Ұлттық социализмнің саяси-құқықтық идеологиясы
ХХ ғ.б. Германияда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін экономикалық әлеуметтік қиындықтан, саяси және идеологиялық жеңілістен кейін ұлттық социалистік қозғалыс пайда болды. Бұл ең алкен Еуропадағы терең қоғамдық дағдарыстың көрінісі еді. Ұлттық социолизм қағидасына сәйкес Германияның байта құрылуы бұл қозғалысқа осы дағдарыстан шығуына өзіндік бағдарлама болван еді. 1933 ж. 1945 ж. Неміс ұлтшыл соцалистері билік басында тұрды, олар мемлекеттік құқықтық қағидаттарын негізге алды. Бұл ұлттық социалистік көріністің идеялық негізі болып – тоталитарлық саяси биліктің проекті сі болып табылады.
Ұлтшыл–социалистер пікірі бойынша мамлекет герман саяси қоғамының бір белгілі элементі болуы керек деді. Ол үштік мүшеден тұрады. Қозғалыс ұлтшыл соцолистік неміс жұмысшылар партиясы. Мемлекет яғни мемлекет аппарат.
Халық яғни немістер мемлекеттік емес ұйымдар, әртүрлі қоғамдар. Герман саясиқоғамының беделді бір бөлігіболып фашизм идеологиясының негізі ұлтшыл неміс жұмысшылар партиясы. Ұлтшыл партияның мемлекетке билік жүргізуі бірнеше жолдармен жүзеге асады, көбінесе унификация яғни партия және мемлекетке байланысты жасалды. Унификация деп арнайы практикалық тәсілдер комплексін пайдалануды жатқызуға болады. Олардың бірнешеуін көрсетсек, олардың біреуінің қасында ұлттық және орталық партия билігінің болуы яғни мемлекеттік қызмет ұлттық партия бойынша беріледі.
Фашистік–партиялық мемлекет, олардың конструкторларының пікірінше толығымен демократиялық құқықтық мемлекетке толығымен қарсы тұру. Осындай мемлекетті басқару әрине Гитлермен жүзеге асырылуы тиіс деді. Осыған сенушілер Гитлер билігінде иерархиялық құрылысты басқа да ұлттық, саяси–әлеуметтік қоғамдық құрылыстың билеушісі. Оның билік жүйесінбәрін дұрыс шешетін чиновникбастық және саяси мемлекеттік иерархиалықжәне оныңкомпетенциясынасай келуі керек деп есептеді.Ол өз билігін өзінен жоғарытұратын басшыдан болады, және ол оған бағынады, жауап береді. Иерархиалықпирамиданың шыңында –бір тұлға тұруы керек. Фюрер ол–нәсілдік рухты көрсететінб ұлттық бостандықтыкөрсететін тұлға.
Ол негізінде мистикалықжекелік мінезге тән көсем, хоризматикалық лидер. Фюрер мен халық арасында ешқандай делдал жоқ. Көсем мен халық әрқашан бірге, жалпыхалықтық жағдайды тек сол шешеді, бұған тек фюрердің өзі жетеді.
Ұлтшылдар халықты негізгі құндылық деп есептеді. Ұлтшылдар пікірі “Сен ешкім емессің, ал халық бәрі”. Герман құқығына ұлтшылидеяның енуі кәсіби – ғылыми құқықтық радикалды өзгеруіне әкелді. Ұлтшыл социалистер дәстүрлі еуропалық құқықтық теорияның дүниетанымдық жағына қарсы болды, ал рационалды ойлау, аргументация өнері, ұлтшыл барерьдің жоқ болуын жатқызады.Ұлтшыл социалистік құқықтық ойдың спецификасы неде? Ол құқықтық қалыптасушы фактор болып нәсілдік құқық ұлттық рухтың табылуын көрсетті. Олар құқық деп ариліктер жазғанқұқықты айтты.
Ұлтшыл максимдікң ой: Құқық ол нәсілдік жағдай, сол себепті де сол субъекті яғни сол нәсілге, ұлтқа жататын құқы бар адам. Бұл тезис нәсілдік-халықты құқықтың субъектілеріне жатқызды. Сол кезде әмбебап, жалпы құқықтық теңдік көрініс жоққа шығарылды, ал оның орнына нәсілдік теңдік көрсетілді.Ұлтшыл заңгерлер Фюрер қағидасыннегізге алушылар көсемді бір құқықты көрсетуші деп есептеді. Сол себепті олар Фюрерге не құқық болып табылады, не табылмайды оның жауабына байланысты дейді. Немесе ол жалғыз герман ұлтының құқықтық қайнар көзі деді.
