АДАМНЫҢ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БАС БОСТАНДЫҚТАРЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР

Қазақстан Республикасыныңқылмыстық құқығы-ҚР құқықтық жүйесіне кіретін өз алдына жеке құқық саласы. Ро негізінен, мемлекет, егер орындамаса, өзінің жазалайтндығын алғатарта отырып, бекіткен және санкциялаған, белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салатын ережелердіңжиынтығын құрайды.

Қылмыстық құқықтың реттеу аясына мемлкеттік және қоғамдық құрылыс меншік, жеке адам, құқықтық тәртіп, қоршаған орта жәнет.б. сияқты сан-саналы қоғамдыққатынастар, соның ішінде, басқа құқық салаларымен реттелетіндері де кіреді.

Қылмыстық құқықтыиіндескен құқық салаларынан даралап алуға оның реттеу пәні, яғни қылмыс жасауғажәне оған белгілі бір жазалар қолдануға байланысты туатын қоғамдық қатынастар негіз болады.

Қылмыстық заң қоғамға қауіпті қандай әрекеттерқылмыс болып табылатынын анықтап, оларға жаза бекітеді.

Қылмыстқы құқық қылмыстық жауаптылқтың жауаптылықпен жазаданбосатудың талаптары мен негіздерін, қылмыстық жазаны іске асыруда, қылмысқа қарсы күрес пен оның алдын алудақоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қатысунысандарын реттейді.

Қылмыстық құқық пәнінің үш түрлі бағытта шоғырланғандығын байқауға болады: реттеуші, қорғаушы, қылмыстың алдын алдын алушы қоғамдық қатынастар.

Бұрынғы қылмыстық кодекстердеқорғалатын объектілерді баяндау ретінің өзгеше болғандығын, алдынғы кезекте мемлкеттік қоғамдық, содан соң ғанажеке адамның мүдделерін қорғау тұрғандығын айта кету керек.

Қылмыстық құқықтың принциптері. Қылмыстық құқықтыңпринциптері – қылмыстық құқық басшылыққа алатын орның институттары мен нормаларының негізгі мазмұны мен бағытын ақындайтын бастаулар.Қылмыстық құқық қандайжетекші идеяларды ұстанады? Олардың бірқатарын санап шығуға болады, бірақ соның ішінде төмендегі он принцип: қылмыстық құқықтыңбасты-басты қағидалары:

  1. Заңдылық принципі. Ол қылмыспен күресуді заң шеңберіндегі оның талаптарын мүлтіксіз орындайотырып, жүргізуге иек артады. Ешкімде соттың үкімінсіз, заңға қайшы жолмен кінәлі болып табылмайды.
  2. Заң алдында азаматтардың теңдігі принципі. Ол адамның тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, дінге көзқарасына, тіліне, намысына,тұрғылықты жерне қарамайқылмыстық заң алдында бірдей жауап беретіндігін көрсетеді. ҚР Конституциясының 14-бабында “Заң мен сот алдындажұрттың бәрі тең”,-делінген.
  3. Қылмыстық құқық принциптерінің енді бірі – қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің тумай қоймайтындығы. Әрбір қылмыс жасаушы қолымен істегенді мойыныменкөтеретінің біліп жүруге тиіс.
  4. Жеке жауапкершілік принципі.  Қылмыс жасағаны үшін заңды тұлғалардың емес, тек қана жеке тұлғалардың (адамдарды) қылмыстық жауаптылығын көрсетеді.
  5. Айыпты жауаптылық принципі қылмыстық әрекет үшін басқа адамдар емес нақты сол әрекетті жасаушы адамды жауапқа тартуды ғана білдірмейді, сонымен қоса оны айыптытүрде жасаған адам аыпты екенің көрсетеді.
  6. Әділдік принципі объективті, жеткілікті, заңға сәйкес мәліметтерге сүйене отырып қана қылмыстық жауапқа тартуға болатынын,айыптының жасаған ісі мен тартқан жазасының сәйкес болуы, бір қылмыс үшін қайталапжауапқа тартылуға болмайтындығын білдіреді.
  7. Демократизм принципі. Сот төрелігін жүзеге асыру барысындаісті қатысушылар мен сол ауданның басым бөлігі білетін тілде жүргізу, сотталушыларды егер қажет етсе, аудармашының, қорғаушының көмегімен қамтамасыз ету демократизм принціпінің көрінісі болып табылады.
  8. Гуманизс принціпінің мәні кішігірім қылмыстарды алғаш жасаған адамдарға кешіріммен қарап,жеңіл жаза тағайындап, кейде әкімшілікжауапкершілікпен ауыстыра отырып, қылмыстақ жауапкершіліктен толығымен босатудан, керісінше ауыр қылмыс жасағандарға, рецидивтерге, ұйымдасқан құрылымдардың мүшелеріне неғұрлымауыр жаза қолданудан тұрады.
  9. Қылмыстық қудалау шараларын орынды қолдану принципі. Мемлекет қылмыстық қудалауды (жазаны) қылмыс жасаушының түзеуден басқа жолы қалмағанда қолдануға шарасызданбарады
  10. Интернационализм принципі ұлттық теңдікті бұзғаны үшін басқа мемлекеттің мүддесіне, халықаралық қауіпсіздікке, ұлттар арасындағы бейбітшілікке қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік белгілейтін нормалардан көрініс табады.