БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫСТАР

Бас бостандығынан ауыру жазасын сотталғандарға қолданылатын түзеу құралдарыныңбірі – тәрбиелік жұмыстарды жүргізу болып табылады. Тәрбиелік жұмыстар сотталғандарды түзеуге бағытталған шаралардың жүйесін құрайды. Түзеу мекемелеріндегі тәрбиелік жұмыстар сотталғандардың адамгершілікқасиеттерін қалыптастыруға, психологиялық тұрғыдан қоғамға пайдалы көз қарасты болуға және қоғамдағы әлеуметтік ортаға бейімділігін арттыруға бағыттыльған. Яғни, тәрбиелік жұмыстар осындай жақсы қасиеттердің сотталғандар бойында қалыптасуы, сіңуі үшін жүргізіледі. Осындай маңызды жұмыстарды түзеу мекемелерінде жүргізудің тәртібіжағдайлары менқылмыстық атқару заңы нормалары мен реттеледі.

Табиғатты мақсат жағынан келгенде тәрбиелік жұмыстар таза құқықтық тұрғыдан шешілетін мәселе емес. Адамды тәрбиелеу жұмысы көпшілік жағдайларда психологиялық, педагогикалық адамдарды қолдануды талап етеді. Сондықтан, тәрбиелік жұмыстар табиғаты бойынша, заң мен реттелуге онша келе бермейді. Қылмыстық атқару заңында сотталғандардың еңбегі режим сияқты мәселелер түсніікті, анық шешілген. Ал, тәрбиелік жұмыстарға келгенде, заң- тәрбие жұмыстарын жүргізетін субъектілерге заңда қарастырылмағантәсілдерді, шараларды қолдануға рұқсат береді. Адамды тәрбиелеу жұмысы творчествалық жұмыс болып саналады, ол тәрбиелік жұмысты жүргізуші адамды тарапынан шыдамылықты әртүрлі тәсілдерді қолдануды, ол тәсілдердің түрлерін таңдауды әр адамның жеке ерекше қасиеттерін анықтауды, сондай-ақтағы да басқа көптеген факторларды ескерудіқажет етеді. Қылмыстық атқару заңы тәрбиелеу жұмыстарының міндеттерін, нысандарын, тәсілдерін анықтай отырып, жазаны атқарушы мекеме қызметкерлерінің де тәрбиелік бағыттағы нысандар мен тәсілдер туралы жеке ұсыныстарын қолдануға рұқсат берілген.

  1. Түзеу мекемелеріндегі тәрбиелік жұмытардың мазмұндары

Түзеу мекемесінің тәрбиелік бағыттағы жұмыстары іс жүзінде орындалғанда, сотталғанда еңбекте деген адал көзқарас, қоғам, адамзатқа деген сыйластық, қоғамдық пайдалы еңбекпен айналысу сондай-ақ жоғарғы мәдени деңгей қалыптасады. Адамды тәрбиелеу үшін оның ішінде қылмыс жасағандығы үшін сотталған адамдарды тәрбиелеу –бұл күрделі жұмыс.Ересек, яғни қалыптасып қалған адамдарды түзеу –барлық жағдайда орындала бермейді. Сотталғанға тәрбиелеу шараларын қолдану кезінде, тәрбиелік жұмыстардың бір жағы жемісті болғанмен, екінші жақтары әлі орындалмай жатады. Мысалы , сотталған жаза өтеудің міндетті талабы болуына байланысты еңбекке икемділік үйренуді де , ал шыдамдылық адамзатқа оң көзқараспен қарау тәрізді жақсы қасиеттерді бойларына сіңіре алмауы мүмкін. Сотталғанды түзеу мекемесінде осындай кемшіліктер болмау үшін, барлық түзеу құралдары ,яғни міндетті дене еңбегі, жазалау және көтермелеу шаралары оқу мен мамандыққа даярлау жұмыстары тәрбиелік жұмыстарымен бірге, бір уақытта қосылып қолданылады. Соның өзінде, бас бостандығынан айыру жазасын бұрын өтеген адамдардың қайтадан қасақана қылмыс жасауы немесе қоғамға пайдасыз жолға түсуі кездеседі. Бұл жайт адамның қалыптасып кетуіне, қылмыстық жолға дағдылануына байланысты.

Тәрбиелікжұмыстардан жақсы нәтиже сотталғандарды түзетудің өзге де құралдарымен байланыстырғанда шығады. Бас бостандығынан айыру жазасы өтеліп бітуі үшін көп уақыттарды қажет ететін жаза болып табылады.

Бас бостандығынан айыру көпшілік жағдайларда 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімдерге тағайындалады. Егер соттлағандарға шамамен 3 жыл бойы түзеу шаралары мен тәрбиелік жұмыстар үнемі, жүргізілсе онда 3 жыл аз уақыт емес, адам 3 жыл бойы өзіне қолданылғантәрбиелік жұмыстарға икемделуі және бойына сіңіруі. Ал, егер түзеу колонияларында режим талаптары дұрыс сақталмаған немесе міндетті дене еңбегңн дұрыс ұйымдастырылмаған болса, онда тәрбиелеу жұмыстарын қанша қолданған мен оң нәтиже шықпайды.

Сотталғандардың тәрбиелік жұмыстарға белсене қатысуы, олардыңтүзелгендік дәрежесін анықтауда және жазалау немесе көтермелеу шараларын қолдану кезінде ескеріледі.