- Сақтандыру шартынан жарамсыздығы және жарамсыз деп тану.
Мәмілелер жарамсыздығының кодексте көзделген жалпы негіздемесінен басқа, сақтандыру шартты мына жағдайларда, егер;
- Шарт жасасу кезінде сақтандыру обьектісі болмаса;
- Құқыққа қарсы мүдделер сақтандыру обьектісі ретінде әрекет етсе;
- Соттың заңды күшіне енген тиісті шешімнің негізінде тіркіленуге жататын мүлік не қылмыстық жолмен алынған немесеқылмыстың нысаны болып табылатын мүлік сақтандыру обьектісі болып табылса;
- Басталу мүмкіндігі мен кездейсоқтың белгілері жоқ және шарттың қолданылуы шегінде амалсыз әрі нақты болуға тиіс оқиға сақтандыру жағдайы ретінде көзделсе, бұл туралы тараптар немесе кем дегенде, сақтанушы алдын ала білген болса;
- Сақтанушы шарт жасасу кезінде заңсыз пайда табуды алдын ала мақсат еткен болса, оның ішінде сақтандыру жағдайы басталған соң шарт жасалса.
- Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты сақтанушыдан басқа тұлғаның мүдделері немесе пайдасы үшін жасалған болса;
- Шарт бойынша жауапкершілікті сақтандырған кезде сақтанушыдан басқа адамның жауаптіліқ тәуекелі сақтандырылған болса;
- Сақтандырылған адамның келісімі міндетті болып табылатын жағдайларда, оның келісімі болмаса;
- Шарттың жазбаша нысаны сақталмаса жарамсыз деп танылады.
Міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде сақтандырудың жекелеген түрлеріне қатысты шартты жарамсыз деп танудың басқа да негіздерін қолдану көзделуі мүмкін.
Сақтандыпу шарты жарамсыз деп танылған жағдайда сақтандырушы сақтандырушыға алған сақтандыру сыйлықақыларын не сақтандыру жарналарын қайтаруға, ал сақтанушы (пайда алушы) сақтандырушыға одан алған сақтандыру төлемін қайтаруға міндетті.
Егер шарт сақтандырушының заңсыз іс-әрекеттерінің салдарынан туындаған негіздер бойынша жарамсыз деп танылса ол туралы сақтандырушы шарт жасалған кезде, оны орындау процесінде де білмесе және білуге тиістіболмаса, сақтандырушы шыққан шығындарды шегрее отырып, сақтанушыға шарттың аяқталмаған мерзімі үшін сақтандыру сыйлықақыларын не сақтандыру жарналарын қайтарады, ол егер сақтандыру төлемі жүргізілген жағдайда оның төленген соманы қайтаруды талап етуге құқығы бар.
Сақтандырушыға сақтандыру төлемінен бас тартуды негіз беретін себептер бойынша сақтандыру шарты жарамсыз деп танылған жағдайда нақ сондайсалдар туындайды.
- Сақтандыру шарты мерзімінен бұрын мына жағдайларда тоқтатылуы мүмкін:
- Егер сақтандыру обьектісі өзінің болмысын тоқтатса.
- Оны ауыстыру орын алмаған кезде сақтанушы болып келмейтін сақтандырылушы сақтанушы болып келмейтін сақтан дырылған тұлғаның өлімі жалпы ереже бойынша шарт міндеттер мен құқықтарының пайда алушылардан басқа тұлғаларға ауысуына әкелмейді.
Егер сақтандырылушымен бірге шартта тұлғалардың аталған санаты қатыспаса, онда сақтандырушылардың өлімі бірдей шарттың тоқтатылуына әкеледі.