Ж.БАЛАСАҒҰН., М.ҚАШҚАРИ ЖӘНЕ А.ИАССАУИ ШЫҒАРМАЛАРАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ИДЕЯНЫҢ МАЗМҰНЫ

VІІІ-ХІ ғасырларда Ориа Азия мен Қазақстанда ислам дінінің тарауына байланысты араб тілі мен жазуы кеңінен қолданыла бастады. Ірі қалаларда білім беруісімен ғылым дамыды. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жеріндеисламның кең етес алуынан ерте түрік сына жазуы ығысып, араб әліппе негізінде жаңа түркі жазуы қалыптасты. Түркі және араб тілдеріндеәдеби және ғылыми шығармалар жазылды.

ХІ-ХІІ ғасырларда Қарахан мемлекетініңкүшеюімен бірге мәдениет те құлашын кеңге сермеді. Араб Шығсы мен Үнді-Иран және Орта Азияәлемінде әлеуметтік – құқықтық ой-пікірдің дамуына әсереткен “ақыл-ой төңкерісі” болды. “Мұсылмандық Ренессанс деп аталғаносы дәуірде өмір сүрген Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Ахмет Иассауи тағы басқағұламалардың шығармаларыкөпшілік қауымға кеңінен мәлім болды.

ХІ-ХІІ ғасырлардағыәдеби поэзиялық шығармалардыңкөрнектілерінің бірі – Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” (“Қалай бақытты болу жағдайындағы ғылым”) поэмасы.

Қарахан мемлекетінің астанасы Баласағұнда 1015 жылы дүниегекелген Жүсіп сол кездегімемлекет басшысыСатұқБограханның бас-хаджиб мемлекеттік кеңесшісі лауазымын атқарған. Оны бүкіл әлемге танытқан – “Құтты білік” (1069) поэмасы. Энциклопедиялық еңбекке айналған бұл дастандамемлекетті басқаруәдістері, билеушілердің әдептік ережелері, қоғамдық-әлеуметтік, саяси мәні барнұсқаулар менережелер, адамдар арасындағы түрлі деңгейдегі қарым-қатынас мәселелері қарастырылады.

“Құтты білік” поэмасының басты идеясы төотпринципке негізделіп жазылған. Біріншісі, мемлектті дұрыс басқару үшінқара қылды қақ жаратындай әділзаңның болуы, екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек, үшіншісі, ақыл-парасат, төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі.

Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” дастанында шығыс әсерінен гөрі түркі халықтарының бай ауыз — әдебиеті,фроьклоржанрларының әсерібасым сияқты. “Құтты білікте” салт жырларыныңдәстүрі басым. Бұл реттен Жүсіп исламнан бұрынғыәдет-ғұрыпты көбірек жырлаған. Сол себепті Жүсіп Баласағұнның шығармасында бір ғана шғыс әсері үстем деп айтуға болмаса керек. Түркі тілдес тайпалардың тілінде жазылған сан – алуан тұрмыс – салт жырлары сол кездің өзінде – ақ аз болмаса керек. Олар айтыс, толғау, терме түрінде айтылған. Жүсіптің сүйенген үлгісі халық ауызындағы осындай дәстүрге байланысты болған.

Сонмен, тәлім-тәрбмелік маңызы бар Жүсіп Баласағұн еңбектері сол дәуір үшін идеологиялық қызмет атқарды. Оның мақалға айналған көптегенережелері мен сөздері осы күндері де өз актуалдықтарын жойған жоқ.

Орта ғасырлық жұлдыөдарымыздың бірі Махмұд Қашқари ХІ ғасырда Қашқарда дүниеге келіп, Шу, Таласөңіріндегі Баласағұн қаласында өмір сүрген ғалым. Ол ұлы әдебиетші, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші, ойшыл-философ, белгілі саяхатшы “Түркі тілдерінің жинағы” кітабын 1072-74 жылдары жазған. З заманындағы түркі, араб граматикасын жасап жетік білген. Бүкіл түркі ру-тайпаларын аралап, олардың тіл ерекшеліктерін, сөздік қорын зерттеген. Сөйтіп, түркі тілдерінің салыстырмалы граматикасын жазып шыққан.

Махмұд Қашқари адамдарды өнер білімге, әдептілікке шақырып, адамгершілік, мораль, этика, ұйымшылдық мәселелерін сөз етті. Оның түркі халықтарының бйіттерінде табиғат сұлулығы, махаббат, көркемдік, парасаттылық білім, батырлық суреттеледі.

Ерте түркі дәуіріндегі ірі ошылдардың бірі, бүкіл түркі жұртын имандылыққа, ізгілікке, рухани тазалыққа шақырған – Құл Қожа Ахмет Сұлтан Иассиуа еді. Ол ХІІ ғасырда қазіргі Оңтүстік Қазақсатан облысының Сайрам жерінде дүниеге келген.

Иассауидің жалпы еңбегі “Диуани хикмет” (“Даналық кітабы”) түркі тілінде жазылған рухани және гуманистік бағыттағы шығарма.

Оның еңбектіреініңнегізгі мазмұны сопылық жолындағымұсылмандық ілімнің қағидаларынжүзеге асырудың, оларды күнделіктіөмірде қолданудың әдіс-тәсілдерін үйретуге арналған. Сопылық ілімді игеруде төрт сатыдан өту керектігі айтылады: 1) шариғат; 2) тарихат; 3)мағрипат; 4)ақиқат.

Ахмет Иассауи адам мен қоғам мәселелеріне айрықша көңіл қойған. Ол құдай атынан адамдард парасаттылыққа, әділдікке, адамгершілікке үндейді.

Халық Ахмет Иассаумдің Отаны –Қазіргі Түркістан қаласын “Кіші Мекке” деп атап кетті.