- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 маусымдағы №528 қаулысымен бекітілген Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін арнайы техникалық құралдар саласындағы қызметті лицензиялау ережесі туралы жалпы ережелер.
Осы Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін арнайы техникалық құралдар саласындағы қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының “Жедел-іздестіру қызметі туралы” 1994 жылғы 15 қыркүйектегі, “Мемлекеттік құпиялар туралы” 1997 жылғы 15 наурыздағы, “Лицензиялау туралы” 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына (бұдан әрі — Заң) сәйкес әзірленген және жедел іздестіру іс-шараларын (бұдан әрі – ЖІШ) жүргізу үшін арнайы техникалық құралдар саласындағы қызмет түрлерін лицензиялау тәртібін белгілейді.
Осы Ереже Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында ЖІШ-ті жүргізу үшін арнайы техникалық құралдар саласындағы қызмет түрлерін лицензиялауға байланысты қатынастарды регламенттейді.
ЖІШ-ті жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға (бұдан әрі — АТҚ) ақпарат алу үшін арнайы функциялары бар арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету мен техникалық бұйымдар, сондай-ақ ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын іздестіру құралдары жатады.
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін арнайы техникалық құралдар мынадай санаттарға бөлінеді:
1) ақпаратты жасырын және ашық алуға арналған АТҚ – ақпаратты жасырын алу үшін арнайы функциялары бар арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету ментехникалық бұйымдар. АТҚ-да көрсетілген саладағы қызмет тек жедел іздестіру қызметінің субъектілері (бұдан әрі – ЖІҚ субъектілері) үшінжүзеге асырылады;
2) ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын іздестіруге арналған АТҚ – ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын анықтау үшін арнайы әзірленген, бейімделген және бағдарламаландырылған техникалық құралдар. АТҚ іздестірусаласындағы қызметті жедел іздестіру қызметінің субъектілері, сондай-ақ ЖІШ-ті жүргізу үшін АТҚ-ны жөндеу және іске асыру жөніндегі қызметті, ақпараттың таралып кетуінің техникалық іздестіруді жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Лицензияланатын қызмет түрлерінің тізбесі.
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
1) жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру;
2) жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу,ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын іздестіру үшін арнайы техникалық құралдарды жөндеу және іске асыру.
АТҚ саласындағы лицензиялаудың шарттары мен тәртібі.
АТҚ саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҚР ҰҚК) береді.Қызметтің әрбір түріне жекелеген лицензия беріледі. Лицензия оны иеленушінің ерекше шарттарды сақтаған кезде мәлімделген қызмет түріне қызметті жүзеге асыру құқығын куәландыратын құжат болып табылады.
Түріне қарай лицензия әрекетінің ерекше шарттары мыналарды қамтуы мүмкін:
1) ЖІШ-ті және оның барлық нормативтік-техникалық құжаттамаларын жүргізу үшін АТҚ-ны тіркеуді, есепке алуды және сақтауды қамтамасыз ету;
2) лицензиар бекіткен іздестіру жұмыстарын жүргізу әдістемесінің болуы;
3) тек ЖІҚ субъектілеріне АТҚ мен техникалық құжаттама туралы ақпаратты ұсыну;
4) лицензиар тексеріс жүргізу үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз ету, соның ішінде АТҚ есебі бойынша қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсыну;
5) оларға конструкторлық құжаттаманы ұсынғаннан кейін ғана ЖІШ жүргізу үшін дербес әзірленген АТҚ жасау жөніндегі лицензиаланатын қызметті жүзеге асыру;
6) ЖІШ өткізу үшін жасалған шарттар, әзірленген, жасалған, жөнделген және сатылған АТҚ бойынша тоқсан сайынғы есепті ұсыну;
7) лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз туындаған, сондай-ақ телефон нөмірлері, штаттық кесте өзгерген жағдайда лицензиаттар жазбаша нысанда он бес күнтізбелік күн ішінде лицензиарды хабардар етуге міндетті;
8)жұмыс жүргізу басталғанға дейін кемінде бес күн ішінде лицензиарды жазбаша хабарландырғаннан кейін ғана ақпараттың таралуының техникалық арналарын іздестіру жөніндегі іс-қимылды тікелей жүзеге асыру.
ЖІШ жүргізу үшін АТҚ саласындағы қызметке лицензиялар лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін жеке және заңды тұлғаларға беріледі.
