Экономика ғылымы екі басты бөлімнен тұрады: макроэкономика және микроэкономика. Микроэкономика – фирмалар, үй шарушылықтары, үкіметтік агентіктер сияқты шағын бірліктер жасайтын таңдауларды зерттейтін экономикананыңбөлімі. Макроэкономика – экономиканың инфляция, жұмыссыздық, экономикалық өсу секілді ірі масштабты экономикалық құбылыстарын зерттейтін бөлігі.
Макроэкономика экономиканы бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы іс-әрекеттерді біріктіріп жалпылай қарастырады. Белгілі бір уақыт аралығында кейбір фирмалар өндірген өнімдеріне бағаны өсіреді, кейде төмендетеді. Бағаның жиынтық өзгерісін талдау кезінде зерттеушілер көптеген баға өзгерістерінің ішінен орташасын алады. Бағаның экономикадағы жиынтық динамикасын өлшеу үшін баға индектсі қолданылады. Макроэкономиканың негізгі мақстаы жеке фималар мен жұмысшылардың дамуын қарастыру емес, экономиканың жиынтық беталысын талдаудан тұрады. Макроэкономикадағы жалпы ұлттық өнім, қор жинағының нормасы, тұтыну баға индексі, инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгеі және өндіріс көлемінің өзгері қарқындылығы секілді көрсеткіштер экономиканың бір бөлек элементін ғана қарастырмайды, олар экономиканыңдамуының беталысын зерттеуге мүмкіндік береді.
Макроэкономика ғаламдық мәселелерді де зерттейді. Белгілі бір уақыт аралығындаұлттық экономиканың байлығы өсті ме, әлдекеміді ме? Қарастырып отырған мемлекеттегі халықтың қор жинағының мөлшері қандай? Неге кейбір мемлекеттерде инфляция бар, ал бағы тіреулерінде ол жоқ? Міне, осындай және тағы басқа да сұрақтарға макроэкономика жауап береді.
Экономикалық өсу халық саныныңартуы және техникалық прогресс сияқты салыстырмалы тұрақты факторлар әсерінің нәтижесі болып табылады. Осы факторлардың ұзақ мерзімдегі динамикасы әлеуітті өндіріс көлемінің динамикасын анықтайды. Ал қысқа мерзімді экономика осы негізгі траекториядан ауытқып отырады. Сол себепті тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшіносы циклдік толқуларды басқарып отыру қажет.
Ресуртардыңтолық пайдаланылуы және экономиканыңифляциясыз өсуі мақсатында экономикалық циклдерді басқару макроэкономикалық саясат арқылы жүзеге асырылады. Макроэкономикалық саясат бюджет — салық немес қазыналық және ақша – несие немесе монетарлық саясаттан тұрады. Бюджет – салық саясаты сыртқы саудада, тек қана үкімет арқылы, ал ақша – несие саясаты Орталық банк арқылы жүзеге асырылады. Осы қазыналық, монетарлық саясаттардың көмегімен мемлекет ішкі және сыртқы макроэкономикалықтұрақтылық орнатуға және оныұстап тұруға тырысады. Кез келген мемлекет экономикасы үшін макроэкономикалық саясатын қатесіз анықтау, онытаңдалған бағытта дұрыс жүргізу ең өзектіде басты мәселе болып табылады.
