Николай Бухарин мен Лев Троцкий Ресейдегі большевиктер ұйымдастырған Қазан төңкерісі кезіндегі В.Ленинның серіктері болатын. Лениннен кейін жаңа құрылған Совет Одағын кім басқарады деген сауал пайда болғаннан соң Троцкий, Зиновьев, Каменев, Сталин, Бухарин т.б. саяси күреске араласқан. Алдымен олардың көпшілігі бірігіп Троцкийді билік шыңдарынан шеттеткен (кейінірек оны елден қуып жіберген, ал 1940 ж. Троцкийді Мексикада Сталинның агенті өлтірген). Одан кейін Сталин мен Бухарин бірігіп Зиновьев пен Каменевті билік орындарынан алып тастаған (ал 1937 ж. Сталин оларды абақтыда өлтірген). Соңында Сталин Бухаринды де абақтыға тығып өлтіріп тастаған (1938 ж.). Сөйтіп И.Сталин өзінің мақсатына жетіп Совет Одағында жалғыз билеуші болып қалған.
Н.Бухарин негізінде нағыз большевик-коммунист болған, ал Л.Троцкийдің козқарастарында кейбір ерекшеліктер болған. Ол бүкіл әлемде күш қолдану арқылы коммунизм орнатуға тырысқан. Сол себептен ол революциялық қозғалыста ерекше бір ағымның – троцкизмнің – негізін салушы болып табылады. Бұл ағым әсіресе Латын Америка мен Азияда өзінің ықпалын көрсеткен.
- Сталинизмнің қалыптасуы
И.Сталин ХХ ғасырдың 30-шы жылдарының аяғында Совет Одағының жалғыз билеушісі деңгейіне жетіп, елде мемлекеттік социализм құрып, коммунизм орнатуға тырыспақ болды. 1939 ж. Гитлер мен одақтас болып, Германия мен КСРО Еуропаны бөліп алды. Бірақ осы екі диктатордың мақсаты ортақ еді: өз серігін алдап жеңу, одан кейін Еуропадағы демократияларды жою. Сөйтіп бүкіл әлемде өзінің идеологиясын орнату. Нәтижесі басқа көрініс тапты: Гитлер Сталинді алдып бірінші болып соғысты ашқанымен, бәрібір жеңілді, ал Сталин коммунизмді талай елдерде зорлап орнатқанымен, Совет Одағы да ыдырап кетті, коммунизмның өзі де жойылды деуге болады.
- Ресей эмиграциясындағы саяси және құқық идеологиясының негізгі бағыттары
Совет Одағында Сталин коммунизм құрып жүрген кезде Еуропа елдерінде Ресей эмигранттары өздерінің идеяларын дамытуға тырысқан. Солар арасында Н.Бердяев және И.Ильин ерекше орын алған.
Николай Александрович Бердяев /1874-1948/ ғасыр басындағы яғни туындылардың белсенді қатысушысы болды. Рухани мәдениеттік журналын шығарды. Ол әскери отбасында өсті. Ол әлеуметтік үйірмеге қатысумен қатар Киевтегі қасиетті Владимирдің Университетінен шығарып жібереді. Ол Москва универсететінің профессоры болды. Либералдық марксизмнен позициясын ауыстырып жаңа жолға бағыт алды. С.Булгаков, П.Струве және С.Франк пен Н.Бердяев орыс философ идеалистерінің манифестінің қатысушылар болды. “Идеализм мәселесі”, “Вехи” еңбектеріне қатысқан. Оларды кейде жоғары манифесшілер деп атайды.
Бердяев былай деді: ”Орыс тарихында бес түрлі Ресейді көреміз,Киевтік кезең,татарлық кезең, Москвалық кезең,Петрлық кезең,императорлық және советтік Ресей.Бердяеев барлық биіктегі жамандық орыстан батыстағыларға қарағанда күштірек.Бірақ орыс анархистердің және орыс еркіндігінің үлкен империясы”-деп көрсетеді.
Кеңестік Ресейдегі орыс коммунизмі Бердяәв орыс миссиялық идеясының көрінісі деді.Ресей коммунизмі шығыстық,ол батыс буржуазиялық қарсылығына негід болу керек.Коммунизмнің өзінің шындығы және өтірігі бар. Шындық адамдармен халықтың ағайындылығы мүмкінділігі, өтірік рухани негізде дегуманизация процессіне де бақылады.Коммунизм орыс көрнісін көрсетеді және марксистік идеалында қарастыруы керек.Коммунизмнің жоғарғы ол шындыққа бару,өтіріктен алыстау қажет.
