ЗЕЙНЕТАҚЫЛАР. ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

  1. Зейнетақы –бұл тұлоғаларға заңдарда белгіленген жасқа толған жағдайда, сонымен қатар еңбек сіңрген жылдары үшін, мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айырылған жағдайда Орталықтан немесе жинақтаушы зейнетақы қорларынан өмір сүрудың негізгі көзі ретіндегі ақша қаражатын ұзақ мерзімге ай сайын төлеу.

 ҚР зейнетақылардың келесі түрлері төленеді:

  1. еңбек зейнетақылары
  2. әлеуметтік зейнетақылар

Еңбек зейнетақылары, өз кезегінде, келесі түрлерге бөлінеді:

  • жасына байланысты зейнетақылар
  • мүгедектігі бойынша зейнетақылар
  • еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылар
  • асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылар

Жасына байланысты еңбек зейнетақысы және мүгедектігі бойынша еңбек зейнетақысы екі бөліктен тұрады: негізгі және жинақтаушы.

Еңбек зейнетақысы –бұлазаматтарға жалақысын немесе өзге де табысын өтеу мақсаттарында төленетін аы сайынғы ақшалай төлем. Еңбек зейнетақысына қатысты құқық зейнетақы заңдарының шарттарымен және нормалары мен анықталады.

Еңбек зейнетақысына қатысты құқықты ҚР азаматтары ҚР “ҚР –да зейнетақымен қамсыздандыру туралы” заңның шарттарын сақтаған жағдайда иеленеді.

Жоғарыда аталған азаматтардың отбасыларының еңбекке жарамсыз мүшелері заңдарда көзделген жағдайларда асыраушысынан айырылуына байланысты еңбек зейнетақысына құқықты меленеді.

Егер заңдарда және хаықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар да зейнетақы алуға құқылы.

ҚР заңдарына сәйкес әртүрлі зейнетақылар алуға құқығы бар азаматтарға олардың таңдауы бойынша бір зейнетақы тағайындалады.

Зейнетақы төлемдерін төлеудің жалпы ережелері. Орталықтан зейнетақы төлемдерін өткен ай үшін төленеді. Зейнетақының мөлшері өзгеруі мүмкін. Зейнетақы мөлшерінің көтерілуіне құқық туындаған жағдайда, сонымен қатар оның мөлшерін жоғарлату не азайту туралы шешім қабылданған жағдайда зейнетақының жаңа мөлшерін төлеу зейнеткерге зейнетақының мөлшерін көбейту туралы арызына барлық қажетті құжаттарды ұсына отырып берген айынан кейінгі келесі айдың бірінші күнінен бастап төленеді. Зейнетақының мөлшері азайтылған жағдайда зейнетақының жаңа мөлшері тиісті жағдайлар туындаған айдан кейінгі келесі айдың бірінші күнінен бастап төленеді.

  1. Зейнеткер уақытылы алмаған зейнетақы бүкіл өткен уақыт үшін, алайда зейнетақы алу үшін жолданғаннан 3 жыл бұрынғы уақытқа ғана төленеді.

Егер зейнетақы әлеуметтік қамсыздандыру органдарының кінәсі бойынша да бір мерзіммен шектелместен төленеді. Зейнетақы төлемдері нотариат куәландырған сенімхат бойынша төленуі мүмкін.

Зейнеткер қайтыс болған жағдайда оның өліміне орай алынбаған зейнетақы төлемдері зейнеткердің мұрагерлеріне жалпы негіздер бойынша төленеді. Қайтыс болған зейнеткердің жерлеуін ұйымдастырған оның отбасы мүшелеріне жерлеуге қатысты ақша олар мұрагерлікті қабылдаған кезде төленеді.

  1. Зейнетақы тағайындау кезіндегі қателіктер салдарынан артық төленген сомаларды зейнетақы төлемдерін алушының өтініші негізінде

Ұстап қалатын жағдайлардан, сондай-ақ сотталғандардың, бас бостарнығынан айырылғандардың табысынан ұстап қалатын жағдайлардан басқа, зейнетақыдан ұстап қалу атқарушылық іс жүргізу тәртібімен жасалуы мүмкін.

Зейнетақыдан ұстап қалу төленуге тиісті сомадан жасалады. Зейнетақыдан төленуге тиісті соманың 50 % -тен астамын ұстап қалуға болмайды.

 Зейнетақылық қамсыздандыру құқығы келесі тұлғаларға тиесілі:

  • ҚР азаматтары
  • Азаматтығы жоқ тұлғалар
  • ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдік азаматтарға
  • Отбасына

Орталықтан зейнетақы төлемдері өмір бойына тағайындалады және төленіп отырады.