Дәлелдемелердің қатарына заң сарапшысының қорытындысын да жатқызады (ҚІЖК-нің 120-бабы).
“Сарапшы қорытындысы” деген терминнің екіжақты мағынасы бар: біріншіден, ол сот дәлелдемесінің түрі, екіншіден, ол, осы дәлелдеме баяндалған іс жүргізу актісі.
Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес сарапшы қорытындысы – ол осы заңда көрсетілген жазбаша нысанда ұсынылған,қылмыстық процесті жүргізуші орган немесе тараптарсарапшының алдына қойған мәселелер бойынша көрсетілген объектілерді зерттеуде арнаулы ғылыми білімін пайдалана отырып жүргізілгеннәтижелерге негізделген қорытындылар. Қорытындыда сарапшы зерттеу кезінде қолданған әдістер, қойылған мәселелерге жауаптардың негіздемесі, сондай-ақ іс үшін маңызы бар және сарапшының өз бастамасы бойыншаанықталған мән жайлар көрсетіледі. Сарапшының ауызша түсініктемесі ол бұрын берген қорытындынытүсіндіруі бөлігінде ғана дәлел болып табылады. Сарапшының қорытындысы қылмыстық процестіжүргізуші орган үшін міндеттіболып табылмайды, алайда оның қорытындымен келіспеушілігі дәлелді болуы тиіс.
Заң іс бойынша дәлелдеме ретіндегі сарапшы қорытындысының мына ерекшеліктеріне аса назар аударады:
- қорытындының ҚІЖК-нің 251-бабында белгіленген міндетті жазбаша нысаны болады. Сарапшыдан жауап алу барысындағы оның ауызша жауаптары қорытындыны түсіндіреді, бірақ оны ауыстыра алмайды;
- дәлелдеме ретінде сарапшының қорытындысына оның тұжырымдарымен бірге, сараптама жүргізудің негіздерін, тапсырмаларды, зерттеу барысы мен сарапшы тұжырымдарының негіздеуі сипаттамалары да кіреді. Сонымен, сарапшы қорытындысы тек қойылған сұрақтардың жауаптарывнтұжырымдаумен ғана бітпейді. Зерттеулерді сипаттаудың болмауы қорытындыны дәлелдемелік мәнінен айырады;
- қорытынды берілгеннен кейін сапаршыдан жауып алу жүргізу жағдайында, тіптен арнаулы ғылыми білімдерге негіздерсе, одан алынған өзге мәліметтер емес, алдында берілген қорытындыны түсіндірулер дәлелдеме болып табылады. Сарапшыдан жауап алу барысында оған қойылған сұрақтарға сарапшының жауаптарықорытындының құрамдас бөлігі болып табылады;
- сарапшының қорытындысы қөылмыстық процесті жүргізуші орган үшін міндетті болып табылмайды, сондықтан қорытындыға сыни емес көзқарастан көрінетінмүмкін болатын қателерді болдырмауға назар аударылады. Алайда, ҚІЖК-нің 25-бабы 2-бөлігіне сәйкес ешқандай дәлелдеменің күні бұрын белгіленген күші болмайды дегенге қарамастан, қылмыстық процесті жүргізуші орган тиісті дәлелсіз сарапшының қорытындысын қайтара алады.
Қолданыстағы дәлелдемелердің жіктеушілігі тұрғысынансарапшының қорытындысынталдай отырып, ең алдымен, бұрынғынегіздемелеріне қарағанда, әрдайым жаңа нақты деректер болып тұруы керек. Сарапшының қорытындысы зерттелетінматериалдардың мазмұнын қайталамайды және іс бойынша жаңа длелдеме болып табылады. Бұл жерде, сарапшының қорытындысы туынды дәлелдеме емес, бастапқы дәлелдеме болатындығын айту керек.
Сарапшының қорытындысы айыптау, сонымен бірге дәлелдемесі болып қызметатқара алады, өйткені сарапшы тұжырымдары субъектінің кінәсін растауы да немесе оның қылмысқа қатыстылығын растамауыда мүмкін.