Орыс революциясы орыс халқының күшін, негізгі мәнін көрсетті.
Бердев бойынша революциялық бұрынғы керек еместі жоюын айтады. Ол орыс саяси ойларының тарихын әлеуметтік-критикалық философиялық дәстүрмен енгізілуі Ресейді ғасырдың бірінші жартысында, он бірде апостол бостандық тұтқасы т.б. деп атады. Оның әлеуметтік ой, оның өмірбайанында революцияға немесе әлеуметтік сұрақтарға деген өмірдің сұрақтарымен көрсетілген. Осы саяси құрылымы орталық ординарлық топтық адам, онда ешқандай шығармашылық жоқ.Осы да мемлекет,обьективті мораль, революція немене әлеуметтік сұрақтарға деген өмірдің сұрақтармен көрсетілген. Осы сяси құрылымы орталық ординарлық топтық адам,онда ешқандай шығармашылық жоқ.осы мемлекет,обьекитвті мораль, революція немесе контрреволюцияға негізделеді. Социализм мен анархизм адамзаттың соңғысында теңдікке жету, бостандыққа ынталылық /анархизм/. Шіркеу көптеген құндылықты адам өмірін қорғау, мемлекет адамзаттың жануарлардан қорғану, құқық адамзаттың бостандығын оның еркін қоғау. Заң кінәнің тиегін көрсетеді.
Иван Александрович Ильин /1883-1954/ заңгер, діни және құқықтық философияның этностық мағыналы талқылауын көрсетті. Оның осы бағыттағы жұмыстары:”Құқық ұғымы мен күші. Құқықтану ойлары, Ресей құқықтанудың негізі” т.б. еңбектері бар.
Ильин бойынша адамның тарифи тағдары қажеттілігі құқығы оның билігі қоғамдық келесімде емес,өкілдік заңнамадан емес, бұйрықтың қорқыныш әсері емес, бәрінен де рухани шындықта деді. Физикалық күшке қарағанда мемлекеттік билік еркіндік күші болып саналады. Бұл ішкі табиғаттағы әрекеті генетикалық және рухани легенді білдіреді.
Билік ол еркіндік күші,ол интенсивті және белсенді ішкі еркіндік билеушісінің сыртқы көрінісінің сипаттамасы. Биліктің көрінісі ол адамның көңіл күйінің анықтылығын,айқындылығын, импульсивтілігін және орындалушылығында дейді.Билеуші тек керек ету мен шешуді ғана емес, және осылардың системалық басқаға көшіру.Билеушілік кішкене шығармашылық процесс.Сол себепті мемлекеттік билік өзінің мақсатына, өз жолдары мен құралына сенімді болып,сонда ғана Діни тереңдікке кетеді.Ильиннің биліктің әлеуметтік психолгиялық және рухани-діни аспекті ден талқылайды. Осы аксиомаға байланысты мемлекеттік билік құқықтық негізінде ғана пайдалануы керек және ол саяси партия одағындағы бір лік болуы керек және бұл белсенділермен жүзеге асуы керек.
Ильиннің әділеттік құқықтық жағынан факті не теңдікке әкеледі, міндеттінің сезіміне тәрбиеленеді белгілі орынды жеке меншік алады. Адамзатқа өз өмірін, өз заттарына зиялық керек,бұл табиғи, рухани қатнаста құлды болып табылады.Сол себепті жеке меншік адамның табиғи құқығы,ол заңмен, құқықтық тәртіппен,мемлекеттік билікпен қорғалуы керек.Жеке меншік адамға сенімділікті,адамға деген сенімді,заттарға және жерге се нуді,ол еңбекпен жерді слюді, отбасымен елді сүйуді үйренеді.
Ильин пікірінше құқықтық мемлекет тоталитарлыққа қарағанда өзгеше. Бұл факті ХХ ғ. адамзаттың рухани бостандығы, істері жүзеге асыруда дейді. Тоталитарллық режим теоретикалық әрекеттерге әкеоеді. Бұл режим сақталмайды,ол патшалық бұйрықтармен, ережелмен,нұсқаулармен жүзеге асады. Осыдан мемлекеттік те емес, құқықтық та емес. Философтың позициясы бойынша мемлекеттік билік құрылымы монархия немесе республіка болып бөлінеді.
Ильиннің ойынша Ресейдің идеалды нысаны болып монархия табылады. Тарихта мынандай заң шыққан: Ресейде бір билеушілік немесе хаос қана бола алады, ал республикалық нысанға Ресей әрекетсіз деген.
