СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ЖЕКЕ БАСЫ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН АР-ОЖДАН БОС ТАНДЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару заңында сотталған адамдардың жеке басы қауіпсіздігі мәселесі жеке бапта қарастырылған. Жеке басы қауіпсіздігі дегеніміз не дегенде, адамның өмірінде денсаулығына жыныстық бостандығына қауіп туындамау ескеріледі.

Осыған сәйкес сотталған адам басқа адамдар тарапынан жеке басына қауіп туындағанын хабарлағанда ол қамау бас бостандығын шектеу, айыру түріндегі жазаны атқарушы мекеменің кез келген лауазымды адамы арқылы мұндай қатер жоқ қауіпсіз орынға ауыстырылады. Мұндай фактілер байқалған жағдайда түзеу мекеменің әкімшілігі дереу, ұзақтығы әрі кеткенде 21-сағаттың ішінде өтініш жасаған адамды қауіпсіз орынға ауыстыруға міндетті. Сотталғандардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бір құралы ретінде заң сотталған адамдармен тәрбиелік мағынадағы жұмыстарды ұсынады.

Сотталғандардың жеке басы қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралы, түзету колониялар ондағы режимнің мазмұнынан да көрінеді. Келесі құрал – мәжбүрлеу сипатындағы қадағалау шаралары. Бұл сотталған аудандардың жүріс тұрысынан, мінез- құлқына бақылау жасаудан тұрады. Сондай-ақ сотталғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды құралы қауіпсіздік шараларын жүргізі қажетті жағдайларда қару және жазалау шараларын қолдану болып табылады.

 Қылмыстық атқару заңының 11-бабының 2 бөліміне сәйкес

Қауіпті түпкілікті жою үшін түзеу мекеменің бастығы келесішешімдер қабылдайды:

  • Өтініш жасаған адамды қауіпсіз орынға орналастыру жеке бөлмеге, камераға орналастыру, түзеу мекеменің ішкі тәртіп ережесіне сәйкес бұл үй жайдан басқа тәртіптік камералар да қолданылуы мүмкін.
  • Сотталушының жеке басына қарсы қылмыс жасау мүмкін блғандықтан әртүрлі шаралар қолданылады.
  • Жазаны одан әрі өтеу туралы мәселені шешеді.

 Сотталғандардың өтініштерін қарау тәртібі .

  1. Сотталғандардың ар-ожданын бостандығын қамтамасыз ету ерекшеліктері.

Сотталған адамдар ұсыныс, арыз шағымдарын тек өздерінің заңды мүдделері бойынша ғана емесе, сонымен бірге құқықтары мен міндеттеріне байланысты да болу мүмкін. Түзеу мекемелеріндегі ішк тәртіп ережесі бойынша сотталған адамдар ұсыныс, тілек-арыздарын тек өз атына ғана бере алады.

Белгілі бір топ адамдар атынан немесе басқа біреулердің атынан біреуге болмайды. Сотталғандар өздерінің берген шағым –арыздарына қол қоюы керек.

Айыппұл түріндегі, белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құығынан айыру, арнайы әскери құрметті атаған дипломатиялық рангісінен айыру, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, мүмкін тәрпілеу сияқты жазалары бойынша сотталған адамдардың өтініш-тілектері арыздары азаматтарға жалпы белгіленген тәртіпте беріледі. Қылмыстық атқару заңы тек қамау, тәртіптік-әскери бөлімде ұстау, бас босандығынан айыру жазасына сотталғандардың жолдаған ұсыныстары, арыздары мен шағымдарын жіберу тәртібін реттейді.

Аталған жаза түрінде сотталғандардың ұсыныс шаралары негізінен 2-түрлі бағытта беріледі:

  • арыз, ұсыныс, шағымдар түзеу мекемесі әкімшілігінің атына жолданса
  • бағытта жазаны атқару органдар мен мекемелерден жоғары тұрған органдарға, сотқа, прокуратура органдарына, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ адам құқығы мен бостандығын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдар атына жолданады.

Сотталғандардың шағым, арыз, ұсыныстары аталған ұйымдар мен мекемелерге жазбаша, ауызша білім алады. Түзету мекемелерініңәкімшілігі жолдаған ұсыныстар түзету мекемесінің әкімшілігі яғни түзеу мекемесінің батығы арқылы қаралып оның шешімі өтініш, арыз берушіге хабарланады.