Қазақстан Республикасының «Жедел — іздестіру қызметі» туралы заңы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы қыркүйектің он бесінде қабылдаған жедел іздестіру қызметінің бірі ретінде қылмысты анықтауды, алдын алуды, болдырмауды және ашуды көздейді. Жедел -іздестіру кызметін мынандай органдар жүзеге асырады:
а) ішкі істер органдары;
ә) ұлттық қауіпсіздік органдары;
б) қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары;
в) қаржы министрлігінің қаржы полициясы органдары;
г) Қазастан Республикасы Президентінің қызметі.
ҚІЖК-нің 65 бабына сәйкес қылмыс белгілерін және жасаган адамдарды
табу мақсатында анықтау органдарына қажетті жедел — іздестіру шараларын қабылдау жүктеледі. Осы ереже Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазакстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» заң күші бар Жарлығында дамытылды. Мәселен, аталған Жарлықтың 10 бабында былай деп жазылған: «Жедел — іздестіру қызметі туралы, Қазакстан Ресгубликасының Заңына сәйкес қылмыстардың алдын алуға және ашуга, ішкі істер органдары жүйесінің кауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қылмыстык атқару заңдарымен белгіленген бас бостандыгынан айыру органдарында режимді сақтауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруга міндетті. Бұл ретте жедел іздестіру шараларын жүзеге асыруға күкылы ішкі істер органдарының бөлімшелері мен кызметкерлерінің тізбесін Ішкі істер Министрлігі белгілейді». Одан әрі аталган Жарлықтың 11 бабына сәйкес өздеріне уәкілеттік берілген қызмет адамдарының атынан ішкі істер органдары «кылмыстык істер бойынша сараптамалар және жедел іздестіру материалдары бойынша қажетті зерттеу жүргізуге құқығы бар», талданып отырған баптың 1 бөлімінің 14 тармағына сәйкес ішкі істер органдары «заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық іс жүргізу әрекеттерін және жедел іздестіру шараларын жүргізуге маманды тартуга, дерек мәліметтерді жинау мен зерттеу үшін ғылыми — техникалык құралдарды пайдалануға құқығы бар».
Қазақстан РеспубликасыныңПрезидентінің «Қазақстан
Республикасының Үлтық қауіпсіздік органдары туралы» Заң күші бар Жарлыгында да жоғарыда айтылғандай тиісінше регламент бар. Мәселен, осы Жарлықтың 13 бабына сәйкес үлттық қауіпсіздік органдары өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін «жалпы және арнаулы жедел іздестіру шараларын жүргізуге» қүқығы бар. Өзге де анықтау органдары қызметі регламентінің заңды түргыдан көздерін талдау жолдардың жедел -іздестіру қызметін жүзеге асыру қүқыгы жоғарыда келтірілгендерге үқсас жалпы ережелер шектерінен шықпайтындыгы туралы куәландырады. Сондықтан жедел іздестіру жолымен алынған дәлелдемелер мен процессуалдық емес ақпараттық арақатынасынан анықталмас бүрын төмендегідей мәселелерде айкындалу қажет:
— анықтау органдарының жедел іздестіру қызметін жүзеге асыру
құқығы бар органдардан айырмашылығы;
процессуалдық емес ақнараттык мәні.
Қолданылып жүрген қылмыстық іс жүргізу Заңдары анықтау органдарына мыналарды жатқызады:
— ішкі істер органдары;
— ұлттық қауіпсіздік органдары;
— әділет органдары;
— салық полициясының органдары;
— кеден органдары;
— әскери полиция органдары;
— шекара бөлімдерінің командирлері;
— әскери бөлімдерінің командирлері;
— ҚазакстанРеспубликасыныңдипломатиялықөкілдіктерінің,
консулдық мекемелерінің және өкілетті өкілдіктерініңбасшылары;
— Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары;
— Геологиялық барлау партияларының басшылары, теңіз кемелерінің
капитандары.
Сонымен, анықтау органдарының тізбесі «Жедел іздестіру қызметі туралы» Заңмен жедел іздестіру кызметін жүзеге асыру құкығы берілген органдар тізбесімен толық көлемде сәйкес келмейді.
