Жедел — іздестіру қызметі жүзеге асырушы органның іс-әрекеті жөнінде жоғары тұрған органға, не прокуратураға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін. Қылмысты әзірледі немесе жасады деген кінәні заңмен белгіленген тәртіпте дәлелденбеген адам жедел іздестіру кызметін жүргізуші органнан немесе мемлекеттік немесе басқа да заңмен қорғалатын құпияны жария етуге жол бермейтіншекте өзін тексеру үшін негіз болған және өзіне қатысы бар хабарламалардың сипаты туралы мағлұматтарды талап етуге құқылы.
Жедел — іздестіру қызметін жүзеге асырушы органның арызданушыға қажетті мағлұматтарды беруден бас тартуы туралы шешім негізсіз деп танылған ретте, судья өзінің дәлелді үйғарымымен, ал прокурор ескертуімен аталған органды осы баптың 3 тармағында көзделген мағлұматтарды арызданушыға беруге міндеттей алады.
Шағымды толық және жан-жақты карауды қамтамасыз ету мақсатында прокурордың немесе судьяның талап етуі бойынша жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдармен құпия негізде қызмет атқарушы немесе қызмет атқарған азаматтардың жеке басы туралы мағлұматтардан басқа барлық жедел-іздестіру қызметтік құжаттар беріледі.
Жедел-іздестіру қызметінің осы заңмен белгіленген міндеттерін орындау кезінде оны жүзеге асыруға мүмкіндік берілген органдар өздерінің қарауындағы қылмыстық істер бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізу жөнінде тергеушінің жазбаша тапсырмаларын, прокурордың нұсқауын, сондай-ақ соттың үйғарымын орындауға міндетті.
Жедел іздестіру шараларын жүргізу үшін өздерінің қарауындағы қылмыстық істер бойынша тергеушінің жазбаша тапсырмалары және прокурордың нүсқаулары, сондай-ак соттың үйғарымдары негіз болады.
Ал енді жедел — іздестіру шарттарына келсек, заңмен қорғалатын хат жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф хабарлары мен почта жөнелімдері кұпиясын, сондай-ак түрғын үйді қол сұғудан корғау құқығын козғайтын жедел — іздестіру шаралары тек ауыр және ерекше ауыр кылмыстарды. Сондай — ақ қылмысты топтар әзірлеп жатқан және жасаған кылмыстарды анықтау, алдын алу және ашу үшін прокурордың мақсатымен гана жүзеге асырылады.
Мұндай шараларды жүргізуге рүқсатты жедел іздестіру қызметін жүргізуші органдардың қаулысы бойынша Қазакстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасардары, республиканың әскери прокуроры, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар береді.
Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шет мемлекеттер мен шетел үйымдарының арнаулы кызметтерінің барлау -бүлдіру мақсатында қол сүғушылықтан анықтау, алдын алу және болдырмау мақсатында тек кана барлау хабарламасын алу үшін осы баптың 4 тармағында көрсетілген жедел — іздестіру шаралары Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісілген тәртіппен жүзеге асырылуы мүмкін.
Жекелеген адамдардың өміріне, денсаулыгына, меншігіне қауіп төнген жағдайда, олардың өтініші немесе жазбаша келісімі бойынша жедел іздестіру кызметін жүргізуші орган басшысы бекіткен қаулы негізінде, жиырма төрт сағаттың ішінде міндетті түрде прокурорды хабардар ете отырып, олардың телефондарынан немесе баска да сөйлесу қүралдарынан жүргізілген сөйлесулерді тыңдауға рүқсат етіледі.
Кейінге қалдыруға болмайтын және террорлық әрекет, бүлдіру және басқа да ауыр қылмыстар жасауға әкеліп соғуы мүмкін жағдайларда жедел — іздестіру кызметін жүргізуші тиісті орган басшыларының бірінің дәлелді қаулысы негізінде прокурорды хабардар ету және соңынан жиырма төрт сагаттың ішінде рүксат алу аркылы осы баптың 4 тармағында көрсетілген жедел — іздестіру шараларын жүргізуге жол беріледі.
Осы баптың 4 тармағында көрсетілген жедел — іздестіру шараларын жүргізуге рүқсат алу кезінде прокурорға жедел — іздестіру кызметін жүзеге асырушы органдармен құпия негізде қызмет жасаушы немесе кызмет жасаған азаматтардың жеке басы туралы маглұматтар құпиясын ашуға мүмкіндікбермейтіннысандажәнемазмұндаолардыжүргізуге негізделген материалдар тапсырылады.
Жедел-іздестірушараларынтоқтату негіздеріне келсек, жедел іздестіру қызметін жүргізу арқылы шешу көзделген міндеттер орындалған ретте:
— алға қойылған міндеттердің шешілуі объективті түрде мүмкін
еместігін растайтын жағдайлар аныкталған ретте;
— тексерілгенадамдаҚазақстан Республикасының заңдарында
көзделген негіздер бойынша жауапқа тартуға болмайтын жағдайлар
анықталған кезде тоқтатылады.
Жедел — іздестіру шаралары жедел — іздестіру кызметін жүзеге асырушы органдардың калыптық құжаттарында көзделген мерзімде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімімен жүзеге асырылады, тоқтата түрады, тоқтатылады.
Жедел — іздестіру қызметі қадағалауда, жедел — іздестіру қызметінде заңдардың орындалуын қадағалауды Қазакстан Республикасының Бас Прокурорының және оған бағынатын прокурорлар жүзеге асырады.