“Ақтау” сөзінің мәні оның ұғым ретінде сот арқылы құқықты қалпына келтіру, жақсы атақты, бұрынғы беделді қалпына келтіру сияқты элементтерді қамтитыны туралы айтуға мүмкіндік береді. Яғни адамды ақтау ұғымы, зайда белгіленген негіздер бар болған жағдайда, қылмыстық ізге түсудің тоқтатылуына, жазаны өте Кімі күшінің жойылуын білдіреді. Сонымен бірге қылмыстық іс (қылмыстық ізге түсу ) тоқтатылуының бәрі бірдей қылмыстық іс жүргізушілік мағынасындағы ақтауды білдірмейді.Ақтау-бір кездері басталған қылмыстық ізге түсуді, сотта іс қарауды одан әрі жалғастырудан тек қана оң сипаты бар негіздемелер бойынша мемлекттің өкілетті орган дар мен лауазымды адамдар атынан бас тартуы.
Қылмыстық істі тоқтату үшін негіздемелердің ақтайтын және ақтамайтын деп бөлінуі аталған мән-жайларға байланысты. Сондықтан, қылмыстық іс жүргізушілік ақтау ұғымын тек қылмысты процесті жалғастырудан бас тартудың оң негіздерімен ғана байланыстыру қажет.
Қылмыстық процесті жалғастырудан тек соттың немесе қылмыстық ізге түсу органының ғана бас тартуына болады.
ҚІЖК-тің 39-бабына сәйкес ақтау негіздеріне мыналар жатады:
- Қылмыстық оқиғаның болмауы
- әрекетте қылмыс құрамының болмауы
- ҚРҚК-ң мына баптары бойынша 105,111,112,120,(1-б),121,(2-б),123,129,130,136,140,142,144(1,2-б),188(1-б),296(1-б),300(1-б)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша, яғни жеке айыптау істері бойынша жәбірленушіні шағымының болмауы;
- Сол айыптау бойынша сот үкімінің заңды күшіне енуі немесе, егер адамдардың қылмыстық ізіне түсудің мүмкін емес екені анықталса, ол жөнінде күші жойылмаған сот қаулысының болуы;
- Егер қылмыстық ізге түсу органының сол айыптау бойынша қылмыстық іс қозғау туралы күші жойылмаған қаулысы бар болса, адамдардың қылмыстық ізіне түсуден бас тарту;
Аталған негіздердің кез келгені бар болған жағдайда адам кінәсіз деп саналады және оның ҚР-ң Конституциясымен кепілдік берілген құқықтармен бостандықтарын қандайда бір шектеуге болмайды.
Қылмыстық істің тоқтатылуына себеп болатын ақтау негіздерінің мәні туралы М.С Строговичтің айтқан пікірі ерекше мәнді. Ол былай деп жазды: “Осы негіздердің әрбір адамның айыпталушы ретінде тартылуына жол бермейді және айыпталушы ретінде тартылған адамдардың кінәсіз екенін анықтайды, өйткені бұрын жорамалдағанына қарамастанқылмыс жасалмаған, не жасалған әрекет қылмыс болып табылмайды.”
Адамды атау үшін көзделген негіздер түгелдей толық қамтылған және кеңейте түсіндіруге жатпайды.
ҚІЖК 37-бабының мәні бойынша қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар бар болса, қылмыстықізге түсуді қозғауға болмайды, ал қозғалған тоқтатылуға тиіс. Бұл қағида ақтауға тек іс бойынша басталған іс жүргізуге байланысты бөлікке ғана қатысты. Адамдарды қылмыстық іс жүргізу тәртібімен тек қылмыс жасады деген айыптау бойынша оның қылмыстық ізіне түсу басталған немесе сот ол жөніндегі қылмыстық істі өз қарауына қабылдаған жағдайда ғана ақтауға болады.
