Бас бетҚұқықXVIII және XIX ғасырдың басындағы Франциядағы саяси және құқықтық ілімдер
XVIII және XIX ғасырдың басындағы Франциядағы саяси және құқықтық ілімдер
Қайта өрлеу феодализмнен капитализмге өтудегі ықпалды жалпы мәдени қозғалыс дәуірі. Ол феодалдық құрылыс пен оның идеологиясына қарсы жүргізген буржуазиямен халық массасының жүргізген күресінің бөлінбес құрамдас бір бөлігі.
Қайта өрлеу мазмұнының ерекшелігін екі жадай сипаттайды:1-ден, оның әлеуметтік және ұнамды идеалы; 2-ден, осы идеалды жүзеге асыру жоспары. Қайта өрлеудің қызметкерлері жерде сана патшалығын құрғысы келді, онда адамдар барлық жағынан жетілген болады, еркін индивидтің және әділетті қоғамның мүдделерінің үйлесімділігі пайда болды.
Гуманизм әлеуметтік өмірдің жоғары формасы болып табылады. Олардың көбісі сана патшалығының келудегі негізгі өздерінің үміттерін жалпы санадан обскуранттық, клерикалық идеялардың шығуымен, реакциялық феодалдық – аристократиялық ережелер, нанымдар дәстүрлерді жоюмен байланыстырды. Басты орынға жедел түрде рационалды білімді тарату, халықтың қараңғылықтан шығуын, адамның ішкі дүниесін құрметтеуге негізделген бағалылықты қоғамдық өмірге енгізуді қойды. Ерекше маңызды рөлді индивидтің саяси, моральні, эстетикалық тәрбие процесі алды, оған адам мен азаматтың жақсылықтағы, шындықтағы, әдемілікрелі қажеттіліктерді бере отырып, көрсетілген жағдайларға сәйкес көрсетілген мемлекеттердің ұлттық және қоғамдық тарифи ерекшеліктерін көрсете отырып, әртүрлі нысандағы пропорциялардағы жағдайлар Франция, Италия, Германия, Ангия, Ресей, Польша, Солтүстік Америка және т.б. елдердің Қайта өрлеуінде көрініс тапты.
XVII-XVIII ғ.ғ. қайта өрлеу және сонымен құрылған қоғамда идеалдық – нанымдық атмосфера оның рухани факторларға маңыздылардың бірін құра отырып, мемлекет және құқық туралы ғылымның даму мазмұнына, әдістеріне, бағыттарына маңызды ықпал етті.
Сондықтан да саяси – заң ой тарихын оқу кезінде Қайта өрлеудің мәнісі түсінігін жақсы елестету қажет…
Ш. Л. Монтескьенің саяси – құқықтық ілімдері.
Шарль Луи Монтескье /1689-1755/ француз Қайта өрлеуінің көрнекті өкілі, белгілі заңгер және саяси ойшыл. Оның шығармашылығында құқықтану және саясатпен қатар философия, этика, тарих, әлеуметтану, дін, саяси экономия, табиғи ғылымдар, әдебиет, мәдениет мәселелері болды. Монтескьенің гуманистік және ағартушылық позициясы “Заңдардың рухы туралы” трактатында ашылып жазылған. Саяси және құқықтық ойдың дүниежүзілік тарихындағы авторитетті классиктерінің бірі етіп Монтескьені қосқан бұл кітап, сол кезделі абсолюттизмнің және шіркеу иделогтарының қатаң сынына алынып, сол кезден тыйым салынған кітаптар индексінің, қара тізіміне енгізілді. Монтескье реакциялық күштерді жақсы қарсы алып, өзінің заңдардың рухы туралы кітабында /1750/ жақсы жауап берді.
Монтескье барлық саяси – құқықтық теориясының бастр тақырыбы және онда қорғалған негізгі бағалылық – саяси еркіндік. Осы еркіндікті қамтамасыз етудің қажетті шартына әділетті заңдар және мемлекеттің қажетті ұйымдастырылуы жатады.