Дәлелдеме тақырыбына қатыстылығына байланысты сарапшы қорытындысыіс бойынша тікелей немесе жанама дәлелдеме болады. Көп жағдайларда қорытындыжанама дәлелдеме болады, алайда бірқатар жағдайларда ол тікелейдің қатарына жатқызылуы мүмкін. Көбінде ол сот-медициналық сараптама саласындағы қорытындыларға қатысты болады.
Істің нақты мән-жайларын анықтау үшін сарапшының қорытындысын пайдаланукезінде тергеу және сот практикасының елеулі кемшліктеріітегі бар қорытындылардыпайдаланбау не оларды тиісінше пайдаланбау болып табылады.
Қорытындыларды тиісінше пайдаланбау әр түрлі нысандардакөріні мүмкін:
- үкімде және басқа да іс жүргізу актілерінде қорытындыны дұрыс түсіндірмеу (мысалы, тектік (топтық) қатыстылық тужырым жеке тепе-тендік туралы тұжырым ретінде, ихтималды нысандағы тұжырым кесімді тұжырым ретінде баяндалады);
- қорытындыны толық пайдаланбау – сарапшының бір тұжырымдарыда ескеріледі де, екіншілері еленбей қалады;
- сарапшының анықтаған фактілерін дұрыс түсіндірмеу.
Сараптамашылық зерттеудің сатылары
Сарапшының қорытындысын анықтаушысы, анықтау органы, тергеуші, прокурор, судья дәлелдемелерді жан-жақты, толық және объективті қарудың жиынтығына негізделген өздерінің ішкі сенімдері бойынша, заң мен ар-ожданды басшылыққа алып, дәлелдемелерді бағалаудың жалпы ережелері бойыншабағалайды (ҚІЖК-нің 25-бабы 1-б.).
Сарапшының қорытындысы іс бойынша басқа дәлелдемелер бағаланатын негіздерде бағаланады. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретіндегі сарапшы қорытындысын бағалауғаіс бойынша оның қатыстылық, жол берушілік, сенімділік және дәлелдемелік маңызын анықтау кіреді.
Егер нақты деректер іс бойынша маңызы бар мән-жайлардың өмір сүруі туралы тұжырымдарды растайтын, растамайтын немесе күмән келтіретін болса, дәлелдеме іске қатыстыдеп танылады. Сарапшы қорытындысының қатыстылығы әдетте күмән тудырмайды, өйткені ол ең бастан қылмыстық процесс шеңберінде қалыптастырылады. Бұл жағдайда бағалау, негізінде, сараптама объектілерінің қатыстылығын, сондай-ақ сарапшының өзінің бастамасы бойынша жасаған тұжырымдарын тексеруге бағытталуы тиіс.
Жол берушілік – ол оны нақты деректердің (мәліметтер, ақпараттар) заңдыкөздері тұрғысынан, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу заңына көзделген тәртіпте, осындай көздерде болатын нақты деректерді алудын тәсілдері мен бекіту нысандарын сипаттайтын дәлелдеме қасиеті.
Сонымен, егер дәлелдеме Қазақстан Республикасыныңқылмыстық іс жүргізузаңында белгіленген тәртіптеалынған болса, оған жол беріледі деп танылады.
Дәлелдеме ретіндегі жол берушілікке төрт критерий кіреді:
- дәлелдемелерді алуға бағытталған іс жүргізу әрекеттерін жасауға құқықты тиісті субъект;
- дәлелдеме мазмұнынан құралған … нақты деректердің тиісті көзі;
- дәлелдемелерді алу үшін пайдаланылатын тиісті іс жүргізу әрекеті;
- дәлелдемелерді алу үшін пайдаланған іс жүргізу әрекетінөткізудің тиісті тәртібі.
Сондай-ақ сарапшы қорытындысын бағалау туралы мәселе адам құқығынсақтау тұрғысынан сарапшы пайдаланған арнайы әдістер мен әдстемелерге жол берушілік проблемасымен байланысты. Бұл жерде объекті ретінде адам болатын сараптама түрлері жайында сөз болып отыр.