Бұдан мынандай қорытынды туындайды: анықтаудың кез келген органы жедел іздестіру қызметін жүргізуге құқылы емес, сондай-ак осындай құқығы бар әрбір орган анықтау органы болып табылмайды. Мұны мысал аркылы түсіндіріп көрелік. «Жедел іздестіру қызметі туралы» Заңның 6 бабына сәйкес ішкі істер органдары жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын субъектілердің бірі болып табылады.
Ішкі істер органдарының жүйесін мыналар құрайды: Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігі; оған бағынышты облыстардың ішкі істер басқармалары және ішкі істер органдарынан көлік, қалалык, аудандық, қаладағы аудандык, поселкелік бөлімшелері, сондай-ак ерекше және режимдік объектілері, оқу орындары, мекемелер мен үйымдары.
Әрбір санамаланған субъектілердің күрылымы функциясы түргысынан кандай да бір кызметке, бір бағытқа багдарланган негізгі және көмекші аппараттардың бөлімшелердің күрделі жүйесін білдіреді. Ішкі істер органдары туралы Жарлықтың іріктейтін сипаты да осымен түсіндіріледі, оған сәйкес жедел іздестіру іс шараларын жүзеге асыруға құқылы ішкі істер органдары бөлімшелері мен қызметкерлерінің тізбесін Ішкі істер Министрлігі белгілейді.
Осындай іріктеу сипаты жедел іздестіру кызметімен айналысуға құқығы бар басқа да органдарға тән. Мұндай органдардың қатарында, бұрын атап өтілгендей «Жедел іздестіру қызметі туралы» Заңының 6 бабында ішкі істер органдары аталады, мұның иөзі мұндай т;ұқық тікелей жедел іздестіру қызметінің міндеттерін орындайтын бөлімшелерде болатынын көздейді. Бұл жағдай «Жедел іздестіру қызметі туралы» Заңның 12 бабының 3 бөлігінде бір мәні регламенттеледі, онда «Жедел іздестіру шараларын жүргізуге құқығы бар қызметкердің, бөлімшелердің тізбесін жедел — іздестіру қызметін жүргізуші органдардың басшылары белгілейді» деп жазылған.
Талданып отырған жагдайда жедел іздестіру қызметінің субъектілері болып табылатын. Қорғаныс Министрлігі әскери барлау органы, Қазақстан Республикасы Президентінің күзет кызметі қазіргі уақытта анықтау органдарының қызметін атқармайды. Жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын анықтау органдары мен органдардан мүндай саралануы жедел іздестіру кызметінің мақсаттары мен мідеттеріе байланысты. Ал шындығында жедел Іздестіру шараларын жүзеге асыру негіздерінің тізбесі.
Қылмыстык сот жүйсін жүргізу мақсаттарынан тысқары жатыр. Мәселен, Жедел Іздестіру кызметі туралы Заңның 10 бабы мұндай негіздер ретінде мыналарды кездейді:
а) қозғалған қылмыстық істің болуы;
ә) жеделіздестіру қызметін жүзеге асыру шыоргандаргакеліп түскен;
— әзірленіп жатқан, жасалынып жатқан немесе жасалган қүкық бұзушылык;
— жауап алу, тергеу және сот органдарынан немесе қылмыстық
жазадан жалтарып жүрген адамдар;
-азаматтардың хабарсыз кетуі және танылмаған мәйіттердің табылуы;
— шет мемлекеттерменхалықаралыкұйымдардың арнайы қызметтерінің барлау- бүлдіру хабарламалары;
б) өздеріңін-:қарауындағы қылмыстық істер бойынша тергеушінің
жазбаша тапсырмалары және прокурдыңнұскаулары, сондай-ақ соттың ұйгарымдарының;
в) күқыктық көмек беру туралы шартка сәйкес халықаралық күкык
қорғау- үйымдарының және шет-мемлекеттердің күкык қорғау орган дар ының сауал салулары;
г) коғам; мемлекет мүддесімен онын экономикалық және
қорғаныс әлеуметін нығайту мүддесіне орай барлау ақпаратын алу қажетігі жөнідегі хабарлам.алар негіз болады.