Заңдар рухын іздеуде яғни заңдардағы заңдылықты, ол адамның саналы табиғаты, заттар табиғаты т.б. туралы рационалистік көрініске негізделеді және тарифи өзгермелі позитивті заңдардың логикасын, оның пайда болу факторларымен себептерін ұғынуға ұмтылды. Ол өзінің бағытын келесі негізде сипаттады: Мен адамдарды зерттеуден бастап мынаны таптым: олардың заңдары мен нанымдарының шексіз әртүрлілігі олардың фантазиясынан шықпаған. Мен жалпы бастаманы бекітіп, мынаны көрдім, жеке жағдайлар өзімен-өзі соларға бағынады, әрбір халықтың тарихы содан жеке заң басқа заңмен байланысты не жалпы заңға тәуелді. Адамға қатысты табиғи заңдар Монтескьемен тек біздің өмір сүруіміздің құрылысынан шығатын заңдар сияқты трактатталады. Адам табиғи жағдайда өмір сүрген табиғи зпаңдарға, ол келесі адами табиғаттың ерекшелігін бейбітшілікке жатқызады, өзіне азық алуға, бір-біріне өтініш негізінде адамдармен қатынасқа ұмтылу, қоғамда өмір сүруді қалауы. Ол адамдардың бастапқы қызбалылығымен бір-бірінің үстінен билік етуінің қалауын адамдарға енгізгендігі туралы Гоббстың қателігін әдейі көрсетті. Керісінше Монтескье бойынша адам бастапқы да әлсіз, өте қорқақ және теңдікке басқалармен бейбітшілікке ұмтылады. Сонымен бірге билік және басқарушылық идея басқа көптеген идеяларға тәуелділігі және күрделілігі соншалықты, ол адам идеясы кезінде бірінші бола алмайды. Бірақ адамдар қоғамда біріккен бастап, олар өздерінің әлсіздігін санасын жоғалтады. Олардың арасындағы теңдік жойылады, екі жүзді соғыстар басталады, бөлек тұлғалар және бөлек халықтар арасында соғыстың мұндай екі жүзінің пайда болуы, — деп жазды, ол – адамдар арасындағы заңдарды бекітуге әкеледі. Халықтар арасындағы қатынастарды анықтайтын заңдар “халықаралық құқық”; басшылармен басқарушылар арасындағы қатынастарды анықтайтын заңдар “саяси құқық”; барлық азаматтардың өздерінің арасындағы қатынастарды анықтайтын заңдар “азаматтық құқық” шығады.
Қоғамда, жалпы заңдарда тұратын адамдардың қажеттілігі Монтескьеге сәйкес, мемлекет құру қажеттілігіне негізделеді. Қоғам үкіметсіз өмір сүре алмайды. Барлық бөлек күштердің бірлігі Гравина айтқандай саяси жағдай мемлекет деп. атайтынды құрайды. Бөлек адамдардың күштерінің бұндай бірігуі олардың еркіндік бірлігінің болуын білдіреді яғни азаматтық жадай. Мемлекетті қалыптастырып жалпы заңдарды бекіту үшін, осылай адам өмірінің қоғамда өте дамыған жағдайына жетеді, оны Монтескье азаматтық жағдай деп. атады.Жағымды заң әділдікпен әділ қатынастардың объективті сипатын білдіреді. Әділдік жағымда заңнан шыққан. “Адамдармен жасалған заңдарға әділ қатынастардың мүмкіндігін алдын алу керек еді”,- дейді Монтескье.
Монтескье бойынша, жалпы заң – ол барлық адамдармен басқарылатын адами сана. Сондықтан да әрбір халықтың саяси және азаматтық заңдары осы сананың қосымша жеке жағдайлары сияқты болуы керек. Монтескье бұндай бағытты жүзеге асару процесінде жиынтығында заңдар рухын құрайтын факторларды зерттеді, яғни жағымды заңның талаптарының саналылығын, құқықтылығын, заңдылығын және әділеттілігін анықтайды. Заңды тудыратын қажетті қатынастарды тізбектей отырып /яғни заңды қалыптастыратын қатынастар мен факторлар/ Монтескье ең алдымен осы еге бекітілетін заңның сол халықтың құрылымы мен сәйкестілігіне көңіл аударады. Монтескье әрі қарай жағымды заңдардың табиғатқа және бекітілген үкіметтің қағидаттрына, елдің географиялық факторна және физикалық құрамына, жағдайы мен көлеміне, климатына, жер құнарлығының сапасына, халықтың өмір сүру салтына, оның санағына, байлығына, икемділігіне, нанымдар мен дәстүрлерге және т.б. сәйкестіліктің қажеттілігін көрсетеді. Заңдардың бір-бірімен байланыстылығын қандай да бір заңның пайда болуының ерекше жағдайларын, заң шығарушының мақсаттарын есепке алу қажеттілігіне арнайы көңіл бөлінген.
