Бас бостандығынан ауыру жазасына отталған адамдардың қауіптілігін жорғары болуына байланысты, басқа жазаларға қарағанда түзеу мекемесінде қатал тәртіп қолданылады. Міне , осы жазаны өтеу кезіндегі қаталырақ жағдайдың түрі мен көлемі қлмыстық атқару заңында белгіленіп, ол түзеу мекемелеріндегі режимді білдіреді.
Бас бостандығынан ауыруға сотталғандарды режим жағдайында ұстау сотталғандарды жазалаудың және тәрбиелеудіңнегізгі құралы, сондай-ақ түзеу мекемелерінің алдында тұрған міндет жазаның мақсатына жетуге жағдай жасайтын тәсіл болып табылады.
Режим ұғымын тар және кең мағынада қарастыруға болады. Тар мағынада режим-бұл қылмыстық атқару құқығы нормалырымен реттелетін бас бостандығын айыру жазасын өтеумен атқарудың тәртібі болып табылады. Демек,түзеу мекемелеріндегі режим белгілі бір нормативтік актілер арқылы, яғни қылмыстық атқару заңымен анықталып, ТМ-дегі ішкі тәртіп ережесімен әділет министірлігінің өзге де бұйрықтарымен толықтырылады. Режим бас бостандығынан айыруғасоталғандардың жаза өтеу мәселеріне арналғандықтан оның мазмұны көлем толығымен нақты заңдарды бейнеленуге жатады. Бұл –біріншіден , ал екіншіден режим бас бостандығын айыру жазасына ғана қолданылады. Бас бостандығын айыру жазасына сотталғандардың қауіптілік деңгейі әр түрлі болуына байланысты режимде әр түрлі деңгейдегі құқықтық шектеулерді қолданады. Мысалы: түзеу колонияларндағы әр түрлі режимдер бір –бірінен құқықтық шектеулердің көлемі, яғни берілген құқықтармен қойылатын талаптардың көлемі арқылы ажыратылады. Бас бостандығын айыру жазасына режим берілгенде, режимнен туындайтын қатал талаптардың сақталу арқылы сотталғандарды түзеу көзделінеді.
Режим- аталған жаза түрін өтеумен атқарудың тәртібін белгілейді. Жалпы қылмыстық атқару заңыныңқылмыстық заңда көрсетілген жазалардың барлығын атқарылу мен өтілуінің тәртібімен жағдайларын қарастыратынын белгілейді. Ал, бас бостандығын айыру жазасына келгенде қылмыстық атқару заңы да міндетті режимде белгілеу немесе оны қолдану арқылы атқарады. Демек, “Режим” бас бостандығын айыру жазасында қылмыстық атқару заңының мақсатын орындайды. Жазаны өтеумен атқарудың тәртібі дегенде “өтеу” сотталған адамдарға мемлекет тарапынан қойылатын міндет, талапты білдіреді. Ал, “атқару” қызметі- ол қоғамның осы саласынан туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге арналған заңмен белгіленген мемлекет жұмысы. Сондықтан жазаны өтеушілер қашанда сотталғандар, ал атқарушылар ол әр уақытта мемлекет атынан арнайы ұйымдастырылған түзеу мекемелері. Демек, режим талаптары осы құқықтың екі субъектісіне , яғни сотталғанда, түзеу мекемелеріде қолданылады. Біріншіден –сотталушыны бас бостандығын айыру жазасына сотталғанда міндетті түрде жаза өтеу режимін басынан кешіреді. Екіншідн, түзеу мекемелрі соталғанның жаза өтеуін іске асыратындықтан олар да міндетті түрде қылмыстық атқару заңында белгіленген қатал талаптарды сақтауға міндетті. Басқашаайтқанда түзеу колонияларынның әкімшілігі де өз қызметін қылмыстық –атқару заңы негізінде атқарады. Барлық түрмелер түзеу колониялары, тәрбйелеу колонялары заңда көзделген режим жағдайында жұмыс жасайды. Режимнің талабының түзеу мекемелері әкмшілігіне таралу себебі осында.
Режимнің кең мағынадағы ұғымы жазаны өтеумен атқарудың тәртібі, осы жазадан туындайтын қоғамдық қатынастардың қолданатынын анықтаумен байланысты. Қылмыстық-атқару кодекснің 77 бабындаТүзеу мекемелерінде режим –сотталғандар күзету мен оқшаулардықамтамасыз ететін және заңға сәикеснормативтік-құқықтық актілермен реттелетін жазаны атқару мен өтеудіңтәртірбіоларды ұдаиықалдағалау өздеріне жүектелгенміндетерді атқаруолардыңқұқықтарымен заңды мүделерінжүзеге асырусотталғандар мен қызметкерлердің қауіпсіздігі ,сотталғандардың түрлі санаттарын бөлек ұстау ,тағаиындағантүзееумекемелерінің түріне қараиұстаудың түрлі жағдаилары,жазаны өтеу шарттарын өзгерту –деп ,жазаны өтеумен атқару кезіндетуындаитынтоптық қатнастардыңбір шамасын айтады. Яғни режимнің көлемі бас бостандығын айыру жазасынабайланыстытундайтынқоғамдыққатнастарменаықт алады . Басқаша айтқанда бас бостандығын айыру жазасынабайланыстыбарлыққоғамдыққатнастаррежим талабымен реттеледі.
