- Сот сараптамасы процесуалдық құқықтың институты ретінде
Кең аспектіде сот сараптамасының түсінігі – ол қылмыстық процесті жүргізуші органның оны тағайындау, жүргізу,сарапшының қорытындысын бағалау деген үш сатыдан тұратын күрделі іс жүргізу іс-әрекеті.
Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес сараптама қылмыстық істі қозғау барысында, іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде, істі бірінші және апелляциялық сатыдағы сотта қарау кезіндетағайындалуы мүмкін.
Сараптаманы тағайындаудың негізі нақты және заңды(іс жүргізу) деп бөлінеді.
Сараптаманы тағайындаудың нақты негізі іс бойынша іс жүргізу барысында, бір жағынан, қылмыстық процестіжүргізуші органның қарамағында бар іс бойынша ақпаратты, екінші жағынан, оның істің мән-жайларынарнаулы ғылыми білім негізінде анықтау қажеттілігінсипаттайтын проблемалық танымдық ситуациялардың туындауы болыптабылады.
Сараптаманы тағайындаудың заңды негізіарнаулы ғылыми білімдердіпайдалануды мәселелерді шешудің қажеттілігі расталатын с материалдары болып табылады.
Заңға сәйкес сараптаманы анықтаушы, анқытау органы, тергеуші, прокурор, сот (судья) тағайындауы мүмкін. Тергеуші сараптаманықылмыстық істі қозғау сатысындажәне алдын алатергеу жүргізу кезінде тағайындайды. Анықтау органы, анықтамашы сараптаманықылмыстық істі қозғау сатысында және алдын алатергеу жүргізу міндеттіемес ол істер бойынша анықтау жүргізу кезінде (ҚІЖК-нің 64-бабы 2-б; 67-бабы; 3,5-б.), қылмытық істі қозғау туралымәселені шешу үшін оныңнәтижелері қажет болған жағдайлардапрокурор тағайындауға құқылы (ҚІЖК-нің 197-бабы 1 бөлігі 1-тармағы). Сот сараптамасын бірінші және апелляциялық сатыдатағайындаудың ережелері ҚІЖК-нің 354-бабы және 410-бабының 1-бөлігіне сәйкес белгіленеді.
ҚІЖК-нің 141-бабында көзделген сараптаманыміндетті тағайындау жағдайларын қоспағанда, аталған лауазымды адамдардың әрқайсысы қажетті деп танығанда сараптама тағайындайды.
Сараптама тағайындау ҚІЖК-нің 32-тарауымен көзделген тергеу әрекеті, ол заң белгілеген негіздер меншарттарды сақтағанкезде іске асырылады. Сондықтан ол тиіст қаулы шығаруды белгілейді және оның нысаны мен мазмұның ҚІЖК-нің 202-бабы және 242-бабының 1-бөлігімен реттемелейді.
Сараптаманы тағайындау туралы қаулы кіріспе, сипаттау және қара шығару бөлімдерінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде қаулының шыққан орны мен күні, оны шығарған лауазымды тұлға туралы мәлімет, сондай-ақ қаулының қандай іс бойыншашығарылғандығы көрсетіледі.
- Азаматтық және қылмыстық істер бойынша сот сараптамасынтағайындаудың негізі мен тәртібі.
Сипаттау бөлімінде істің мән-жайы, сараптаманы тағайындаудың негізі,сараптама жіберген объектілер туралы (олардың қай жерде және қашан, қандай жағдайда табылғаны және алынғаны); сарапшының қарауына ұсынылған өзге материалдар туралымәліметтер; сарапшының қорытындысы негіздеуі мүмкіністегі мәліметтер келтіріледі.
Қаулының қарар шығару бөлімінде тағайындалатын сараптама түр,сарапшының алдына қойылған мәселелер;сараптама жүргізу тапсырылған сот сараптамасы органының атауы немесе адамның тегі, сондай-ақ сарапшының қарауына берілген материалдардың тізбесі көрсетлген.
Қаулыны шығару кезінде анықтамалық әдебиеттердіпайдаланған жөн, алайда нақты қылмыстық іс бойынша сұрақтарды шынайы қажеттілігін ескермей, оларды тұтастай көшіругежол берілмейді.
Қаулыда зерттеу жүргізу үшін ұсынылатын қылмыстық ісматериалдарын міндетті түрдекөрсетілуі керек. Барлық қылмыстық істі ұсыну негізсізтоқтата тұруға әкеп соқтыратын жағдайларда, мақсатқа лайықсыз және заңмен негізделмеген. Сарапшының қарауна ұсынылатын заттар мен құжаттардың орамадағы деңгей, сондай-ақ елеулі белгілері және сипатталуы керек.
