Мемлекет белгілі бірәлеуметтік мақсатқа жету үшін нақты саясатты басшылыққа алады.
Сол көздеген мақсатықа жету үшін жетудің жолдары ме тәсілдері саясат анықталғаннан кейін ғана дайындалады.
Қазақстанның ішкі –сыртқы саясатының негізгі бағыттары, Конституцияның40 баптың І-ші бөлімінде көрсетілгендей, ҚР Президенті анықтайды, сондықтан біздегі мемлекеттің даму саясатын бір тұтас деп айтуға болады.
Конституцияның 66 бабына сәйкесмемлекеттің әлеуметтік- экономикасының саясатыныңнегізгі бағытын ҚР Үкіметі әзірлеп жүзеге асырады.
Жоғарыда айтылған қоғам өмір салаларының әр алуандығына байланысты, осындай бағыттардың бір түрі мемлекеттің қауіпсіздігі, қоғам тәртібін сақтау, қылмыстық пен күрес саласындағы саясат болып табылады.
Бұл саясат қазір қылмыстық саясат деген атауға ие, ол мемлекеттің қылмыстықтықты бақылауының әдісіне, нысандарына, қағидаларына, мақсатына тағы басқа жақтарына баға және бағыт береді. Осы саладағы мемлкеттік саясат жан- жақты, оларды былай бөлуге болады:
- Қылмыстықтың алдын алудағы саясат
- Қылмыстық –құқықтық саясат
- Қылмыс атқару саясаты
- Қылмыстық іс жүргізу саясаты
“ Қылмыстық саясат” терминін алғаш рет 1840 жылы Ансельман Фейербах қолданған, ол оған қылмыс құқығы туралы заң шығару актілерін әзірлегенде мән беру ролін көрсеткен. Сондықтан бұл терминді біздің пікірімізше кең мағынада“мемлекеттің қылмыспен күресу саласындағы саясаты” термнімен бірдей пайдалануорынды сияқты, әрине Құқық қорғау органдары алдына қойылған қызмет пенміндетке ерекше назар аударған жөн.
Қылмыс саясаттың өрісін көптеген авторлар қылмыспен күресумен шектейді. Бір кезде А.А Герцензон қылмыс саясаты тек қана қылмыспен күресу ғана емес, сонымен қатар және басқа да қоғамға қауіпті қылмыстармен күресуге бағыттайды деп есептеген. Қылмыс саясаты қылмыспен күресу бағытын, түрлерін, онымен күресуге арналған мемекет органдары қызметтінің мазмұнымен қызметін белгілейді.
- ҚР қылмыстық жазаны атқарудың орны.
Қылмыстың атқару құқығы саясатының мазмұнын анықтауға келгенде, оны осы құқық шеңберінде қарастыруға жататын мәселелермен байланыстыра анықтаған дұрыс. Жазаны орындау саласындағы саясат мемлекеттің бағытын, тәсілдерін, қағидаларын, мақсатын білдіреді және жазаның орындалуы туралы мемлекеттің көзқарасын іс жүзінде көрсетумен айналысады. Жазаны орыдау туралы саясат әлеуметтік – құқықтық саясатқа өзінің үлесін осылай қосады. Қылмыстық жазаны орындау барысндағы саясаттың қағидалары мен мақсаттары тұрақты болып келеді. Өйткені ол бір мемлекеттің ғана емес, халықаралық актілердің шарттары негізінде құралады, себебі – сол мемлекеттердің арасындағы ортақ саясаттың пайда болуына байланысты.
Қылмыстық атқару құқығысаясатын іс –жүінде көрсететін субъектілері – сотталған адамдармен жұмысістей құқық қорғау органдары жазаны атқарумен мекемелермен органдар, жергілікті басқару органдары болады.