Е.Гумплович, Б.Муссолини идеялары
Л.Гумплович (1838 -1909) Австрияда өмір сүрген. Әйгілі заңгер әрі әлеуметтанушы. Оның пікірінше, адамзат тарихы – белгілі бір тұрақты заңдылық негізінде жүретін табиғи-тарихи процесс болып табылады. Сол заңдарға барлық ұлттық және әлеуметтік топтар бағынады. Тарихтың ең жоғары заңы мынада: мықтылар нашарларды жеңеді; мықтылар басқа мықтыларды жеңу мақсатында дереу бір-бірімен бірігеді. Мықтылар нашарларды бағындырып, өздерінің мемлекетін құрады. Сөйтіп мемлекет пайда болады; ол мемлекет –азшылық көпшілікті бағындыратын мемлекет. Отбасыны, меншікті, құқықты мемлекет жаратады, орнықтырады. Л.Гумплович құқықтық мемлекетті мойындамайды. Ол күштеу, зорлық теориясының негізін салушы болып табылады. 20-ғасырдағы тоталитарлық режимдер Л.Гумпловичтың идеяларына сүйенген.
Бенито Муссолини (1883 -1945) – фашист партиясының негізін салған саясаткер. Оның негізгі еңбегі – “Фашизм доктринасы”. Бұл кітапта Б.Муссолини мемлекетті аса жоғары деңгейге көтеріп, оны жан-жақты қолдайды. Адам дегеніңіз ештеме емес. Мемлекет дегеннен жоғары ештеңе болмайтын. Жеке адам мемлекет үшін өзінің жанын да аямауы қажет. Сондықтан фашист мемлекеті ең жақсы мемлекет. Ол демократияға қарсы бағытталған мемлекет. Ол социализмге де қарсы тұратын мемлекет…
Х.Арендт, А. Лейпхарт және Р. Дальдың саяси идеялары
Ханна Арендт – 20-ғасырдың әйгілі саяси философы. Негізгі еңбектерінің бірі – “Тоталитаризмнің қайнар көздері” (1951). Бұл кітапта Х.Арендт нацизм мен сталинизм арасындағы мемлекеттік ұқсастықтарды көрсете кеткен. Біріншіден, екеуінде де бірінғай мемлекеттік идеология болған; ал екіншіден, екеуінде де террор аса кең көлемінде қолданған.
Х.Арендтің айтуынша, демократиялық бостандықтардың болуы үшін азаматтардың бәрі заң алдында тең болуы қажет. Сондай болса да, бостандықтардың жүзеге асуы үшін азаматтар иерархиялық топтарға бөлінуі тиіс. Егер азаматтар топталмаса, әрқайсысы тек өзі-өзімен болса, онда диктаторлар жылдам табылады, бостандықтар жойыла кетеді. Тоталитарлық қозғалыстар – бұл атомдалған, жекеленген адамдардың бұқаралық ұйымдары. Бұл ұйымдардың басты ерекшелігі мынада: ұйымның әрбір мүшесі оған түгел бағынуы, керек болса жанын да беруі міндетті. Адамға ең қымбатты болып әке-шеше емес, перзенттері емес, достары емес, басқа жақындары емес – текқана өзінің тоталитарлық партиясы болуы міндетті. Мысалы, Муссолиниге, Гитлерге, Сталинге сөздердің, программаның, идеологияның да керектігі жоқ еді; оларға тек билікті өзінің қолына алып, ұстап тұруы керек болған. Оларда ешқандай саяси мақсат болмаған…
Аренд Лейпхарт (1935 ж. туған) — әйгілі голланд саясаттанушысы, АҚШ-та тұратын. Демократия жөнінде бірталай еңбектерін шығарған. Оның айтуынша демократияны орнату үшін қоғамның белгілі бір деңгейге жетуі міндетті емес. Кез келген елге демократия тура келеді, жарасады. Демократия деген ұғымды түсіндіру өте қиын жұмыс; оны түсіндіре де болмайды, дейді А.Лейпхарт. Бірақ жалпықоғамдық, қауымдық демократияның бір айрылмас белгісі бар: демократияда әрқашанда саяси элиталар бір-бірімен ынтымақтасуы тиіс…
Роберт Даль (1915 ж. туған) – американ саяси ойларының ірі өкілі; оны ғалымдар қазіргі таңдағы саясаттанудың негізін салушысы деп таниды. Р.Даль бірталай әйгілі кітаптардың авторы. Бұл еңбектерінде мынадай мәселелер қарастырылады: саясаттың мәні мен ерекшеліктері, басқару мәселелері, саяси шешімдерді қабылдау процесі, азаттық пен теңдіктің арақатынасы, саяси жүйелердің даму жағдайлары, демократиялық қоғамдағы оппозицияның құқықтары т.б. Оның пікірінше, қазіргі демократияның кемінде бір кемшілігі бар: сайлаудан кейін берілген дауыстар саналады, бірақ шешуші рольді ұйымдастыру ресурстары ойнайды екен…
Ұлт-азаттық қозғалыстардағы саяси және құқықтық идеологияға жалпы сипаттама
XIX ғасырдағы Еуропада және Латын Америкада пайда болған мемлекеттердің басым көпшілігі ұлт-азаттық қозғалыстар негізінде қалыптасқан. Бұл үрдіске түрткі болған себептердің арасында Ұлы Француз революциясы және Наполеон соғыстары ерекше орын алатын.