Лицензияның іс-әрекеті лицензиатпен шарттық қатынастарға байланысты үшінші адамға қолданылмайды. Қайта ұйымдастыру, қайта тіркеу (филиалдар мен өкілдіктер мекемелерінің жанынан) немесе құрылтайшыларға, басшыларға және ЖІШ жүргізу үшін АТҚ-мен жұмыс істеуге мәлімделген қызметкерлерге қатысты бөлігінде штаттық өзгерістер болған жағдайда, лицензиар біліктілік талаптарына сәйкестігіне қосымша тексеру жүргізеді.
Лицензияға жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін арнайы техникалық құралдар саласындағы уәкілетті органның басшысы немесе ол тағайындаған адам қол қояды.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін қажетті құжаттар:
1) “Лицензиялау туралы” Қазақстан Республикасының Заңы 42-бабының 2-тармағында көзделген құжаттар;
2) өтініш берушінің белгіленген үлгідегі сауалнамасы (осы Ережеге1-қосымша);
3) штаттық кесте (заңды тұлғалар үшін);
4) ЖІШ жүргізу үшін АТҚ-мен жұмыс істеуге мәлімделгенмамандардың жеке басын куәландыратын және біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелері;
5) ЖІШ жүргізу үшін АТҚ-мен жұмыс істеуге мәлімделген құрылтайшылардың, басшылардың және мамандардың Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары белгілеген тәртіппен оларға қатысты арнайы тексеру іс-шараларын жүргізуге жазбаша келісімі;
6) қызметкерлердің мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтауының жазбаша міндеттемелері (8-нысан)* ;
Егер құжаттардың көшірмелерін нотариус куәландырмаған болса, олар телнұсқасымен бірге ұсынылады.
Өтініш беруші лицензияға жалған және (немесе) бұрмаланған мәліметтер ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
ЖІШ жүргізу үшін АТҚ саласындағы қызметті жүзеге асыруқұқығына өтінішті қарау ЖІҚ субъектісінің бірінші басшысы немесе оның орынбасарлары қол қойған, лицензиардың мекен-жайына ресми түрде жіберілген оның хаттары (ұсынымдары) және 9-тармақта көрсетілген құжаттардың болуы, сондай-ақ арнайы тексеру бойынша құқық қорғау органдарының оң қорытындылары негізінде жүргізіледі.
АТҚ импортына, экспортына бір жолғы лицензияларды АТҚ саласындағы ҚР ҰҚК мен немесе оның аумақтық бөлімшелерімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі береді.
Қазақстан Республикасында ақпаратты жасырын алуға және ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын іздестіруге арналған АТҚ импортына, экспортына бір жолғы лицензиялар ЖІҚ субъектілеріне немесе осы қызмет түрін жүзеге асыруға лицензиясы барлицензиаттарға ғана беріледі.
АТҚ-ға импортталатын, экспортталатын тауарға жатқызу мәніне техникалық зерттеу жүргізу және экспорттық-импорттық операцияны келісу үшін беруші ҚР ҰҚК-ге:
1) бұйымның сындарлы ерекшелігі туралы мәліметтерді көрсете отырып,тауарды техникалық зерттеуге белгіленген үлгідегі өтініш (осы Ережеге 2- қосымша);
2) қарауға жататын техникалық құжаттаманы немесе тауардың үлгісін;
3) тауарды беру келісім-шарттарының (шарттардың) көшірмелерін ұсынады.
ҚР ҰҚК осы Ереженің 14-тармағында көрсетілген барлық құжаттарды алған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде, лицензияланатын тауар импортының (экспортының) мүмкіндігін келіседі.
АТҚ импортына (экспортына) лицензияны келісуден бас тарту үшін мыналар:
1)техникалық зерттеу нәтижелері бойынша мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру мүмкіндігі туралы шешім;
2) өтініш беруші ұсынған құжаттарда жалған және (немесе) бұрмаланған ақпараттың болуы негіз болып табылады.
Лицензия беру мерзімдері.
Лицензиар ЖІШ жүргізу үшін АТҚ саласындағы қызметке лицензия алуға өтініш берушінің заңдық мәртебесі (ұйымдық-құқықтық нысаны) мен меншік нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тиісті құжаттармен бірге өтініш берген күнінен бастап қырық бес жұмыс күні ішінде лицензияны және лицензияға қосымшаны беруге немесе бас тартудың себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап қайтаруға міндетті.
Лицензияның қолданылу шарттарының сақталуын бақылау .
Лицензиар лицензиаттың лицензиялық ережелерді және лицензия қолданылуының ерекшешарттарынсақтауын бақылауды жүзеге асырады.
Лицензиардың лицензиат қызметін жоспарлы да, жоспардан тыста тексеруді жүзеге асыруға құқығы бар. Лицензиат тексерулер жүргізуге кедергі келтірмеуі тиіс.
