Бас бостандығынан айыру орындарындағы режим –жазаның осы түріне қатысушы субъектілердің жазаны атқару және өтеу тәртібіне байланысты қоғамдық қатынастарды қамтиды. Режимның мазмұны жазаны өтеу және атқару тәртібіне байланысты бір тектес қоғамдық қатынастардан құралады. Режимнің мазмұны дегеніміз бас бостандығынан айыру жазасына қатысушы құқықтық қатынас субъектілерінің жазны өтеу және атқару тәртібінен туындайтын және реттелетін ережелердің түрлері болып табылады.
Режимнің мазмұнын үшке бөліп қарастыруға болады:
- түзеу мекемелерінің қызметшілеріне қатысты ережелер
- сотталған адамдарға қатысты ережелер
- түзеу меемелерінде немесе оған қарасты жерлерде жұмыс істейтін өзгеде азаматтарға қатысты ережелер
Түзеу мекемесі қызметкерлеріне қатысты ережелердің қатарына сотталушыны қоғамнан оқшаулау оған қатал бақылау орнату, жеке бас қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі тәртіп ережелерін сақтау олардың заңды мүдделерімен құқықтарын іске асыру әкімшілік қызметкерінің өз міндеттерін сақтауы сондай-ақ соталғандарға тәрбие жұмысын жүргізе отырып алдағы уақытта қайта қылмыс жасаудан сақтандыру жатады. Демек түзеу мекемесіне қатысты ереже –олардың режимге байланысты құқықтарымен міндеттерін көрсетеді.
Бас бостандығынан айыру сотталғандарды қоғамнан оқшаулау -әртүлі деңгейде жүргізіледі. Ол сотталғанның қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай нақтыланады. Мысалы : қоғамнан оқшаулаудың ең жоғарғы дәрежесі түрмеде және айыптық оқшаулау орындарында байқалады. Жазаның белгілі бір мерзімін түрмеде өтеу белгіленген сотталғандар түрме аумағындағы дене еңбегіне тартылады, кездесулердің саны шектеледі, теледидар көр сетілмейді және үнемі түрменің камералық орындарында бақылауда болады. Ал, оқшаулаудың ең төменгі дәрежесі қоныстану колонияларында кездесеі. Олар айдауылсыз қарулы күзетсіз түзеу мекемелеріне жатпайтын өндірісте жұмыс істейді, кезедесулерінің саны шектелмейді, сотталғанның арнайы үлгідегі кйімін кимейді т.б.
Түзеу мекемелерінде сотталғанның қоғамнан оқшаулану дәрежесі, олардың жаза өтеу кезеңіндегі мінез –құлқында өзгерістердің пайда болуына байланысты.
Адам жаза өтеу кезеңінде бұрылып қауіптілігі арта бастаса, құқықтық шектеулер оқшаулау көлемі көптен қолданады. Ал, түзелу бағытына түссе онда шектеулердің саны азайтылып, қоғамнан оқшаулаудың да көлемі кемейеді. Мысалы : жаза өтеуші адам түзеле бастаса , жазаның жеңілдетілген немесе жеңілдікті жадайларына ауыстырады айдауылсыз, күзетсіз, түзеу мекемесінен сырт жерлердегі жұмыстарға жіберіле алады.
Жаза өтеу мерзімінде сотталғанның жеке басы қауіпсіздігн заң негізінде қорғауға алу мемлекеттік жаза өтеуге қамқорлығын білдіреді. Сотталғанның денсаулығын, өмірін жыныстық бостандығын мемлекеттік қорғауға алуы, сотталушыда қандайда бір деңгейде мемлекетке арқа сүйеу, оған сену сыйлау деген тәрізді, жақсы сананы қалыптастарады. Бұл бір жағынан, мемлекеттің жаза мәселесін атқару саласындағы міндетіне жатады. Түзеу мекемеғсі қызметкерлеріне қатысты ережелер, ТМ ішкі тәртіп ережесіндеде кездеседі. Олар сотталғандардың күн тәртібінде көрсетілген ережені сақтауға яғни сотталғандардың таңертең уақытында тұруын, кешке уақытында жатуын мезгіліне тамақ ішуін, тамақтың сапасының адам денсаулығын сақтауға сәйкес келетіндей болуын, келген посылка, вандерольдарды, хаттарды, тексеруін тәрбие жұмыстарының жүргізіліуін т.б өздеріне қатысты жұмыс тарды атқаруға міндеттеі.
Қылмыстық атқару заңның және ойлаған ереженің түзеу мекемесі қызметкерлеріне белгілі бір талаптар қою себебі, олар осы мекемелердегі заңдылықпен құқық тәртібінің сақталуына жауапты адамдар болып таблады.
Ішкі тәртіп ережесінде, ішкі тәртіпке жататын барлық жағдайлар келтірілген, сондай-ақ онда сотталған адамдардың құқықтарымен міндеттері және түзеу мекемесінің әкімшілігінің де құқықтарымен де міндеттеріде баяндалған.Ішкі тәртіп ережесінің қылмыстық атқару заң нормалырының қолданылуы және іке асыру механизімін реттейтін дәлірек айтқанда заң нормаларының детльдарын түсіндіріп, олардың қолданылу тәртібін анықтайтындағын айта кетуіміз керек.
