Қазақстан Республикасы аймағындағы әрбір түзеу мекемесінің жеке мазмұны ерекшелігі бар. Сотталған адамдар өздері тек тес қыл мыс жасаған тұлғасы қоғамға деген көзқарасы ұқсас адамдармен бірге жаза өтеуі тиіс. Бұлай топтастыру сотталғандарды түзеу мәселесін дұрыс ұйымдастыру үшін белгіленген. Түзеу мекемелерінін ішінде ерлер колониясы мен әйелдер колониясы бөлек болады. Сол сияқты ересектер мен жасөспірімдер бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтегендер мен бірінші рет бас бостандығынан айыруға сотталғандар бөлек ұсталады.
Аса ауыр қылмыс жасағандығы үшін сотталған қылмыстардың аса қауіпті рецидивіндегілер өмір бойынша бас бостандығынан айыруға сотталғандар және жазасы бас бостандығынан айырумен ауыстырылғандарда жазаны бір-бірімен бөлек өтейді.
-Сот немесе құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметтері жеке өздеріне арналған түзеу мекемелерінде ұсталады. Мұндай түзеу мекемесі бұрын да болған, заң түрінде осындай топтастырудың бар екендігі тікелей көрсетіледі.
Барлық түзеу мекемелері осындай жеке топтағы сотталған адамдардың жаза өтеу мекемесіне айналысатындықтан олардың әрқайсысы жеке заңды тұлға болып табылады.
-Сотталған адамдар тағайындалған жазаны бір колонияда өтеп шығуы керке. Сотталғандарды бір колониядан тап сондай басқа түзеу колониясына ауыстыруға, тек ерекше жағдайлар туындаған кезде немесе белгіл бір сотталған адамды жаза өтеп жүрген колониясында ұстау, қауіпті жағдайларда сқтыруы мүмкін болғанда ғана рұқсат етіледі.Ерекше жағдайлар ретінде сотталған адамның мамандығының басқа жерде қажет болуы, ауруы , оның жеке басына басқа адамдар тарапынан қауіп туындауы алынады. Заң, сотталғандарды бір түзеу мекемесіне басқа түзеу мекемесіне ауыстыру жағдайын, сотталған адамның түзеле бастауына немесе оның қоғамға қауіптілігі жоғарлауына байланысты келтіреді.
-Бас бостандығынан айыру жазасын өтеген адамдар ретінде жасаған қылмыстары үшін бас бостандығынан айыру жазасына сотталып, бұрын жазаны түзеу колонияларында , түрмеде немесе тәрбиелеу колонияларында өтеген адамдар танылады. Бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген адамдар қайтадан қылмыс жасаған жағдайда , оның сотталғандық атағының алынып тасталғандығы немесе уақытының ө суі ескерілмейді.
- Қылмыс атқару жүйесін қадағалаудың маңызы мен түрлері
Яғни, бұрын сотталғандығы қылмыстық кодекстің 77-бабының 1-бөлімінен ескеріліп жеке колонияда ұсталуға жатады.
-Бұрын бас бостандығынан айыру жазасына өтемегендер болып мына таптағылар есептелінеді:
- бас бостандығынан айыруға шатты түрде сотталғандар
- тәртіптік әскери бөлімде ұс тау жазасын бас бостандығынан айыру жазасының орнына өтегендер
- іс жоғары колекциялық сатыда қаралғанға дейін
бас бостандығынан айыру орындарында жаза өтеп, кейін істің қысқартылуна байланысты босатылғандар немесе басқа мән-жайлардың ашылуына байланысты жазасы жеңілдеті ліп ауыстырылғандар.
-бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған мен,сотталушының тергеу кезінде қамауда болған уақыттармен жаза метзімінің өтіп кетуіне байланысты босатылғандар. Бұлардыңбас бостандығынан айыру жазасын өтемеген болып саналу себебі, оол сотталушы адамның түзеу мекемесінде жаза өтелмегендігі болып табылады.
-Қылмыстық жазаны атқарушы органдармен мекемелердің негізгі міндеті : сотталғандарды түзеу, оны іске асыру құралдарын тауып , дұрыс қолдана білу болып табылады. Сотталғандарды түзеу құралдарын қолдану жазаның мазмұнына сай келіп, жазадағы жазалау шаралары мен тәрбиелеу шараларының қосындысы ретінде , бірін-бірі толықтырып орыналуы керек . Сотталған адамдарға қолданылатын түзеу құралдары ретінде , қылмыстық жазаны атқарушы органдармен мекемелерде жазаның мақсатын орындау үшін қолданылатын шаралар алынады.
- сотталған адамдардың түзелуі , оларда құқықнормаларын сыйлайтын , адамгершілік ізгі қалыптасқан, қоғамға еңбекке адал қарайтын, адамзатқа және мемлекетке дегенде көзқарасы түзеу пікірдің пайда болуын білдіреді.
- Қылмыстық атқару заңы сотталған адамдарды түзетудің негізгі құралдарына жазаны атқару мен өтеудің белгіленген тәртібін (режимін) , тәрбие жұмыстарының жүргізілуін , қоғамдық пайдалы еңбекпен айналысуын, орта білім мен кәсіптік мамандық алуын және қоғамдық ықпал етуді жатқызады.сотталғандарға түзеу жұмыстарын жүргізу кезінде мұнан басқа да тәсілдер қолданылуы мүмкін. Тек ол тәсілдер заңға қайшы келмейтіндей болуы керек.