Сонымен, қылмыстық іс жүргізушілік ақтауды тек бастапқы сәт қылмыстық іс қозғау, ал топкісәт-соттың ақтау шешімін шығаруы болып табылатын шектерде ғана жүзеге асыруға болады. Бұл жағдайда адамныңөзі жөнінде
- Қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асыратын органның заңсыз іс әрекеттерімен келтірілген зияндыөтетін алуға құқығы бар тұлғалар.
Қылмыстық іс қозғалғанын білуінің, сондай-ақақтау негіздері бойынша істің тоқтатылуына оның қарсылық білдіруінің ешқандай маңызы жоқ.
Негіздер бар болған жағдайда қылмыстықіс жүргізушілік ақтауды қолдану- соттың, қылмыстық ізге түсу органының міндеті. Ақтау негіздері анықталған жағдайда қылмыстық іс сотқа дейінгі іс жүргізудің кез келген сатысында тоқтатылады.
Егер іс сотқа жіберілсе, ал адамдарды сотқа прокурор берсе, ал айыпталушыны ақтау үшін негіздер бар екенін байқаған жағдайда істі соттан басты сот тергеуі басталғанға дейін кері қайтарып алуға және істің жүргізілуін тоқтатуға құқылы. Егер ақтау негіздері сот тергеуі барысында байқалған болса, іске мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысушы прокурор айыптаудан бас тартатыны туралы мәлімдеуге міндетті. Қаралып отырған негіздерді соттың байқауы айыпталушыны ақтау үшін көзделген шаралардың қолданылуын қажет етеді.
Ақтау қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерінің салдарынан келтірілген зиянды өтеуге бағытталған шешімдер қабылдауды қамтиды. Сол органның қатарына сот, қылмыстық ізге түсу органдары (прокурор, тергеуші, анықтау органы, анықтаушы.) жатады. Айыпталушыны қылмыстық іс жүргізушілік ақтау үшін негіздердің байқалуы қылмыстық процесті жүргізуші органның іс-әрекеттері заңсыз болғанын білдіреді. Заңдылықтың бұзылуына жол берген органның анықталуы нақты ақтау негізімен, қылмыстық процесссатысымен және қылмыстық іс жүргізу субъектісінің шеңберімен байланысты. Бұзылған құқықты қалпына келтіруге бағытталған өзге де жалғас нысандардың таңдалуы заңдылықтың бұзылуына қандай органның жол бергеніне байланысты. Заңдылықтың бұзылуына жол берген органның анықталуы келтірілген зиянды өтеу көздерін анықтауға ықпал етпейді, бірақ заңдылықтың бұзылуына себеп болған мән-жайларды жою үшін оның маңызы бар.
Қылмыстық іс жүргізушілік ақтау толық немесе ішінара болып бөлінеді (ҚІЖК-42-б). Толық ақтау адамдардың бұзылған барлық құқықтарының қалпына келтірілуін, қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттері салдарынан келтірілгензиянныңбарлық түрлерінің толық көлемінде өтелуін білдіреді. Толық ақтау қылмыстық істің тоқтатылуы жүзеге асырылатын айыптаудың көлемімен айқындалады. Егер әңгіме қылмыстық істі айыптаудың бүкіл көлемі бойынша, ҚК-те көзделген, жүктелетін барлық әрекеттер бойынша тоқтату жайында болса, ақтау толық дептанылады. Егер іс ҚІЖК-ң 39-бабында көзделген негіздер бойынша адамға тағылған айыптар бойынша тоқтатылатын болса, ақтау ішінара сипатта болады. Ішінара ақтау келтірілген зиянның заңдылықтың бұзылуына жол берілген мөлшерде өтелуін көздейді. Мәселен, адамға ҚК-ң баптарының жиынтығы бойынша айып тағу, сол баптардың бірі бойынша қылмыстық процесті тоқтату ақтау туралы ережесінің тек айыптаудың іс жүргізу тоқтатылған көлемінде ғана қолданылуына әкеп соғады, бірақ ҚК-ң ақтау күшін негізде көзделмеген бөлігі мен баптары бойынша қылмыстың тоқтатылуына әкеп соқпайды. Басқаша айтсақ, адамға ҚК-ң 3-бабы бойынша айып тағылған. Сол баптардыңбірі бойынша мерзімі ескірген. Мерзімі ескірген қылмыс бойынша ұылмыстық істі тоқтату, сол қылмысқа байланысты заңсыз іс-әрекеттер салдарынан келтірілген зиянды өтеу ішінара ақтауды білдіреді, өйткені өзге қылмыстар бойынша қылмыстық іс одан әрі жүргізілуге береді.
Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әс-әрекетінің салдарынан келтірілген зиянның өтелуіне өз құқығымен бостандықтарынан қысым жасалған сезіктілер мен айыпталушылардың айтарлықтай басым бөлігінің құқығы бар. Заңсыз ұстаудың, қамауға алудың, үйде қамауда ұстаудың, қызметке уақытша шектеудің, арнаулы медициналық мекемеге орналастырудың, соттаудың, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың нәтижесінде келтірілген зиян өтелуге тиіс. Мүліктің зиян республикалық бюджетке толық көлемінде өтеледі. Мұндай зиянды өтеу үшін қылмыстық процесті жүргізуші органның қаншалықты кінәлі екендігінің маңызы жоқ.
Өтелуге тиісті материалдық зиянның мөлшері заңдылықтың бұзылуына жол берген органдар арасында бөлінбейді. Тиісті өтем төлемдерінің түгелдей республикалық бюджеттен төлену үшін мүліктік зиянды өтеуге заңды негіздердің анықталуы жеткілікті.
ҚІЖК-ң 40-бабына сәйкес қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зиянның өтелуіне құқығы бар адамдар бес топқа бөлінген;
- 39-бабына сәйкес қылмыстық іс жүргізушілік ақтауға жататын адамдар.
- Өздеріне қатысты қылмыстық іс қозғамауға тиісті, ал қозғалған іс ҚІЖК-ң 40-бабының 2-бөлігінің 2-тармағында көзделген бірқатар негіздер бойынша қысқартылуға тиісті адамдар. Ол негіздер мыналар:
Жәбірленушініңайыпталушымен татуласуы.Бұл жағдайда ауыртпалығы шағын немесе орташа қылмыстың алғаш жасаған айыптаушы жәбірленушіге келтірілген зиян жуып-шайылған жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.(ҚК-ң 67-б).
Жеке айыптаушының ҚІЖК-ң 33-бабының 1-бөлігінде көзделген жеке айыптау қылмыстық туралы істер бойынша айыпталудан бас тартуы.
Аталған негіздерді жүзеге асыру үшін міндетті шарттар мыналар:
- жеке айыптау ісі бойынша жәбірленушінің шағымы болмауына, яки қылмыс дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайда не басқа себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамның мүдделері не басқа адамның қоғамның немесе мемлекеттің елеулі мүдделерін қозғайтын көрсететін белгілер болмауына қарамастан қылмыстық іс қозғау. (қіжк 33-бабы 2-б ) 34-б, 2-бөлігі)
- қылмыстық істі ҚІЖК-ң 33-б-ң 2-б-де 34-б-ң 2-б-де көзделген белгілердің болмауына қарамастан қылмыстық ізге түсуді болдырмайтынжағдайлар анықталмаған сәттен кейін тоқтатпастан одан әрі жүргізу.
- Өздеріне қатысты қылмыстық іс рақымшылық ету актісінің шығуына, жасалған қылмыс үшін жаза соған сәйкес қолданылмайтын болуына, сондай-ақ мерзімнің ескіруіне байланысты тоқтатылуына тиісті адамдар. Келтірілген зиянды өтеу үшін аталған негіздер міндетті шарт ретінде қолданғанда қылмыстық ізге түсу, қылмыстық істі қысқартудың тиісті негіздері анықталғанына қарамастан одан әрі жалғастырады.