Сонымен, анықтау мақсатына жедел-іздестіру шараларын жүргізу жолымен қол жеткізілуі мүмкін, бірак жедел- іздестіру қызметін жүзеге асыра анықтау мідеттерін шешуге ғанабағытталмаған.
Бұл орайда анықтау кылмыстың алдын- ала тергеу нысаны ретіде түсіднріледі, аныктау түсті органдармен лауазымды адамдардын қылмыстык іс жүргзу заңына негізделген қызметінен көрінеді, ол қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қарауға және шешуге, қылмысты, істі козғауга.
Ол бойынша тергеу жүргзуге, тергеушілердің тапсырмасы бойынша іздестіру және тергеу іс қимылдарын жүзеге асыруға, сондай-ақ қылмыстарды болғызбау жөніде шаралар қабылдауға бағытталган.
Осыған байланысты жедел іздестіру қызметінің мазмүнынык маңызы аз емес. «Жедел іздестіру қызметі туралы» Заңның І бабында белгіленгендей «жедел, іздестіру қызметі — азаматтардың өмірін, денсаулығын, кұқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті корғау» шет-мемлекеттер мен халықаралык ұйымдардың арқаулы қызметтерін қылмыстық қол сұғыуынан, сондай-ақ барлау — бүлдіру әрекетінен коғам мен мемлекет кауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдар» өз кұзіреті шегінде Қазакстан Республикасының Конституциясына, осы Заңына Қазакстан Республикасының барлық басқа да заңдарымен калыптастық құжаттарына сәйкес жүзеге асыратын жария және жасырын жедел — іздестіру, ұйымдык және басқару шараларынын ғылыми негізделген жүйесі.
Жедел іздестіру қызметінін заңды түрде бекітілген үғымына түсінік беру оның дәстүрлі доктриналық түсінігімен сәйкес келмейді.
Мәселен, А.Н: Василев, жедел іздестіру қызметінің мазмүнына мы-нандай ұғым береді: белгілі бір адамдар мен объектілерді бакылау, жария және жария емес кездерден мәліметтер жинау, іздестіру, торуыл жене бе-кеттерді үйымдастыру, іздестіру иттерін қолдану, күжаттар — мен үй жай-ларды тексеру, қандай да бір оқиғасының куәгерлік анықтау жане т.б. жөніндегі арнайы іс шаралар.
Проблема мүндай көзқарасты Р.С. Белкин де колдайды. Ол былай деп түсіндіреді: «Жедел іздестіру кызметі дегенміз процессуалдык-емес аныктау органдарының дайындалып жаткан немесе жасалған қылмыстарды анықтауға кылмыскердің тұлғасы мен тұрғылыкты орны, онын байланыстары туралы мәліметтер жинауға, объектілердід дәлелдеу акпаратының ықтимал иелері белгілеу жәнеолардың амандығын камтамасыз етуге бағытталған іс кимылы». Сонымен, дәстурлі түсіндіру кезінде .анықтау мен жедел Іздестіру кызметін жүзеге асыратын субъектілерінң тізбесі сәйкес келіп қана қоймайды, сонымен бірге жедел. Іздестіру қызметі, мен жедел Іздестіру ісшараларының ұгымдарын Ішінара қосып жіберуге жол беріледі.
Жоғарыда айтылғандардан мынандай кортынды туындайды: жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын субъектілердің бәріне де анықтау жүргзу құқығы берілмеген, қылмыстық іс жүргізу заңында аныктау органдары ретінде тіркелгендері ғана осындай міндетті жүзеге асыра алады. Бүл жағдайдын қылмыстык сот ісін жүргзу максаттары мен міндеттері үшін ғана алынатын іс жүргзушілік емес акпаратты, әскери барлау, экономикалық және корғаныс әлеуметтік нығайту мақсатында -жиналатын өзге де іс жүргзушілік емес ақпаратты, әскери барлау, экономикалық және корғаныс әлеуметтік нығайту максатында жиналатын өзге де іс жүргізушілік емес ақпараттан саралау қажетілігіне байланысты маңызы бар.