- Сақтандыру құқықтық қатынастары ретінде сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы қоғамдық қатынас түрінің бірі болып саналатын сақтанушы сақтандырушыға сақтану төлемдерін дер кезінде төлеуге, ол сақтандырушы сақтану жағдайы туындаған кезде заңмен немесе келісім шартпен белгіленген сақтандыру сомасын өндіріп беруге міндетті қатынастарды түсінуге болады.
Сақтанушы – сақтандыру төлемдерін төлеп тұрған, сақтандыру жағдайы бастылған бойда заң немесе келісім негізінде ақша сомасыналатын жеке немесе заңды тұлға.Сақтанушы анық бір сақтандыру мүдделеріне ие болады. сақтандыру мүдделері арқылы сақтанушы мен сақтандырушы арасында нақты қатынастар жүзеге асады. Сақтанушы, егер ол халықаралық сақтандыру рыногында шықса, көп мағыналы(полис ұстаушы) дептп аталады.
Сақтандыру құқықтық қатынастарының тараптары – сақтанушы және сақтандырушы.
Сақтанушыға кооперативтік, заңды және жеке (шетел азаматтарын қосқанда), сақтандыру шартын жасаған тұлғалар: кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, сондай-ақ жекелеген азаматтар жатады.
Сақтандырушы – қандай да бір мүдделі сақтандыратын тұлға, ол сақтандырушыға белгілі сақтандыру сомасын төлейді.
Жеке азаматтарда, заңды тұлғаларда сақтанушы бола алады.
Азаматтың сақтанушы болу мүмкіндігі ол туылғанда пайда болады және оның қайтыс болуымен тоқтатылады.
- Сақтандырушы — сақтандыруды жүргізетін ұйым (заңды тұлға). Ол залалдың орнын толтыратын немесе сақтандыру сомасын төлейтін міндеттерді қабылдайды, және де ол сақтандыру практикасында сақтандырушы ретінде андер- райтер терминінде қолданады. сақтандырушы сақтанушымен нақты қатынастардыа болады.
Сақтық келісім шарттарының жасауға және сақтық операцияларының қабілеттілігіне жетуге ынталы тараптардың өзара іс қимылы сақтың рыногында жүргізіледі.
Сақтық рыногы дегеніміз ақша қатынастарының сферасы, олда сатып алу – сату обьектісі «ерекше тауар» -сақтық қызмет болып табылады және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасады.
ҚР сақтық рыногының қатысушылары мыналар болып табылады: сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы; сақтық брокері; сақтық агенті; сақтанушы, сақтандырушы, пайда алушы; актуарий; уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор); өзара сақтандыру қоғамы; сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметі жузеге асыратын өзге де заңи және жеке тұлғалар.
Сақтық ұйымдары таратылған жағдайда сақтық ұйымдары, сақтанушыларға (сақтандырушыға, пайда алушыларға) сақтық төлемдерін жузеге асыруға кепілдік беретін қор құруға құқылы. Жұртқа мәміле, Сақтық төлем ақыларын кепілдендіру қоры құрылған.
Мемлекет ҚР укіметі арқылы ғана сақтың (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшысы және акционері бола алады.
Сақтандыру қатынасының 2-ші субьектісі – сақтандырушы деп аталады.
Сақтандырушы мынадай белгілерге ие болуға тиіс.
- Сақтандыру әрекеттері жүргізуге рұқсат алған арнайы заңды ұйым болуға тиісті.
- Мемлекеттік тіркеуден өтуі қажет.
- Сақтандыру әрекеттерін жүргізу үшін лицензиясы болуы тиіс.
Сонымен сақтандырушы дегеніміз – сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған соманың (сақтандыру сомасының) шегінде сақтандыру шығындарын өтеуге міндетті тұлға.