Қылмыстық атқару қызметі басқа да құқық қызмет түрлерімен, мысалы, сот, прокуратура, ішкі істер органдары қызметімен байланысты жүргізіледі.
Қылмыстық-атқару құқығы дегеніміз – Қазақстан Республикасының Қыдмыстық кодексіндегі қарастырылған жазаларды өтеу және атқару кезінде пайда болатын қоғамдыққатынастарды реттейтін заңнормаларыныңжүйесі болып табылады.
Қылмыстық-атқару құқығының қағидалары ретінде, барлық нормалардың бағытын бір жолға салып біріктіретін, сол бағытта нормаларын түзететін, құқықтық қатынастарды реттеужолында басшылыққа алып отыратын заңныңізгі пікірлері алынады. Демек, қылмыстық-атқару құқығының қағидалары дегеніміз – құқықтың осы саласыныңсипатына, оның мазмұны мен міндеттеріне қоғамныңпікірін білдіретін негізгіережелер, жеткшілікке алынатын идеялар болып табылады.
Заңды сақтау дегеніміз – заңның жеке адамдардың мақсатынан жоғары тұруын білдіреді. Жеке ниет-мақсаттар әртүрлі бола береді. Мысалы, саяси-экономикалық, әскери, т.б. мақсаттар.
Гуманизм қағидасы кейбір мемлкетте болмасын, адамды бір-біріне жау тұтып қарамай, бір-біріне ізгілікпен,кешіріммен, байырмашлықпен қарауды білдіреді. Сол сияқты, адам мен адам арасындағықатынас қана,ізетті, ізгілікті болып қоймай, мемлкет пен адамның, дәлірек айтқанда, заң мен адамның арасындағы қатынастар да ізгілікті, кешірімді болуы керек.
Демократизм және жариялық қағидасы сотталған адамдардың хал-жағдайымен қоғамның хабардар болуын білдіреді. Қылмыстық жазаны атқару қызметі барлықжаза түрі бойынша жабық түрде жұмысістемейді. Бас бостандығынан айыру жазасынатқаратын мекемелер де мемлекет, қоғам алдында жабық жұмыс істемейді. Ондай түзеу колониялары мемлекет, қоғамқоғам тарапынан бақылауда болып, өздернің жұмыстары жайлымемлекет алдында есеп беріп отырады.
Баршаның заң алдындағы теңдігі қағидасы сотталған адамдардың нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, шығу тегі мен әлеуметтік жағдайына қарамай, олардыңзаң алдында теңдгін білдіреді. Ол мемлекеттің негізгні байлағының бірі болып табылады және әр адамның ұлтына, дініне, мүліктік, т.б. жағдайларна қарамай заң алдындағы теңдігі конституциялық нормалардан туындайды.
Жазаларды атқарудың саралану (диференциация) қағидасы сотталған адамдарды белгілі бір категорияларға бөлуді талап етеді және жазаны атқарушы органдарда әр категориядағы сотталған адамдарды бөліп ұстауды білдіреді.
Жазаны атқарудың жеке-даралығы (индивидуализация) қағидасы сотталған адамдарды топтастырғандақұқықтық белгілерді қолдануға итермеледі. Бұл қағиданың негізі ретінде, сотталған адамның жасаған қылмысының қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипаты, қылмыстық жасау жағдайы, сотталған адамның мінез-құлқындағы жекелеген ерекшеліктері мен олардың түзеу мекемелерінде жаза өтеу кезіндегі мінез-құлқының өзгеруі алынады.
Жазаны түзеу ықпалымен жалғастыру қағидасы сотталған адамдарға қолданылатын түзеу құралдарын кешенді түрде қолдануды міндеттейді. Сотталғандармен түзеу жұмыстарыжалпы және жеке жүргізіледі.
Қай құқық саласы болмасын, өзінің негізгі реттеушілікқызметін қоғамға пайдалы бағытта атқаруы, оның басты мақсаты болып табылады.
Қылмыстық-атқару құқығы сотталған адамдар болсын, басқа адамдар болсын, қылмыс жасаудан сақтандырып, қоғамда әлеуметтік әділеттілікті орнатуды көздейді. Себебі, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру, қамау, өлім жазасы, өмір бойына бас бостандығынан айыру тәрізді жазалар адамдарға әрқилы әсер етеді. Сондықтан олардың денсаулығын сақтау, адамгершілікке баулу, еңбекке тәрбиелеу мәселелері ешуақыттаназардан тыс қалмауы керек.