БАЛА ТУУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖӘРДЕМАҚЫ

  1. Бұл жәрдемақы бала туған кезде берілетін бір жолғы ақшалай соманы білдіреді. Ол отбасының бала туған кездегі қосымша шығындарын жабуға бағытталған.

Бала тууға және (оны асырап алуға) кұкылы түлғалар

Бала тууға (оны асырап алуға) байланысты жәрдемақы алу құқығын ата-аналарының бірі немесе олардың орнындағы тұлғалар иеленеді. Екі немесе одан да көп бала туған жағдайда жәрдемакы әрбір балаға бөлек беріледі. Өлі бала туылған жағдайда аталған жәрдемақы тағайындалмайды.

Жәрдемақы тағайындау үшін қажетті құжаттар

Жәрдемақыны тағайындау үшін негіз болып келесі құжаттар табылады:

1) жәрдемақы тағайындау туралы өтініш;

2) АХАЖ органдары берген туу туралы куәлік;

3) егер ата-аналары жұмыс істесе немесе оқу оқыса, онда жұмыс (оқу) орнынан мұндай жәрдемақының тағайындалмағаны туралы анықтама беріледі.

Ата-анасының орнын алмастырушы тұлғаның бала тууға байланысты жәрдемақы тағайындау туралы өтінішіне балаға қорғаншылық немесе қамқоршылықты тағайындау туралы шешімнің үзіндісі бірге ұсынылады.

Әлеуметтік қамсыздандыру органдарына бала туған күннен 12 айдың ішінде бала тууға байланысты жәрдемақы тағайындау үшін жолдану қажет.

Бала тууға байланысты жәрдемақының мөлшері

Бала тууға байланысты жәрдемақының мөлшері 15 айлық есептік көрсеткішке тең келеді.