Қылмыстық процесті жүргізуші органның іс әрекеттерінің заңсыздығы мынада:
- егер мерзімнің ескеруі анықталуы, қылмыстық ізге түсу жалғастырылатын болса, қылмыстық іс жүргізу заңын қолдану принципі бұзылады.
- Егер айыпталушы рақымшылық етуге жататын болып, оның қылмыстық ізіне түсу тоқтатылмаса қылмыстық іс жүргізу заңын адамға қолдану принципі бұзылады.
- Қылмыстық процеске заңсыз қатыстырылған адамның рақымшылық ету актісіне немесе мерзімінің ескіруіне байланысты оларға қатысты қылмыстық істің тоқтатылуына келісімі ескірмейді.
- Зиянды өтеу құқығын тану.
Аталған негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату үшін сол негіздерді анықтау бастамасышы кім: қылмыстық процесті жасаушы орган, айыпталушы, оның мүдделерін білдіретін немесе қорғайтын адам, немесе қылмыстық процеске қатысушы басқа адам екенінің маңызы жоқ. Келтірілген зиянды өтеу үшін қылмыстық процесті жүргізуші органның қылмыстық істі тоқтату үшін қашан анықтағанның маңызы жоқ. Қылмыстық істің тоқтатылуына себеп болған жағдайлары іс жүзінде пайда болған сәт маңызды. Мысалы мерзімі іс жүзінде 1 қаңтарда бітті делік. Қылмыстық процесті жүргізуші орган бұл мән- жайды 15 қаңтарда анықтады. Айыпталушының адвокаты бастама жасамай, 3 қаңтарда қозғалған істі тоқтату туралы тиісті өтінішті 10 қаңтарда ғана берді. Келтірілген зиянды өтеу құқығы пайда болған сәт деп 3 қаңтарда санау қажет. Мерзімі ескірген сәтпен осы негіз бойынша қылмыстық істі тоқтату үшін нақты негіздер пайда болатын сәт әрдайым бірдей үйлесе бермейді. Мұндай арақатынас қылмыстық істі рақымшылық ету актісіне байланысты тоқтатуға негіздер бар болған жағдайда да сақталады. Келтірілген зиянды адамдарға өтеу үшін нақты негіз рақымшылық ету актісі заңды күшіне енген сәттен бастап немесе рақымшылық ету актісі заңды күшіне енген сәттен бастап немесе рақымшылық ету айыпталушылардың нақты категориясына қатысты болатын сәттен бастап пайда болады.
- 4. Жасалған қылмыстық саралануы ҚРҚК-ң жеңілдеу қылмыс үшін жауаптылық көздейтін бабына сай өзгертілгеннен кейін, сонымен бірге ҚІЖК –ке сәйкес ұстауға немесе күзетпен ұстауға жол берілмейтін жағдайда қамауға алуға, бас бостандығынан айыруға кесілген, ұсталған немесе күзетпен ұсталған адамдар. Бұл шарттар сараланудың ҚК бойынша өзгертілуі жаңа, неғұрлым жеңілдеу жаза белгіленуіне немесе үкіммен айыптың бір бөлігінің алып тастауын жіне соған байланысты жазаның кемітілуіне көздейтін жағдайларға да қатысты. Заңда медициналық сипттағы мәжбүрлеу шарасын немесе тәрбиелік ықпал ету мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы сотың заңсыз шешімі сот жолымен тоқтатылған жағдайда да зиянның өтелуі көзделмек.
Заңды негізсіз тиісті мерзімнен артық қамауда ұсталған, сонымен бірге қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында іс жүргізуге мәжбүр етуді кез келген өзге де шарларына заңсыз ұшыраған адамдар.
ҚІЖК-ң 153-бабына сәйкес қамауға алудың түрлі мерзімдері көзделген: екі айда (іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу кезіндегі қамауға алынудың жалпы мерзімі) 12 айға дейін (ерекше жағдайда ҚР бас прокурорының рұқсатымен).