалуына; еңбек кұралдарының қолданылуына және т.б. операциялардың жүргізілуіне күнделікті бақылау жасау үшін жүргізледі. Оперативті жедел есеп арқылы алынған көрсеткіштер күнделікті орындалған шаруашылық операцияларының жұмыс бабын, олардың дұрыстығын кадағалап отыру және басшыльқ жасау үппн қолданады. Егер жұмыс барысында түрлі себептер мен кемшіліктер кездесетін болса, онда оны түзету үппн арнайы шешімдер қабылдауға және ic жүзінде оны жүзеге асыруға көмектеседі.

Oпepaтивтi есептің көрсеткіштер бастапқы құжаттар бойынша немесе телеграф, телефон арқылы жинақталады және онда бухгалтерлік есеп беру формасында ашық көрсетілмейтін негізгі мәліметтер қамтылады. Сондықтан оны дер кезінде берілетін жедел есеп деп те атайды.

Бухгалтерлік есеп. Есепің бұл тура барлық кәсіпорыңдарда, мекемелер мен ұйымдарда, шаруашылықтар мен бірлестіктерде, шағын және жеке кооперативтер мен ұжымдарда жүргізіледі. Бухталтерлік есеп арқылы әрбір кәсіпорындар, мекемелер және т.б. бойынша ақша қаржыларының қозғалысын, өндірілген өнімнің өзіндік құнын, материалдық шығындар мен оның пайдалануын, еңбекақы мөлшерін кipic пен шығыс және т.с.с. көрсеткіштердің нақты eceбi жүргізіледі Бұл есепте кврсеплетж кврсеткйптер ресми цужаттарга суйенш жинақталады және оған экономикалық талдау жасалынып, қоры- тындыланады. Басқа есептермен салыстырғанда, оның ерекшелігі құжаттылығында және ондағы көрсеткіштердің барлығы ақшалай өлшем бірлігіне айналдыру арқылы көрсетілетігінде.

Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты жүйелі түрде бірыңғай ережелер мен әдістерді қолдана отырып, шаруашылық операциялары туралы мәліметтерді жинақтайды. Басқаруға қажет болатын көрсеткіштерді өз ішінде қолданады және сол арқылы белгілі бір шешімдер қабылдауға көмектеседі Есептің бұл түрінің негізгі әдicтepi мыналар: бухгалтерлік баланс, тіркеу, бағалау, калъкуляциялау. Ең бастысы, құжаттылықпринціпін сақтай отырып, екi жақты жазу ережесіне сай жүргізілетіндігі.

Бухгалтерлік есепке әдістемелік жағынан көмек көрсетіп, басшылық ету жұмысы республика қаржы министірлігіне жүктелген. Ол Казақстан Республикасының Ұлттық статистика агентігімен келісе отырып бухгалтерлік есеп айырысу шоттарын және олардың жоспарын, есеп беру формаларының типтік үлгісін, оларды жүргізу, толтыру әдістері туралы нұсқауларды бекітеді Оның ic жүзінде қолданылуына бақылаужасап отырады.

Статистикалық есеп. Бұл есепте қоғам өмірінде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің барлық сандық көрсеткіштері мен сапалық жақтары есепке алынады, жинақталады, өздеріне тән белгілеріне карай әр түрлі топқа бөлінеді және оған талдау жасалынады. Бұл есептің негізгі мақсаты халық шаруашылығы салаларын дұрыс басқарып, материалдық игіліктерді өндіpу және бөлуге бақылау жасау үшін қажетті мәліметтерді жинақтап, өңдеп, дер кезінде Үкімет қарауына беріп отыру. Статистикалықк есепте көрсетлетін көрсеткіштер бухгалтерлік және оперативтік жедел есептер арқылы тиісті құжат бойынша жинақталады. Егер, бұл есептерде кейбір қажетті көрсеткіштер жоқ болса, онда оны жинау үшін арнайы статистикалық бақылау жүргізіледі.

Статистикалық eсeптің басқа есептермен салыстырғанда өзіне тән ерекшеліктері мен eceптеу әдістері бар. Олар: мәліметтерді жинау, топтау, өңдеу, талдау және нақты, қатысты, орташа шамалармен бipгe индекстік, графикалық баланстық корреляциялық әдістерді колданатындығында.

Бухгалтерлік және оперативтік есептер әpбip кәсіпорындарда болып жатқан жеке фактіні тіркейді Ал статистикалық есеп жалпы жиынтықтың қорытындысын шығарады. Сондықтан бұл қоpытындылаушы есеп болып саналады және берілген көрсеткіштердің маңызына қарай түрлі (табиғи, ақшалай және еңбек) өлшем бірліктермен өлшенеді Сонымен бірге, қатысты шама ретінде коэффициентпен немесе процентпен көрсетіледі.

Бухгалтерлік, оперативтік және статистикалық есеп жүйелері бірімен-бipi тығыз байланыста болады және олардың арасында ешқандай да кайшылық болмайды. Осыған орай, бұл үш есеп жүйесі халық шаруашылық салаларын жан- жақты зерттейтін біртұтас есеп жүйесін яғни халық шаруашылығы есебін кұрайды.