Құқықтық көмек көрсету ретімен ҚР құқықтық көмек туралы халықаралық шартжасасқан шетел мемлекеттерініңтергеу орындарына және соттарына не өзара негізде ҚІЖК-де көзденлген іс жүргізушілікіс-әрекеттер, сондай-ақ ҚР-ң басқа да заңдары мен халықаралық шарттарында көзделген өзге де іс-әрекеттер жүргізілуі мүмкін. Егер ҚР бекіткен халықаралық шарттың ережелері ҚІЖК-де қайшы келетін жағдайда халықаралық шарттыңережелері қолданылады.
Құқықтық көмек көрсету байланыс шығындарды, егер ҚР халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, оны сұраған мекеме өз мемлекетінің аумағында өтейді.
ҚІЖК-ң 521-бабының І- бөлігінде көрсетілген аумақтағы мемлекетте оның аумағындақолданылатын заңдарғасәйкес жасалған және елтаңбалы мөрмен бекітілген іс жүргізушілік құжаттар, егер ҚР-ң халықаралық шартындаөзгеше көзделмесе, ешқандай шектеусіз іс жүргізу құжаттары ретінде қолданылады.
Тергеу қимылдарын жүргізу туралы тапсырма ҚР Бас Прокуроры, ал сот іс-әрекетті – ҚР Әділет министрі не тиісінше олардың орынбасарлары, не уәкілетті лауазымды адамдар арқылы жіберіледі, олар қажеттіжағдайларда ҚР сырқы істерминистрінің делдал болуын сұрайды.
Тапсырманы рәсімдеу кезінде, егер ҚР халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, ол жіберілетін шет мемлекеттің тілі пайдаланылады. Сот, прокурор, тергеуші, анықтаушы басқа мемлекеттің аумағында іс жүргізу және өзге де іс-әрекеттерді орындау жөнінде құқықтық көмек көрсету туралы тиістібланкіде тапсырма жасайды, қол қойып, қылмыстық іс жүргізуші органның елтаңбалы мөрімен куәләндырады.
Тиісті прокурордың, соттың дәлелді өтініші бойыншақұқытық көмек көрсету туралы тапсырма тиісіншеҚР Бас Прокурорына, Әділет министріне немесе уәкілетті прокурорға жіберіледі. Басқа мемлекеттің құзіретті мекемесіне құқықтық көмек көрсету туралы тапсырма жіберу жөніндегі мәселені ҚР Бас Прокуроры, Әділет министрі шешеді. Ұстап беру және қылмыстық қудалау мәселелері жөнінде құқықтық көмек көрсету тәртібі ҚІЖК-ң 527,529-баптары мен белгіленеді.
Қылмыс жасады деп айыпталушы немесе шетел мемлекетінің азаматын ұстап беру туралы талапты ҚР-ң Бас Прокуроры немесеуәкілетті прокурор қарайды, оның нұсқаулары ұстап беруді орындау үшіннегіз болып табылады. Адамды ұстап беру туралы бірнеше мемлекеттіңталаптары болған ретте адамдардың қандай мемлекетке ұстап берілуге жататындығы туралы шешімді ҚР Бас Прокуроры қабылдайды. Ұстап берудің шарты мен тәртібі ҚІЖК-пен және ҚР-ң шетел мемлекетімен жасасқан халықаралық шартымен айқындалады және негіз болып табылады.