Өзіндік ұйымдардың бір ерекшелігі-сотталғандарғатәрбиелік ықпалдың өз ұжымын қолданылуында.
Өздігінен қызмет ету ұйымдарының міндеттеріне қоғамға пайдалы бастамаларды ынталандыру және сотталғандардыңтузеуіне ықпал жасап еңбекті,жұмысты және бос уақыттарды ұйымдастыру мәселелерін шешуге қатысу, тәртіппентыныштықты қолдауда әкмшілікке жәрдемдесу сотталғандар арасында салауатты өзара қатынасты қалыптастыру, сотталғандарға жәнеолардың отбасларына әлеуметтік көмек көрсету жатады. Сотталғандардың өзіндік ұйымдары түзеу мекемесінде жаза өтеу мен атқарудың тәртібі мен жағдайларына қайшы келмейтін жағдайда басқа да міндеттермен мақсаттарды шеше алады. ҚАК 107-бабының3-бөлігінде келтірілген міндеттер, өзіндік ұйымдардың көпшілік жағдайларда айналысатын мселелеріболып табылады. Сотталғандардың өзіндік ұйымдары түзеу мекемесі әкімшілігінің бақылауымен жұмыс істейді.
Сотталғандардың өзіндік ұйымдары дегеніміз, қызметі қоғамға пайдалы мақсаттарға жетуге бағытталған, соттаалғандардың мүшелерінен құрылған, бас бостандығынан айыру орындарындағы ұйым -әр түрлі игі міндеттерге жетуді көздейтін, сотталған адамдардың бірігуі арқылы түзеу мекемесінің заңды мүдделеріне атсалысу үшін құрылған ұжымы болып табылады.
Сотталғандардың өзіндік ұйымның мүшелері мұндай қызметпен айналысқандығы үшін ешқандай қосымша жеңілдіктерді иеленбейді. Бірақ, бұл қызметпен айналысу, олардың түзелу дәрежесін анықтау кезінде ескеріледі. Кейіннен сотталған адамдардыңмұндай тобына жазадан шартты түрде ерте босату немесе жазаның өтелмеген бөлігін жеңіл жаза түрімен ауыстырутәрізді көтермелеу шаралары қолданыла алады.
Өзіндік ұйымдар құрылған кезде оған мүшелікке өзін жақсы жақтарынан көрсете алған сотталғандар тартылады. Яғни,отталған өзіндік ұйымның мүшесі болу үшін, жазаны өтеу орындаға режим тәртібін бұзбаған, еңбеке адал қараған тәрбиелік жұмыстарға белсене араласқан, оқу мен кәсіптік даярлыққа ынталылық көрсеткен болуы керек.
Сотталғандардың өзіндік ұйымдары өзін-өзі басқару құқығын иеленеді және бұл ұйым жүргізетін барлық жұмыстарын түзеу мекемесі әкімшілігінің келісімімен іске асырады. Ұйымдастырылған жұмыстарға әкімшілік қызметкерлері қатысып оның қортындысына назар аударуы керек. Түзеу мекемесінің әкімшілігі отталғандардың өзіндік ұйымдарының кейбір өткізлмекші жұмыстарына келісім бермеуге құқылы. Мұндай жағдайда, келісім бермеудің себебі оларрға түсіндіріледі. Келісім берму себебін түсіндірудіталап міндетті жағдай деуге болады. Себебі, сотталғандардың ұйымдастырмақшыболған жұмыстарына әкімшліктің қарсы болуы сотталғандардың арасында тшүзеу мекеменің әкімшілігіне бағытталған реніш тудыруы мүмкін. Сондықтан әкімшілік соттлағнадардың өзіндік ұйымының беделін түсірмеу үшін, келіспеу себебін оларға хабарлауы тиіс.
Сотталғандардың өзіндік ұйымдарының түрлері және олардың жұмыс істеу тәртібі заңда анықталған және өзіндік ұйымдар мынадай түрлерге құрыла алады:
- колония ұжымының кеңе сі
- отряд ұжымының кеңесі
- бригадир кеңесі
Мұнанбасқа да өзіндік ұйымдардың түрлері болуы мүмкін. Мысалы, сотталғандырдың мәдени деңгейін көтерумақсатында, музикалық аспаптармен жабдықталған ансамбльдердің құруға рұқсат етіледі.
- Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға білім беру ерекшеліктері
Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға орта білім беру және оларды мамандыққа дайындау – соттлаоғандарды түзеу құралдарының бірі болып табылады. Оларға орта білім мен арнайы мамандық беру –сотталғанның қоғам талаптарына сай бола алатындай сапада болуы үшін ұйымдастырылады. Әсіресе, кәсіптік даярлау, сотталғанды қоғамға қажет сапада дайындауды көздейді. Сотталған мамандық ала отырып, ол мамандық бойынша жаза өтеу уақытында жұмысқа тартылып қана қоймай, жазадан бостатылғаннан кейінгі өмірінде де алған мамандығын пайдалана алады. Түзеу мекемелеріндегі 30 жасқа толмаған сотталғандардың орта білімі болмағанда оларға орта білім алу міндетті түрде жүргізіледі. 30 жастан асқан сотталлғандар мен 1 және 2 топтағы мүгедектер орта білімді өз қалауы бойынша алады. Орта білім беретін мектептер түзеу мекемелерінің аумағында ұйымдастырылады және білім беретін жергілікті мамандарды тарта отырып жүргізеді. Түзеу мекемелеріндегі мектептер, әдетте кешкі мектеп ретінде ұйымдастырылады. Сотталғандарды оқуға қажетті заттармен, яғни кітап-дәптерлермен түзеу мекемесі өзі жабдықтайды. Мектеп оқуға міндеттелген сотталғандардың оқуға баруын, отряд басшылары бақылайды және олардың орта білім алу үшін оқуға қатысуы мадақтау шараларын қолдануға негіз болып, түзелгендік дәрежесін анықтау кезінде ескереді.
Емтихан тапсыру уақыттарында жұмыстан босатылғандығы үшін оларға айлық табыс төленбейді, бірақ тамақ тегін беріледі.
Мектептің педагогикалық ұжымы тәрбие жұмысы бойынша түзеу мекемесінің әкімшлігіне көмек көрсетумен де айналысады.
Жаза өтеудің белгілеген тәртібін бұзғандығы үшін оқшаулау орнына қамалғандар жазалау мерзімі кезінде оқуғашығарылмайды.