Азаматтық кодекстің (АК) 143-бабына сәйкес ар-намысты, қадір-қасиетті жәнеіскерлік беделді азаматтық-құқықтық қорғау былайша жүзеге асады, яғни азамат немесе заңды тұлға өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретінмағлұматтарды, егер ондай мағлұматтарды таратушы адам олардың шындыққасай келетіндігін дәлелдей алмаса, сот арқылы теріске шығаруды талап етуге құқылы.
АК-тің 143-бабында “теріске шығару” ұғымы ашып көрсетілмеген, тек ар-намысқа, қадір-қасиетке немесеіскерлік беделгекір келтіретн мағлұматтар деп қана жанама түрде айтылған.
Ар-намыс дегеніміз тұлғаның (азамат немесе заңд тұлға) рухани және әлеуметтік болмысына берілетін қоғам бағасы. Ал, қадіп-қасиет дегеніміз тұлғаның өзін-өзі бағалауы, өзінің жеке сапаларын сезінуі, қабілет-қарымын көре білуі, дүниетанымын, қоғамдағы орны мен борышыныңмаңызыніштей түсінуі, өзін-өзі бағалаутұлғаның моральдық және басқа сапаларын бағалаудағы әлеуметтік маңызд түйіндерге негізделеді.
Азаматтардың ар-намысына, қадір-қасиетне және іскерлік беделінекір келтіретін мағлұматтар қатарына баспасөзде жарияланған теріс мағлұматтар, радио және теледидар арқылы жәнебасқа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілген хабарлар, қызмет мінездемесінде және басқа мінездемелерде, жария сөз сөйлеулерде,түрлі ұйымдар менлауазымды тұлғаларға бағытталған, оның ішінде ауызекі түрде айтылған хабарлар жатады. Ауызекі нысандағы мағлұмат бір немесе бірнеше тұлғаға қатысты болуы мүмкін.
Азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік дебеліне кір келтіретінмағлұматтар таратылған болса, олар мұндай мағлұматтарды теріске шығарумен бірге олардың таратылуыменөздерінекелтірілген залалдың немесе моральдік зиянның орның толтыруды талап етуге құқылы. Егер азаматтыңнемесе заңды тұлғаның ар-намысына,қадір-қасиетіне іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтардытаратушыныанықтау мүмкінболмаса, өзі жөнінде осындаймағлұматтар тараған адам таратылған мағлұматтарды шындыққа сай келмейді деп тануытуралы сотқа шағымдануға құқылы.
Егер жауапкер соттың шешімін орындамаса, сот оған тәртіп бұзғаны үшін бюджеттің кірісі өндіріліпалынатын айыппұл салуға құқылы. Айыпппұл азаматтықіс жүргізу заңдарында белгіленген тәртіп пен мөлшерде салынады. Айыппұл төлеу тәртіпбұзушыны сот шешімінде көзделген әрекетті орындау міндетіненбосатылады.
Сонымен, Қазақстан Республикасының біртұтас құқықтық жүйесі бірнеше салаға бөлінеді, соның бірі, біз талдап отырған – азаматтық құқық.
Қазіргі нарықтық экономикажадайында ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғауда азаматтық құқықтың алатын орны ерекше. Азаматтык кодекстің 3-бабының 4-тармағында азаматтық қатынастарғұрыптармен, сонң ішінде іскерлікайналым ғұрыптарыменреттелетін ережелерімен белгіленетінің атап өтуіміз керек.
Азаматтық кодекстің 272-бабында іскерлікдағдылардың қолданылу мүмкіндігі көзделген. Атап айтқанда, міндеттеме тиісті түрде, міндеттеменің ережелерімен заңдардыңталаптарына сәйкес, ал мұндай ережедерталаптар болмаған жағдайда іскерлік айналм ғұрыптарына немесе әдеттеқойылатын өзге де талаптарға сәйкесорындалуға тиіс. Сонда ғана азаматтық айналымға орныққан мінез-құқлық ережелері іскерлік дағдылар деп түсініледі.