Монтескьеге сәйкес, заңға табиғат пен адамзаттық жағдайда бекітілген үкіметтің қағдаттары ықпал етеді. Ол басқарудың үш түрін бөледі: республикалық, монархиялық, деспотиялық. Республикалық басқару кезінде жоғары билік не барлық халықтың, не тек оның бөлігінің қолында болады.
Монархия бұл бір адамның билігі, бірақ нақты бекітілген заңдар арқылы. Деспотияда барлығы ешқандай заңдармен ережелерден сырт бір тұлғаның еркімен анықталады. Оның бағалауынша, басқару образының табиғат осындай, одан берілген басқару нысанынан негізгі шекті бұрыштық заңдар шығады. Әртүрлі басқару нысанының табиғатынан шыққан заңдар туралыайта отырып, ол демократияға қатысты онда халық өздерінің ер кін білдіретін дауыс беру арқылы ғана билеуші бола алады – деп көрсетеді. Сондықтан да демократия үшін негізгісі – дауыс беру құқығын анықтайтын заңдар – деп есептейді. Оның пайымдауынша, халық басқа тұлғалардың қарекетінбақылай алады, бірақ өз ісін жүзеге асыра алмайды. Осыған сәйкес демократия жағдайындағы заңдар өздерінің құзіреттілігін халықтың сайлау құқығын және олардың іс-әрекетін бақылауды қарастырулары керек.
Демократияда негізділерге ашық немесе құпия дауыс беру туралы мәселелерді қоса отырып, сайлау бюллетеньдерінің беру нысандарын өзін анықтайтын заңдар жатады. Демократияның негізгі заңдарының бірі – заң шығару билігі тек халыққа ие күшіндегі заң болып табылады. Ол аристократияның негізгі заңдарына халықтың бір бөлігінің заң шығару және оның орындалуын қадағалауға құқықты анықтайды. Ол жалпы түрде мынаны белгілейді: — аритократия демократияға жақындаған сайын жақсара түседі, бұл әрине аристократиялық заң шығарушылықтың бастр бағытын анаықтайды. Монархияда саяси және азаматтық биліктің қайнар көзі билеушінің өзі болып табылады. Ол негізгілерге билік қозғалатын аралық каналдардың бар екенін анықтайтын заңдарды жатқызады, яғни бағынышты тәуелді биліктің, олардың құзіретінің болуы. Олардың бастр дворян билігі болып табылады. Сондықтанда дворянствосыз монарх деспотқа айналады.
Монархиядағы сеньорлардың дворян және қалалардың артықшылықтарын жойыңдар, соның нәтижесінде сендер халықтық мемлекет немесе деспоттық еркелігімен дін дәстүр алатын деспоттық басқарудың негізгі заңдары толық билікке ие визирьдің лауазымының болуына ьайланысты.
Басқарудың әрбір нысанының табиғаты осылай негізгі, берілген құрылымның конституциаланған заңдарын анықтайды. Басқарудың әрбір түрінің табиғатына адамдық құмарлық механизмін қозғалысқа әкелетін өз қағидатына сәйкес болады, бұл берілген саяси құрылым үшін ерекше. Мұндай қағидат республіка, әсіресе демократия – игі жасаушы, монархияда – намыс, деспотияда – қорқыныш болып табылады. Монтескье әдейі осы қағидаттар туралы айта отырып, ол шын қолданатын ережені емес, қажетті тәртіпті айтып отырғандығын сызып көрсетеді, яғни осыдан тура осылай болу керектігі шығады, әйтпесе керісінше болса бұл мемлекетер жетілмейді.