АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ: ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Біз жоғарыда қарастырып өткен философтардың еңбектерінде, азаматтық қоғам қарама-қарсы мағынадақарастырылып немесе аталып отырылады.

Аристотельден бастап, мемлекет саясатпен тікелей байланыстағы құрылым деп түсіндіріліп келеді. Ол адам саяси тұлғаболғандықтан да мемлекет сонын табиғи нәтижесі деп санайды. Осыған орай адам өмірінің адамгершілік, неке-отбасылық, экономикалық, т.б. салалары саясаттандырылған. Сот, халық жиналысы сияқты салаларғаараласқандар ғанаазамат саналады. Демек, азаттық қоғам – саяси тұлғалар қауымдастығы. Осы орайда біз қарастырыпотырған тақырыпқабайланыстытағы бір мәселе – мемлекеттік басқару немесе азаматтардың саяси теңдігі мәселесі алдымыздан шығады. Аристотель саяси қайраткерлерді мәжлістерге, сотқасайлауға қатысып лауазым иелерінің есебінтыңдайтындар жәнеқызметкерлер деп екі түрге бөлді. Екіншісінің біріншісіне қарағанда жеке меншігі бар, демек қайырымды. Аристотель жеке меншігі жоқтар қалай қайырымды болады деп ой тастады. Оның пікірінше, жеке меншік – мемлекеттің өмір сүруінің, сондай-ақ азаматтық қоғамның да бірден-бір негізі.

Италия ойшылы Николло Макиавелли (1469-1527)-қайшылықты тұлға болғаны белгілі. Ол бір жағынан абсолютизмді жан сала қорғаса, екінші жағынандемократия үшін де күресті. Оның ойынша, халықты қорқыту арқылы билеугеқұқы бар патша күш қолдануға дейінбарғанымен қол астындағларыныңжек көрунеұшырап қалмау үшін мүліктік және бас құқықтарын бұзуға бара бермейді. Бұл жерде адамның саяси бағыныштылық қызметінен басқа да жақтарының барлығы ескеріледі.

Азаматтық қоғамды саяси тұрғыдан да түсіндіруге болады. Макиавелли “Ойлар” деп аталатын еңбегіндемемлекет өзініңбилігі үшін қанауды күшейтіп, қоғамның түрлі қызметтерін әлсіретіп, жоюға тырысатындығын жазады. Бұдан қоғам мен мемлекеттің, азаматтық және саяси аяның бөлекше екендігі көрінеді.

“Азаматтық қоғам” ұғымының бірінші рет белсенді қолданған Т.Гоббс. Бірақ оның Макиавеллиден өзгешілігі – азаматтық қоғам менмемлекетті бір-біріне қарсы қомайды.

Ағылшын ойшылы Дж.Локкта (1632-1704) Гоббс сияқты “азаматтық қлғам” терминің жиі қолданып қана қоймай, ашық болмаса да бірінші рет азаматтық қоғамның мемлекеттен басымдылығын жариялады.Бұл идея азаматтық қоғамныңнегізі жеке меншік екендігін мойындауға негізделген. Оркк үшін жеке меншік қасиетті, оған қол сұғуға болмайды. Саяси билік жеке меншіктіреттеп, сақтап отыру заңдарын жасауға ғана құқылы.

Француз ағартушысы Шарль Луи Монтескье (1689-1755) ебектерінде азаматтық қоғам отбасы, қоғам дамуының нәтижесі, адамзат тарихының табиғи күйінен кейінгі төртінші сатысы. Азаматтық қоғам бір-бірінеқарсы адамдардың қоғамы; ол кейін жауласудансақтандырып отыратн күш қолдану органы мемлекетке айналады. Монтескьеазаматтық қоғам менмемлекетті тең санамайды. Азаматтыққоғам заңдары-азаматтық, жеке меншік заңдары. Монтескье азаматтық қоғамдағы саяси заңдардың жеке меншік заңдарыменқайшылықты бірлігін негіздеді.

Неміс ойшылы И. Канттың (1724-1801) саяси көз қарастары Ж.Ж.Руссо идеяларыныңәсерімен қалыптасты. Бірақ Кант азаматтық қлғам, демократия туралы түсініктерді тереңдете түсті. Ең бастысы ол диалектикаға көбірек мәнберді. Канттың пікірінше, біріні рол адам табиғатында жатыр.

Ұлы философ Гегель, бір жағынан, өзіне дейінгі айталған пікірлерді қабылдаса, екінші жағынан, “азаматтық қоғам — мемлекет” дихотомиясына жаңа өзгерістер енгізді.

Гегель “азаматтық қоғам” және “мемлекет” ұғымдарына мүлдем жаңа сипат берді. Екеуі жай ғана ұқсас, өйткені қарама-қарсылықтар бірлігі көптегенәлеуметтік жіктер негізінде ғана өмір сүре алады. Гегельде “жалпы субстанция” логаникалық жағынанерекшеленетіндіктен де тірі сияқты.

Басқаша айтқанда азаматтық қоғам мен мемлкет іштейбөлшектенетінболғандықтан да шынайы болады.