Жоспарлы тексерулер жылына кемінде бір рет жүргізіледі.
Лицензиар лицензиаттың лицензиалау талаптары мен шарттарын бұзғаны туралы мәліметтер келіп түскен жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де жағдайларда жоспардан тыс тексерулер жүргізеді.
Лицензиар лицензиатты тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды және оларды жою мерзімдерін көрсете отырып акті жасайды.
Лицензиат белгіленген лицензиялау талаптарын және оның ерекше шарттарын сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 маусымдағы №528 қаулысымен бекітілген Жедел іздестіруіс-шараларын жүргізу үшін арнайы техникалық құралдар саласындағы қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары.
Өтініш беруші сәйкес келуі тиіс ЖІШ-ті жүргізу үшін АТҚ саласында лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын жалпы біліктілік талаптары (бұдан әрі – біліктілік талаптары):
1) өлшеу және бақылау техникалық құралдарының, АТҚ-ны жасауға және жөндеуге арналған аспаптардың болуын;
2) лицензиатқа және оның қызметкерлеріне қатысты медициналық жарамсыздығының және (немесе) оған кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салған сот шешімінің болмауын;
3)АТҚ-мен өтініш берген қызмет саласындағы ғылыми-техникалық және инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігі және кемінде үш жыл жұмыс өтілін;
4) АТҚ-мен жұмыс істеуге мәлімделген адам бір мезгілде бірнеше лицензиатта өтініш берген қызметтерді жүзеге асыра алмайды;
5) күзет, өрт сигнализацияларын тәуліктік күзет пультіне қоса отырып жабдықталған, терезелерде темір торлары бар үй-жайлардың, сондай-ақ құлыпталған, темір, мөрленген есіктердің барболуы;
6) АТҚ-ны сақтау үшін мөрленген темір шкафтардың және оған техникалық құжаттаманың бар болуын;
7) біліктілік сынақ нәтижелері бойынша оң қорытындыны;
8) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып жұмыс жүргізуге рұқсаттың немесе бірлескен құпия жұмыстарды жүргізуге арналған шарттың болуын қамтиды.
ЖІШ-ті жүргізу үшін АТҚ-ны әзірлеу және жасау жөніндегі лицензияланатын қызметке қойылатын біліктілік талаптары:
1) тиісті өндірістік қуаттардың, өлшеу және радиомонтаждау жабдықтары мен мүкаммалдың болуын;
2) АТҚ-ны өндіруге арналған нормативтік техникалық құжаттаманың болуын;
3) АТҚ-ны тіркеу, есепке алу және оларды әзірлеу мен жасау үшін нормативтік техникалық құжаттама тәртібінің талаптарын сақтау, ЖІШ-ті жүргізу үшін әзірленген (жасалған) АТҚ-ны тіркеу журналының болуын (осы біліктілік талаптарына 1-қосымша);
4) ЖІШ-ті жүргізу үшін АТҚ-ның жасалған тәжірибелік түріне лицензиар берген техникалық қорытындының болуын қамтиды.
Ақпараттың таралуының техникалық арналарын іздестіру бойынша ЖІШ-ті жүргізу үшін АТҚ-ны жөндеу және сату бойынша лицензияланатын қызметке қойылатын біліктілік талаптары:
1) жөндеу, техникалық сүйемелдеу және сервистік қызмет көрсету үдерісінде ЖІШ-ті жүргізу үшін АТҚ функционалдық өзгерістерінің (алгоритмдер өзгерістерінің)болмауы;
2) жөндеу, техникалық сүйемелдеу және сервистік қызмет көрсету барысында жасалған АТҚ-ға өзгерістер енгізуге рұқсат етілетін құжаттамаларды жүргізу;
3) ЖІШ-ті жүргізу үшін жөнделген АТҚ-ны тіркеу журналының болуы (осы біліктілік талаптарына 2-қосымша);
4) ЖІШ-ті жүргізу үшін сатылған АТҚ-ны тіркеу журналының болуы (осы біліктілік талаптарына 3-қосымша);
5) ақпараттың таралуының техникалық арналарын іздестіруге арналғанАТҚ-ны пайдалану жөнінде лицензиар бекіткен әдістемелік-технологиялық құжаттаманың болуы.
Өтініш берген адамдардың білім деңгейін бағалау біліктілік сынағының нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
ЖІШ-ті жүргізу үшін АТҚ саласындағы біліктілік сынақтарын тапсыру үшін сұрақтар тізбесін лицензиар белгілейді.