Сот үкімі шығарғанда сотталушының қылмысның түрін, оның қоғамға қауіптілік дәрежесімен сипатын ескере отырып, оған сай келетіндей жазаның түрі мен көлемін айтады. Соттар мұнымен қатар, егер соталушыны бас бостандығынан айыру жазасына соттаса, онда үкімде режимінің түрін де атайды.
Сот кімі шыққаннын кейін, сотталған міндетті түре тергеу изоляторында ұсталып, он күн ішіде жазаны өтеу мекмесіне жіберіледі.
Бұл он күннің ішінде тергеу изоляторының әкімшілігі сот үкімінің көшірмесін алып соталушыны жіберетін түзеу мекемесінің түрін анықтайды және оның от басына қайжақтың колониясына жіберілетінін хабарлайды. Заңда белгілнген 10 күн мерзімінде кейде оданда жиі уақыттарды, сотталғандар жаза өтеу мекемелеріне аттандырылып жатады. Тергеу изоляторлары жаза өтеу орындарына аттандыру жұмыстарын күнде емес, аптасына немесе 10 күнде бір рет жүргізіп отырады. Бұл уақыттар ішінде жаза өтеуге тиісті сотталғандаржинақталады.
Бас бостандығынан айыру жазасына сотталрғандарды түзеу мекемесіне жіберу жұмысы қылмыстық-атқару заңымен және ҚР әділет министірлігінің, ҚР бас прокуратурасының келісімімен бекіткен “ ТМ –дердегі ішкі тәртіп ережесі” бойынша жүргізіледі. Тергеу изоляторының әкімшілігі қызметкерлері сотталғандарды түзеу мекемесіне жіберу жұмысын арнайы қарулы күзетпен бірлескен түрде жүргізеді. Сотталғандарды өткізу кезінде олардың фамилялары аталып қабылдаушылар сотталғандардың құжаттарын тексереді.
Сотталғандардың жол жүруіне арнайы автокөлік, поезд, самалет, кеме лер қолданылады. Егер этпақа самалет қолданылса онда самалетке отырғызылу кезінде әр сотталушының қолына кісен салынады.
Түзеу мекемесі орналасқан жерге сотталғандар тиелген көлік келгенде оларды қабылдау“ТМ –дердегі ішкі тәртіп ережесі” негізінде жүргізіледі. Бұл кезеңде түзеу мекемесі оперативтік кезекшінің күшейтіблген күзет қолдана отырып, сотталғандардың жеке бас құжаттарын тексеріп қабылдайды. Келесі кезеңде, яғни сотталғандар түзеу мекемесіне келіп түскеннен кейін олардың тұла бойлары тінтіліп, заттары толық тексеруден өткізіледі. Мұндай , кезде түзеу мекемесінде ұстауға тиым салынған заттар мыс: ақша, қарта, бөяу, қалам, суық қарулар т/б алынып, сақтау камерасына өткізіледі, ал тіпті тиым салынған заттар, мыс: суыққару, карта сияқты заттар жойылады.Түзеу мекемесіне келіп түскен сотталғандар медициналық тексеруден өткізіледі, ал қажет болған жағдайда оларға санитарлық тазалау жүргізіледі. Мұнан кейін жаңадан келіп түскен сотталлғандар 15 күнге карантеңге жатқызылады. Карантин кезінде сотталғандарға жазаны өтеудің тәртібі мен олар сақтауға міндетті талаптар, түзеу мекемесіндегі тәртіп, қауіпсіздікті сақтау үшін арнайы электрондық, дыбыстық-бейнелік заттардың қолданылатындығы т.б олар білуге тиісті жағдайлартүсіндіріледі. Сонымен бірге бұл кезеңде олардың жеке басы мінез-құлықтары мамандықтары ескере отырып отрядқа бөлінеді. Сотталған түзеу колониясына келіп түскеннен кейін, 10 күннің ішінде түзеу мекемесі, әкімшілігі оның отбасына немесе ең жақын туыстарынның біріне хабар беруі тиіс. Бұл хабарламада сотталғанның қай жердегі колонияға келгендігі қандай заттарды псоылка, бандероль сәлемдеме ретінде жіберуге болатындығы, кездесу саны көрсетіледі.
Бас бостандығынан айыру жазасы да сотталғанның тұрғылықты облысы немесе қылмыс жасаған жері бойынша өтіледі. Заң сотталғанарғатұрғылықты облысы бойынша жаза өтеттіргенде оларогға жеңілдік қолдануды көздейді. Бұл жеңілдік әсіресе олардың туыстарына тиімді. Олар алыс облыстығы колонияға кездесу өткізуге баралмауы мүмкін. Екншіден өз облысы аумағанда жаза өтеу олардың денсаулықтарының бұзылмауына себепші болуы мүмкін. Үшіншіден жаза өтеу мекемесінде жүрсе де сотталған адамның өз жерінде жүруі, оның аса қамықпауына, күйзелмеуіне қолдау болуы мүмкін.
- Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды қабылдау ерекшеліктері
Сотталушығабелгіленген колония түрі облыс көлемінде болмағанда ол басқа облыстығы колонияға жіберіледі. Бір облыс көлемінде кәмелетке толмағандарға, әйел адамдарға қылмыстық аса қауіпті рецивиндегілерге атналған т.б осындай арнайы колониялар болмауы мүмкін. Мұндай жағдайда тиісті колония Қазақстанның қай жерінде болса, сол жерде жаза өтелуі тиіс.
Басқа облыс жеріне жаза өтеуге жіберу мамандығына байлынысты да жүргізіледі. Мысалы: бұрынғы құқық органдарының қызметшілеріне қандайда бір қылмыс түрі болмасынбас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғанда , сол арнайы колонияға жіберіледі . Ал мұндай колония әзірге Қазақстанда біреу –ақ. Шетел азаматтарымен азаматтығы жоқ адамдарға арналған түзеу мекемелеріде әр облыс көлемінде бола бермейді, сондықтан мұндай сотталған адамдар тобы да қай жерде тиісті колония болса, сонда жіберіледі.
Басқа облыстағы колонияға ауыстыру мынадай жағдайларда да орын алады. Сотталушы өз облысы аумағандағы колонияда жаза өтеп жүргенде, жеке басы қауіпсіздігіне қатер туындаса, ол басқа жақтағы колонияға ауыстырылады. Сонымен қатар, мамандығына байлансты өз келісіміменбасқа жақтағы түзеу мекемесіне ауыстыруда жүргізіледі. Осы жағдай қылмыста қатысушылықпен жасағандарға да қолданылады. Қылмыста қатысу арқылы жасағандар, жаза өтеу кезінде бір түзеу мекемесінде ұсталмайды. Олар жаза өтеу уақытындаәр облысқа таратылып жазаны бір-бірінен бөлек өтейді.
Кейде сотталушының денсаулығына өз облысының климаттқы жағдайы кері әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда да басқа облыстығы колоняға ауыстыруға қылмыс тық –атқару заңы мүмкіндік береді.
Сотталғандар бір түзеу мекемесіне екінші түзеу мекемесіне ауыстырғанда алғашқы колонияға келген уақыттағыдай карантинге жіберіледі.
Сонымен түзеумекемесіне сотталған қабылданғаннан бастап олардың сотталғандардың міндеттерін орындауы және сотталған адамдардың өз құқықтарын пайдалануы басталады.