А.Сахаров және А.Солженицын ойлары
ХХ ғасырдың екінші жартысында Совет Одағындағы коммунизм дәуірінде кейбір басқа да пікірлер, көзқарастар пайда болған. Солар арасында қоғамға өз әсерін тигізген А.Сахаров пен А.Солженицын идеялары.
Олардың екеуі де коммунизмге қарсы шыққан. Бірақ олардың әрқайсысының өзгешілігі бар. Андрей Сахаров нағыз либерал, шын мәніндегі демократ болса, Александр Солженицынның ойлары көбінесе консервативтік ұлтшылдыққа саяды.
А.Сахаров әйгілі ғалым-физик (ядролық бомбаны жаратқандардың бірі) болғандықтан, өзінің саяси көзқарастары үшін шетелге емес, Горький қаласына айдап жіберілген. Тек М.Горбачев билікке келген соң ол Мәскеуге оралды. Қайта құру дәуірінде саясатқа араласа бастады, бірақ көп ұзамай жүрек аурудан қайтыс болды.
А.Солженицын 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін-ақ Сталин дәуірінде өз көзқарастары үшін абақтыға қамалған. Талай тарихи-әдеби еңбектерінде коммунизмнің (большевизмнің) қатыгездігін, адам табиғатына жатпайтындығын көрсеткен. Нобель сыйлығын алған. Сонымен қатар оның көзқарастары көбінесе демократиялық принциптерге сай келмейді. Орыс халқының патриоты бола тұра, кейбір басқа ұлттардың (мысалы, қазақтардың) мүдделерін аяқ асты қылуда.
М.Горбачевтың қайта құру идеологиясы
М.Горбачев есімімен Совет Одағындағы үлкен өзгерістер тығыз байланыста болатын. Ол бұрынғы қатыгез коммунизмді демократиялық бағытта реформалауын бастады. Бұл саясат «қайта құру» атауымен елге танымал. Совет Одағының халықтары, азаматтар өз еркін қорықпай білдіруге, ашық жариялауға үйрене бастады. Сталиннің тоталитарлық диктатура дәуірі артта қалды.
М.Горбачев тоталитаризм мен бюрократизмді сынға тартты, құқықтық мемлекет туралы мәселені қозғады. Ол саяси плюрализм (әр-алуандылық), көппартиялық, жариялылық туралы идеяларды ұсынды. Бұрын айтылмаған жалпыадамзаттық құндылықтар жөнінде, табиғи құқық және адамдардың ажыралмайтын құқықтары мен бостандықтары туралы тайсалмай айта берді.
Сонымен бірге М.Горбачев кейбір қателіктерді де жүзеге асырғаны ықтимал болып көрінеді. Солар арасында кейбіреулері осыға дейін ел есінде: мысалы, шарапқа қарсы күрес және ұлттық мәселесі.
М.Горбачевтың жаңа саясаты нәтижесінде бұрынғы биліктегі Коммунистік партиясы әлсірей бастады, ал Совет Одағы деген мықты мемлекет жалпы ыдырап кетті.
КСРО-ның ыдырауы және егемен мемлекеттердің қалыптасу кезіндегі идеялар
1991 ж. Совет Одағы қүлағаннан соң жаңа пайда болған тәуелсіз елдерде түрлі саяси идеялар өрби бастады. Біріншіден, әрбір халықтың өз еркі мен таңдауы негізінде егемен мемлекет құру құқығы туралы көп әңгіме болды. Себебі, әсіресе Ресейде кейбір саяси күштер қайтадан одақ құруға әрекет жасау керектігін негіздей бастады. Сонымен бірге Ресей құрамының ішінде де кейбір күштер бөлініп шығуға ұмтыла бастады (мысалы, Чешенстанда ұлт-азаттық соғыс басталды, Татарстанда ұлттық қозғалыстар бас көтерді). Осындай жағдайда Ресей мемлекеті өзінің аумағының бұзылмастығын көлденен қойды.
Ал бұрынғы совет республикары егемен ел тәуелсіздігін қорғауға тырысты. Мысалы, 1990 ж. 25 қазанында Қазақ КСР-нің «Мемлекеттік егемендік туралы» Декларациясы, 1991 ж. 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы, 1993 және 1995 жылдары Қазақстан Республикасы Конституциялары қабылданды. Қазіргі таңда Қазақстанның мемлекеттік шекаралары түгел бекітілген