ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ҚҰҚЫҒЫ ҰҒЫМЫ, ОНЫҢ МІНДЕТТЕРІ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛЕРІ

Қылмыстық атқару құқығы дегеніміз- ҚР қылмыс қорғау кодексі қарастырылған жазаларды өтеу және атқару кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жүйесі болып табылады. Ал, қылмыс атқару құқығында сотталған адамдармен жұмыс істеу барыснда құқықтық қарастыруға жатпайтын, бірақ анықтауға қажет ететін жайттарға осы бағыттағы мәселелерді анықтау үшін Әділет министірлігі бекіткен, жеке нормативтік акті- түзету мекемелеріндегі ішкі тәртіп ережелерін қолданылады. Бұл ережеде құқық нормаларында қаратырылған нақтыланды, айқындалды. Мысалы: Қылмыстық атқанру құқығы басбостандығынан айыруға сотталған адамдарға тыйым салынған заттарды ұстауға рұқсат етіледі. Ол тыйым салынған заттардың тізімі мен атауы Қылмыстық атқару одексте емес ішкі тәртіп ережесінде келтірілген.

Қылмыстық жазаны өтеу және орындау кезінде туындайтын қатынастардың түрлері осы пәннің мазмұнымен анықталады. Жазаны өтеу және орындау кезінде мемлекетке және сотталған адамға белгілі бір міндеттер жүктеліп, олар атқарған және сақтауға тиісті, сондай- ақ жазаны өтеу, орындау кезінде оларға заңда көзделген тәртіпке белгілі бір құықтар беріледі. Бұл міндеттер мен құқықтар жазаның түріне қарайнақтылана түседі.

Мысалы: бас бостандығы жазаны өтеу барысына қарағанда, қоғамдық жұмыстарға тарту, айып төлеу тәрізді жазаларда сотталған адамның құқықтары көп шектелмейді.

 Қылмыстық атқару құқығы осы пәннің мынадай жеке міндеттерін келтіреді.

  • жазаларды өтеудің тәртібі мен жағдайларын реттеу.
  • Сотталғандарды түзету құралдарын анықтау
  • Сотталған адамдардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін қорғау
  • Әлеументтік бейімделуге көмек көрсету
  1. ҚР қылмыстық атқару құқықығы міндеттері және жүйесі

Жазаның жүйесіне және олардың атқаратын органдармен мекемелердің түрлеріне қарай бұл мақсаттармен міндеттер нақтыланады, дараланады.Мысалы: Бас бостандығын шектеу, бас бостандығын айыру, қамау , өмір бойына бас бостандығынан айыру тәрізді жазалрды атқару, бойынша Қылмыстық атқару мекемелері жүйесінің міндеттері мыналар болып табылады:

  • сотталғандарды еңбекке баулу, оларға орта және кәсіптік білім беру
  • денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету
  • сотталған адамдар мен ондағы қызмет жасайтын адамдардың жеке басы қауіпсіздігін қамтамасыз ету
  • оперативтік –іздестіру қызметін атқаратын органдарға көмек көрсету
  • жазаны атқарушы мекемелерде заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету

Осы айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін, қылмыстық атқару заңында қарастырылған балрық қатынастарды міндеттер мен құқықтарды қысып, кешенді түрде пайдалану керек. Қылмыстық атқару құқығы басқа құқық салаларына қарағанда, жаңа құқық саласы болып табылады.

Бұрынғы еңбекпен түзеу құқығы мен салыстырғанда, қылмыстық атқару құқығы қылмыстық жазалардың барлығының атқару тәртібі мен жағдайларын қарастырады. Қылмыстық атқару құқығының былай тану , бұған дейінгі кейбір ғалымдардың пікірінің нәтижесінде пайда болады. Қылмыстық атқару құқығы негізнде қылмыстық атқару ғылымы жатыр. Бұл құқық саласының ғылыми ретінде, жазаны өтеу мен атқарудың тәртібімен жағдайларын дұрыс әрі тиымды ұйымдастыру, сотталған адамдарды қоғам үшін жарамды ететіндей құралдарды дұрыс таңдай білу тағы басқа мекемелерден құралатын зерттеушілердің құқықтық қарастары, ой- пікірлері, ұсыныстары алынады.