Сақтандыруқұқығы – құқықтық реттелудің 2 әдісін қолданады:
— Императивті
— Диспозитивті
Императивті әдіс бойынша – заңды талаптардан ауытқуға жол берілмейді.
Диспозитивті әдіс бойынша – құқықтық қатынасқа қатысушыларға белгілі бір еркіндік беріледі. Яғни, олар өзара келісе отырып, өздеріне берілетін құқықтар мен міндеттерді анықтайды.
Сақтандыру құқығының жүйесі: жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады.
Жалпы бөлім мынадай қатынастарды реттейді: сақтандырудың түрлерін және заңды формаларын, сақтандыру әрекетінің мемлекеттік реттелуін анықтайды.
Ерекше бөлім – сақтандырудың жеке түрлеріне арналады.
Сақтандыру құқығының негізгі қайнар көздері:
ҚР –ның Конституциясы, ҚР Президентінің «Сақтандыру туралы» жарлығы, ҚР Азаматтық кодексі.