Макроэкономика териясының негізі ретінде микроэкономика теориясы пайдаланылады. Микроэкономика пәні – үй шарушылықтары мен фирмалардың берілген экономикалық шарттарды шешім қабылдау және сол “берілген ” шарттарды өзара қызметтері арқылы қалыптастыру механиздері болып табылады. Микроталдауда тұтынушылардың табысы тек берілген өлшем ретінде қарстырылады да, негізгі назарүй шаруашылықтарының шығындары әр түрлі тауарлар мен қызметтер арасында бөлінуіне аударылады. Ал макроталдауда, керісінше, басты назар жиынтық табыс, жиынтық шығын, қолда бар табыс, тұтыну және тағы сол сияқты ірі, бөлшектелмеген көрсеткіштерге аударылады.Пайыздыңнарықтық мөлшерлемесі, инфляция, жұмыссыздық сияқтымакроэкономикалық фактор үй шаруашылықтары мен фирмалардың қор жинау, инвестиция, тұтыну шығындары секілді қабылдайтын шешімдеріне әсерін тигізеді де, ал олар өз кезегінде жиынтық сұраныстың көлемі мен құрылымын анықтайды. Микро жәнемакроэкономикалық үрдістер өзара тығыз байланыста болады. Жоғарыда айтылғанды ескере отырып,макроэкономикалық талдауды үш кезеңге бөлеміз:
1 – кезеңде фирмалар мен үй шаруашылықтарының шешім қабылдауының зерттеушілер теория деңгейінде қарастырады. Содан соң микроэкономикалық құралдарды пайдаланып, формаларды әртүрлі экономикалық жағдайларға байланысты қарастырады;
2 – кезеңде фирмалар мен үй шаруашылықтарыныңжиынтық шешімдерін қарастыра отырып, жалпы экономикалық беталыстарталдауға түседі. Бұл кезеңде агрегаттталған, іріленген шамалар қолданылады. Мысалы, бір бір ғана фирманың өнімі емес, ЖҰӨ; жеке банктік пайыз мөлшерлемесі емес, нарықтық пайыз мөлшерлемесі;
3 – кезеңде макроэкономикалық ақпартты талдау және жинауарқылы теорияның нақтымағынасы қарастырылады. Макроэкономика – макроэкономикалық теория мен агрегатталғанақпараттардың ортасындағы байланысты нысандық тәсілмензерттеуді қарастыратын ерекше ғылым.
Макроэкономикалық талдау жәнесаясат тығыз байланысты. Өйткені үкіметтің қолында экзогенді айнымалылардың бірқатарлары бар. Егер макроэкономика жеке оқиғалардыңэкзогенді оқиғалармен немесесаяси шешімдермен байланыстыларынқарастырса, онда ол позитивті экономикалық талдауболады. Позитивті талдау да экономикалық саясаттығы, экономикалық шарттардағы өзгерістерді өндіріс, сауда – саттық, баға сияқты факторлардың өзгеруімен түсіндіругетырысады. Осы позитивті экономикаарқылы экономист “егер… болса, онда … болады” деген секілді тұжырымдар жасайды. Содан кейін бұл тұжырымдар фактілермен сандарменсалыстырылу арқылырасталуы немесе жоққа шығарылуы мүмкін. Позитивті талдау нақұты фактілермен,сандармен, тәелділіктермен жұмыс жасайды. Позитивті талдау қортынданыңжақсы – жамандығына баға бермейді.
Талдаудан шыққанбалама қорытындылардың қайсысысалыстармалы түрдебағалылырақекенін білу үшін оларды бағалау қажет. Балама шешімнің негізгі шешімменсалыстырғанда қаншалықты дұрыс не теріс екеніннормативті экономикалық талдау бағалайды. Нормативті талдауды не болуы мүмкін деген сұраққасалыстырмалы түрде дұрыс жауап алу үшінқолдануға болады. Нормативті тұжырымдартек кеңес береді.Бұл тұжырымдар көбінесемынадай түрде болады: “мынандай шараларды жүзеге асырған дұрыс”, “осындайсаясатты жүргізу оңды болады”. Мысалға; “Еркін сауданы шектейтін саясат тоқтатылғаны дұрыс” деген тұжырымда еркін сауданыңболуының дұрыстығы жағдайындапікірқорытылады. Нормативті талдаудан шыққантұжырымдарды фактілермен растау немесежоққа шығару қиын, себебі олар негізінен болжам түріндеемес, бұйрық түрінде болады. Сондықтаннормативті талдау нақты экономикалық шарттардың, экономикалық саясаттың жақсыне жаман екендігі туралы қорытындышығаратын экономикалық талдау деп. айтсақ та болады.