ХХ ғасырда ұлт-азаттық қозғалыстар одан әрі жалғаса беріп Азия құрлығына да жетті. Бұл өңірде ұлт-азаттық қозғалысқа үлкен үлес қосқандар — Қытай мен Үндістан.
Қытайдағы ұлт-азаттық қозғалысындағы саяси және құқықтық идеялар
Сөйтіп Қытай халқы да отаршылдыққа қарсы күрес бастады. Сунь Ятсен бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа миллиондаған қарапайым қытайлықтар қолдарына қару алып қатысты. Нәтижесінде Жапон және Еуропалық империалистер Қытайдан кетуге мәжбүр болды да егемен Қытай Республикасы ұйымдастырылды. Бірақ та Мао Цзедун басшылығымен күшейе бастаған коммунистер партизан соғысын жасап көп кешікпей Гоминдан үкіметін Тайвань аралына қуып жіберіп өздерінің Қытай Халық Республикасын құрды.
Жаңа Қытай басшылығы бүкіл әлемдегі ұлт-азаттық қозғалысқа жетекшілік етеміз деп КСРО-дағы коммунистер басшылығына қарсы бәсекеге түсті. Бұл тартыс жақсылыққа апарып соқпады. Нәтижесінде Қытай халқының экономикасы дағдарыстардан шыға алмай әлсіреп қала берді. Тек Мао Цзедун қайтыс болған соң оның орнын басқан жаңа қарт жетекші Дэн Сяопин іргелі реформалар жасап елді қарқынды даму жолына шығарды.
Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалысындағы саяси және құқықтық идеялар
ХХ ғасырдың бірінші жартысында Үндістан Англияның отары ретінде танылған. Осындай жағдайда Үнді халқы да ұлт-азаттық күрес жолына бет бұрды. Бірақ та Үнділер өзінің күресін басқа тәсілдер арқылы жүргізді. Бұл күрес жолын көрсеткен – ұлы қайраткер Махатма Ганди. Оның айтуынша барлық адамдар және халықтар «ахимса» идеясын ұстану тиіс. Бұл идеяның негізгі мәні – ешкім ешкімге зиян жасамауы, кедергі келтірмеуі қажет. Сонда ғана адамдар арасында бейбітшілік пен ынтымақтастық орнатылады.
Сол мақсатқа жету үшін «сатьяграха» әдісін пайдалану керек. Бұл әдіс бойынша саяси күресті қүш көрсетпей, зорлық істемей жүргізу керек. Мәселен, мыңдаған адамдар бәрі бірдей поезд жолдарына жатып алады. Немесе ешкім ағылшын тауарларын сатып алмайды, тіпті матаны да сатып алмайды. Ал кийім кию үшін әркім өзі үйінде қарапайым матаны жасайды. Сөйтіп отаршылдар халыққа тәуелсіздік беруге мәжбүр болады екен.
Бұл Гандинің идеяларының қалыптасуына орыс әдебиетшісі Лев Толстой әсерін тигізген. Ал одан кейін Махатма Гандинің кейбір идеяларын пайдаланған – АҚШ-тағы қара нәсілді адамдардың құқықтарын ақ нәсілдердікімен теңдестіруге ұмтылған Мартин Лютер Кинг. Екеуінің де өмірін олардың қарсыластары үзген…