Қаулыда сараптама жөнінде айыпталушының, адвокаттың өтініштері бар /жоқтығы, олардың қалай шешілгендігі, сараптаманы жүргізу кезіндеайыпталушыныңнемесе процесті жүргізуші адамның қатысу мүмкіндігікөрсетілуі тиіс.
Алайда сараптаманы тағайындау қаулыны шығаруменшектеліп қалмайды. Қылмыстық процестің кезендеріне байланысты сараптама тағайындаудың өзіндік ерекшелігі болады және ол арнаулы қаруды қажет етеді.
Сараптамаміндетті түрде тағайындау
ҚІЖК-нің 241-бабына сәйкес сараптаманы тағайындау:
- өлімнің себептерін анықтау үшін;
- денсаулыққа келтірілген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесін анықтау үшін;
- іс үшін маңызды болып, бірақ жасы туралы құжаттар болмағанда немесе күмән туғызғанда сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің жасын анықтау үшін;
- ақыл есінің дұрыстығы немесе қылмыстық іс жүргізуде өз құқықтарымен заңды мүдделерін өз бетінше қорғауқабілеті жөнінде анықтау органы, тергеуші немесе сот күмән тудырғанда сезіктінің, айыпталушыныңпсихикалық немесе тәннің жай-күйін анықтау үшін;
- іс үшін манызы бар жағдайларды дұрыс қабылдау және олар бойынша айғақтар беру қабілетіне күмән туған жағдайда жәбірленушінің, күйнің психикалық немесе тәнінің жай-күйін анықтау үшін;
- қылмыстық заңда өлім жазасы түріндегі жаза көзделген қылмысты жасаған айыпталушының психикалық жәй-күйін анықтау үшін;
- істің өзге мән-жайы басқа дәлелдермен дәл анықталмайтын өзге мән жайларды анықтау үшін міндетті.
Өлімнің себептерін анықтау сот медециналық сараптаматақырыбына жатады. Тек мәіт болмаған жеке жағдайларда, өлімнің фактісі мен себептерін анықтау өзге өзге тергеу әрекеттері негізінде жүргізіледі.
Сот медециналық сараптаманы жүргізу тән жарақатысипатымен бірге (жаралар, көгерген, қан ұйыған жерлер), денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлық дәрежесін анықтауда да міндетті.
Адамның психикалық жәй-күйін анықтау сот психиатриялық сараптама тағайындау жолымен жүргізіледі. Ол: а) тергеуші кабинетінде, б) амбулаториялық жолмен, в) стационарлық жолмен, г) сот отырысында, д) сырттай, е) өлгеннен кейін жүргізілу мүмкін.
Сот медециналық немесе сот психиатриялық сараптаманы амбулаториялық не стационарлық зерттеу жолымен жүргізу тәсілін сарапшының (сарапшылардың) пікірін ескере отырып қылмыстық істі жүргізуші орган шешеді. Адамды стационарлықбайқау үшін тиісті медециналық мекемеге жібері туралы шешеім сараптама тағайындау туралы қаулыда көрсетіледі. Ол сарапшы (сарапшылар) үшін де, сондай-ақ медециналық мекеме әкімшілігі үшін де міндетті. Адамды медециналық мекемеге жіберу туралымәселе сараптама жүргізу барысында туындаса, онда ол туралысарапшының өтініші негізінде ерекше қаулы шығарылады.
Амбулаториялық зерттеуге шақыру күәдан, жәбірленушіден жауап алу үшін белгіленген ережелер бойыншажүзеге асырылады.
Іс мән-жайлары тек сараптама жүргізу нәтижесінде анықталуы мүмкін жағдайлардың мысалы есірткілерді заңсызайналымымен баланысты қылмыстық істер бойынша іс жүргізу болып табылады.Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты пленумының 1998 жылғы 14 мамырдағы №3 “Есірткілердің, психотороптық, күшті әсері бар және улы заттардың заңсыз айналымымен байланысты істер бойынша заңнаманы қолдану туралы”қаулысына сәйкес заңсыз айналымдағы табылған аталған заттардың нақты түрін, атауын, мөлшерін анықтау үшін, сондай-ақ оларды әзірлеу үшін пайдаланылатын аспаптар мен құрал-жабдықтардың жарамдылық фактісін анықтау үшін криминалистік сараптама жүргізу қажет.