БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ АТҚАРУДЫҢ ТӘРТІБІ МЕН ЖАҒДАЙЛАРЫ

Сотталғандарды топтастыру – бас бостандығынан айыру мекемелерінде топтарға бөліп және сол топтар негізінде бөліп ұстауды білдіреді. Топтастыру белгілері ретінде қылмыскерлердің және жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипаты, жасы, жынысы, бұрын сотталғандығы және басқа да ерекшеліктері алынады. Демек, бас бостандығынан айыруға сотталғандар т оптастыру дегеніміз –жаза өтеушілердің жасаған қылмысының қоғамға қауіптілік дәрежесімен сипатына, жасына, жынысына бұрын сотталғандығына және басқа да ерекшеліктеріне қарай бір тектесттоптарға бөліу болып табылады.

Сотталғандар топтастыру жұмысы, жазаны оқшаулы түрде атқару, түзеу мекемелерінің жұмысын ыңғайлы әрі тиімді жүргізу, сотталғандарды түзеу мақсатындағы тәрбиелік жұмыстарды дұрысіске асыру үшін қажет. Қылмысжасағанадамдарды түзеу , яғни олармен әр түрлі деңгейдегі тәрбиелік жұмыстар жүргізу және олардың қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай құұқықтық шектеулерді белгілеу, оларды біртектес топтарға бөле отырып жүргізгенде тиімді болады.

Қылмыстық атқару заңы, жазаны мақсатын іске асыру жолында және жазаны атқару мәселесін тімді жүргізу мақсатында сотталғандарды (топқа бөле отырып) демографиялық, құқықтық белгілеріне қарай бөліпұстау мәселесін қарастырады. Қылмыстық атқару заңы негізінде, әйелдер мен ер адамдар бір-бірінен бөлек жаза өтейді. Сонымен қатар бұл заңда сотталғандардың жаза өтеу кезіндегі мінез –құлқының өзгеруіне қарай да топтастыру жүргізіледі. Мысалы, қоныстану колонияларында түзеу колонияларының жалпы және қатаң режимдерінен түзелу бағытына түскендігі үшін ауыстырылғандар жаза өтейді.Сондай-ақ, түзеу мекемелеріндегі режим талаптарын қайталай бұзғандар мен түзелу бағытына көрінеу түскісі келмейтіндердің де белгілі бір мерзімге түрмеге ауыстырылғандардағы қылмыстық атқару заңында қарастырылған. Қылмыстық атқару заңы кәмелетке толмағандардыңбас бостандығынанайыру жазасын өтеуінің тәртібімен жағдайларын жеке қарастырылады. Оларды жеке мекемеде жаза өтеттіргенде, ересек сотталған адамдардың ішіндегі барынша қылмыстылыққа бейімделген адамдардың ықпалынан сақтау және жасына байланысты күші жететін жұмыстарды орнату т.б қажеттіліктер көзделген.

Заң , әйелдер колониясын жалпы және қатаң режимдерге бөле отырып, оның негізіне, қылмыскер әйелдердің жасаған қылмыстарының қоғамға қауіптілік дәрежесімен сипатын бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтегендігін алады. Әйелдердіңәлсіз жыныс екендігін ескере отырып, оларға жаза өтеу кезінде ерлер жұмысына қарағанда жеңіл жұмыстар беріледі. Сондықтан да қылмыстың аса қауіпті рецидивиндегі әйелдер жазаны ерекше режимде емес, қатаң режиміндегі колонияда өтейді. Сонымен қатар, қылмыстық атқару заңы жүкті және өзімен бірге баласы бар әйелдерге жеңілдікті жағдайлар белгіленген. Мысалы: жүкті кезінде сапасы жоғары тамақтар беру, артық қаражатжұмсауға рұқсат беру, баласын емізуге босату. т/б .

Соттар жаза тағайындау кезінде қылмыстық және қылмыскерлердің қоғамға қауіптілік деңгейін ескере отырып, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағанда, аталған белгіні одан әрі қарай таразылай отырып, үкімде режимнің түрін айтады.