Түзеу мекемелері қызметкерлеріне арналған режим мазмұнынан, қылмыс тылықпен күресу және оның алдын алуға ағытталған ережелерді де кездестіруге болады.
Ең алдымен, бас бостандығынан айыруға сотталғандардың үстінен әкімшілік бақылаудың болуы, олардың теріс әрекет немесе құқық бұзушылық жасауының алдын алуға арналған. Бұл бағытта олар жұмыс істеу кезінде де, демалыс кезінде де бақылауда болып, қажетті жағдайлар туындағанда, дене бойлары тінтіліп, заттары тексеріледі. Сырт өмірдегі қылмыстылықпен байланысын үзу үшін, кездесулер ең жақын туыстарымен өткізіліп, келген және жіберілген хат-хатбарлары ашылып оқылады.
Қылмыстық атқару заңы сотталғандарға кейбір заттарды ұстауға және пайдалануға тыйым салғанда тағы да қылмыстылықпен алдын алу көздейді.
Сотталғандарға қатысты түзеу мекемелеріндегі режимнің негізгі мазмұны мыналардан құралады:
- сотталған адамдардың азық- түлік өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алу
- сотталғандардың әдебиет құралдарын пайдалану және жазу керек-жарағын сатып алумен сақтауы.
- Түзеу мекемлерінде сотталғандардың кездесулер өткізуі және телефон арқылы сөйлесуі.
- бас бостандығынан айыруға сотталғандардың хат алысуы, ақша аудармаларын жіеруі және алуы
- сотталған адамдардың сейілдеуі
- кинфильмдер мен телеқойылымдарды көруі және радиохабарлар тыңдауы
- түзеу мекемелерінен тысқары қысқа мерзімді жол жүруі
- бас бостандығынан айыруға сотталғандардың айдауылсыз жүреді
Түзеу мекемелеріндегі ішкі тәртіп ережесі сотталғандардың жаза өтеуі кезіндегі өмір кейіпін анықтайды.
- Бас бостандығынан айыру мекемелерндегі режимнің негізгі мазмұны
Сотталған адамдарға жаза өтеу кезінде өзі тапқан қаражатты есебінен қолма –қол есеп айырыспай тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды (мыс: темекі, шай, сіріңке, әжетқана заттары, тігін жібі, айна, сүлгілер, іш киімдер т.б) сатып алуға рұқсат етіледі.
Сонымен бірге, ешқандай шектеусіз зейнетақыларын алып, аталған заттарға жұмсауға мүмкіншілік беріледі.Сотталғандарға рұқсат етілген азық-түлік өнімдері мен қажетті заттардың түрлері, түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережесінде анықталған.
Түзеу орындарынан тысқары жерлердегі жұмыстарға айдауылсыз мыналар жіберілмейді:
- қылмыстың аса қауіпті рецидивіндегі сотталғандар
- өлім жазасы кешірім жасаудың арқасында бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылғандар
- өмір бойына бас бостандығынан айыруғасотташлғандар
- түзеу мекемесіне келгеніне 6 ай толмаған сотталғандар
- алынбаған немесе жойылмаған жазалау шарасы бар сотталғандар
- аса ауыр қылмыс жасағандығы үшін сотталғандар
- түзеу мекемесінің қатаң жағдайында жаза өтеушілер
- жазаны өтеу кезінде қасақана қылмыс жасағандар
- алькоголизм, уытқұмарлық, нашақорлық, ашық түрдегі туберкулезбен ауыратындар немесе соз ауруларының емдеу курсынан толық өтпегендер және СПИД, ВИЧ жұқтырған сотталғандар.
- Түзеу мекемелеріндегі немесе ррған жапсарлас аумақтардағы өзге де азаматтарға қатысты режимнің ережелері.
Түзеу мекемесі аумағында мекеме әкімшілігі қызметкерлерімен сотталған адамдардан басқа, әртүрлі топқа жататын азаматтар бола алады. Олар : діни қызметкерлер,қоғамдық ұйымдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, жергілікті атқару органдарының лауазымды адамдары, сот-прокуратура қызметкерлері, адвокаттар, кездесу өткізуге келген сотталушылардың туыстары және түзеу мекемесінің әртүрлі жұмыстарын атқару үшін сырттан шақырылған жалдамалы жұмысшылар (дәрігерлер, аспаздар, т.б) болуы мүмкін.
Әкімшілік және құқық қоррғау органдары қызметкерлерінен басқаларға, түзеу мекемелеріндегі режимнің оларға қатысты жағдайлары түсіндіріледі. Жалдамалы жұмысшылар сотталғандармен қатынас жасау ережелерін бұзғанда , олар жұмыстан шығарылып түзеу колонясына ендігі жерде жіберілмейді. Ол тәртіп бұзушылықтар түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды әкелу, сотталғандарға тіл тигізу тәрізді теріс әрекеттер бола алады.