Режим- бас бостандығын айыру жазасыныңмааңызы мен мазмұын білдіреді. Бұл жазада ,жазаның мақсаты ,оның құрылысы ның элементтеріанық көрінеді.Түзеу мекемелеріндегі режимінде сотталғандарды түзеу ғана сонымен бірге олардың құқықтарын шектеу және жаза өтеу міндетін мәжбүлі түрде жүргізу арқылы жазалау немесе сазайын тарттыру арқылы іске асырылады. Басқа жазалар түріне қарағанда, бұл жазада құқық шектеулермен талаптардың көп қоиылуы яғни ұоғамнан сотталушының аластатылуы, оған жазаны дұрыс өтеу талаптарының қоюы, мұның бәрі әрине, режим мазмұныныда жазалау , дәлірек айтқанда сазайын тарттырудың да бар екендігін көрсету. Бұл- жазаны өтеушілерге қатысты. Ал , режим талаптарын іске асырушы түзеу мекемесі әкімшілігі, оларға режим талаптарынан туындайтын жазаны атқару мәселесіне байланысты құқықтармен міндеттер атқарады. Сонымен қатар режим –осы жазаға барлық құқықтық қатынас субъектілерінің қызметін белгілейді.
Режим талаптары түзеу колониясына қатысты жерлерде ғана қолданылады деп айтулға болмайды. Ол түзеу колониясынарынан түрмеден, тәрбие колониясынан тысқары жерлерде де қолданылады.Мыс: ҚАК-нің 77-бабының 6- бөлімінде “түзеу мекемесінің әкімшілігі мекеменің аумагғындағы және оған Жоспар:лас режимдік талаптар белгіленгенаумақтардағы адамдарға олардың заттарына, көлік құралдарына тексеру жүргізуге сондай-ақ тізбесі ҚР-ның заңдары мен түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерімен белгілентін тиым салынғанзаттармен құжаттарды алып қоюға құқылы” –дейілінген. Демек , режим түзеу колонияларына шикі зат , азық түлік т.б тасмалдайтын жұмысшыларғатүзеу мекемесінен тысқары жерлерден жұмыс істейтін, тұратын, бас босандығынан айыру жазасына сотталған адамдарға заңда белгіленген көлемде қолданылады. Сондықтан режим талаптары бас босандығынан айыру жазасына қаты сушы субъектілерге ғана емес, сонымен қатар аумақтық кеңестік көлемінде де қолданылады.
Түзеу мекемелеріндегі режим- тәрбиелік және жазалау қызметінен басқа қамтамасыз етушілік, әлеуметтік бақылау қызметтерін атқарады.
Режим- сотталғанды жазалай отырып, оны белгілі бір деңгейде тәрбиелеуді көздейді. Қоғамға қауіпті іс -әрекет жасағандығы үшін қоғамнан оқшауланған сотталғанды режимнің қатаң талаптарын қолдану арқылы түзетуге де болады.
Режимнің мақсатын, қызметін іске асыру үшін ол белгілі бір талаптарға сай болуы керек сол талаптарғатөтеп бере алғанда, қылмыстық атқару заңының осы саладағы қызметі іске асырылады.
Бас босандығынан айыру орындарындағы режимінің негізгі талаптары мыналар болып табылады:
- сотталрғандарды қоғамнан оқшаулау :
- үнемі күзет және бақылау жүргізу;
- сотталғандарға жүктелген міндеттердің орындалуы;
- сотталғандардың заңды мүдделерімен құқықтырын іске асыру;
- түзеу мекемелерінде түрлеріне қарай оларға жаза өтеу кезінде әр түрлі жағдайларды белгілеу
- жазаны өтеу жағдайларын өзгерту;
Сотталғандықоғамнан оқшаулау –бұл түзеу мекемелерінің алдындағы негізгі мақсаттарының бірі, сотталғанды түзеудің құралы ғана емес сонымен бірге жаза өтеп жатқан адамдардың қайтандан жасау мүмкін қылмыстарынан қоғамды құрайтын тәсіл болып табылады. Қоғамнан оқшаулау дегеніміз сотталғанның жеке басбостандығын шектеп оны үнемі күзетпен әкімшілік бақылауда ұстау болып табылады.Сотталған жазаны қоғамнан бөлек өтегенде оған бостандығындай қажет адамдармен кездесу мүмкіншілігі беріле бермейді, оның саны шкетеледі немесе түзеу мекемесі тысқары шығуға тиым салынған жерлеріне баруға рұқсат етілмейді, сондай-ақ үнемі қарулы күзетпен бақылауда болады. сотталғандарды қоғамнан оқшаулаудың көлемі бір келкі емес ол түзеу мекемесінің түріне ондағы жаза өтеудің жағдайларына байланысты әртүрлі деңгейде бола алады. Мысалы: түрмеде жаза өтеушінің жеке басы қоғамнан толық аластатылса, қоныстану колонясында жаза өтеуші адамның жеке басы жартылай қоғаммен байланысты болады. Түзеу мекемелерінің қай-қайсысында болмасын сотталоғанды қоғамнан маральдық , саяси, мәдени, руқани, тұрғыларданаластатуға болмайды түзеу колонияларының сыртындағы биік қабырға –сотталғанды жеке басы тұрғысынан қоғамнан ажырату, сондай-ақ түзеу мекемелерінің өз қызметін ыңғайлы әрі тиімді түрде жүзеге асыруы үшін қажет. Ол биік қабырға қоғамның түзеу мекемесінің қадағалауына еш кедергі болмауы керек.
Сотталғандар жазаны қоғамнан оқшау жағдайда өтейтін болғандықтан олар үнемі қарулы күзетпен қадағалауда болады. Үнемі күзетте бақылауда болу сотталғанға үлкен жазалаушылық сезім тудырады. Сотталған жалғыз болғанда да мысалы жеке камераға қамалғанда да әкімшіліктің бақылауында болады.