  1. Бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандарды топтастыру

Соттар жалпы режимдегі түзеу колониясын белгілеу үшін сотталғанның бас бостандығынан айыру жазасына бірінші рет тартылғанын, қылмыс қасақана жасалғанмен, маңызы ауыр емес, орташа ауыр және ауыр санаттарға жататындығын және қылмысты абайсыздықта жасағандығын ескереді. Жалпы режимдегі колонияларда қылмыстық атқару заңының негізінде қоғамдық жұмыстар, түзеу жұмыстары, бас бостандығынан шектеу жазаларын өтеуден кінәні бұлтарғандығы үшін 6 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасынмен ауыстырылғандар да өтейді.

Қатаң режимдегі түзеу колониялары қылмыстың қауіптілік дәрежесі жоғары болғанда, яғни қылмыс аса ауыр санатқа жатқанда және қылмыстардың рециві болғанда тағайындалады.

Ерекше режимдегі колонияда жаза өтеу –қылмыскер аса қауіпті рецидивке жатқанда, сондай-ақ өмір бойына немесе өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айыру мен ауыстырылғанда тағайындалады. Бұл сотталғандарға ерекше режим тағайындалғанмен, олар жазаны тек өздері текістік сотталғандармен бірге өтейді.

Қылмыскерлердің және қылмыстық қаіптілік дәрежесі аса жоғары болғанда, сотталған жазаның бес жылдан аспайтын бөлігін түрмеде өтеуге міндетті болуы мүмкін. Осы қылмыстық заңның негізінде, түрмеде аса ауыр қылмыс жасағандар, сондай-ақ қылмыстың аса қауіпті рецидивіндегілер өтейді. Ал, қылмыстық атқару заңы негізінде жаза өтеудің белгіленген тәртібін кінәні бұзғандар жазаның белгілі бір бөлігін,яғни 3 жылдан аспайтын мерзімін түрмеде өтейді. Түрменің жалпы режиміндегні жаза өтей жүріп, қайтадан қасақана тәртіп бұзғандар қатаң режимжегі түрмеге ауыстырылуы мүмкін.

Сотталғанның қоғамға қауіптілігі аса жоғары болмаған жағдайда, яғни қылмысты абайсызда жасағаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға сотталғанда , жазаны қоныстану колониясынанда өтейді. Қоныстану колонияларында қылмыстық атқару заңының негізінде, жалпы және қатаң режимдердегі колониялардан түзелу бағытына түскендігі үшін жеңілдік шарасы ретінде ауыстырылғандар да өтейді.

Түзеу мекемелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындадәлірек айтқанда сотталушының жеке басы қауіпсіздігінің қамтамасыз ету мақсатында бұрынғы сот, прокуратура , ьергеу , жалпы айтқанда бұрынғы құқық қоррғау органдарының қызметкерлері жеке колонияда ұсталады.

Бас бостандығынан айыруға сотталған, маскүнемдікпен , нашақорлыықпен сонымен қатар ақыл-есінің кемістігі болуы мүмкін, психикасының бұзылуынан әрекетіне толық жетекшілік жасай алмайтын сотталғандарға медициналық сипаттағы міндетті мәжбүрлеу шаралары қолданылады және бұлшаралар жеке емделу түзеу мекемелерінде жүргізіледі. Мұндай мәжбүрлеу емдеу шаралары туберкулездің ашық түрімен ауыстыратындаррға соз ауруынан емделудің толық курсынан өтпегендерге, сонай-ақ ВИЧ/ СПИД ауруларын жұқтырғандарға да арнайы емдеу түзету мекемелерінде жүргізіледі.

Сондай-ақ бас бостандығынан айыру жазасына сотталған шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар жазаны жеке колонияларында өтейді. Қоғамға қауіптілігі Қазақстан азаматтарынан ерекшеленіп тұрмаса да, бұлай топтастырудың себебі, шет ел азаматтарының жеке басы қауіпсіздігін сақтау және жазаны атқару мәселесін дұрыс жүргізу болып табылады.

Шетел азаматының жеке басы қауіпсіздігін сақтау дегенде, сол шетелдік азаматтың нәсілінің, дінінің, тілінің бөлектігіне қарай басқа сотталған адамдардың оған қауіп тудыруының алдын ала ескереміз. Жзаны атқару мәселесін дұрыс жүргізу дегенде, сотталағн шетел азаматтырының білетін ортақ халқаралық тіліне қарай, ортақ қатынас тілді қолдану ескеріледі.

Сонымен бас бостандығынан айыруға сотталғандарды топтастыру, түзеу орындарында жазаның мақсатына жетудің маңызды құралдарының бірі болып табылады.