МЕДЕЦИНАЛЫҚ СИПАТТАҒЫ МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ

ҚР Қылмыстық Кодекстің 90-бабында аталған медециналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнінде іс жүргізуесі кіресілі-шығасылы күйде қылмыстық заңмен тыйым салынғанәрекет жасаған немесе қылмыс жасаған соң жаза тағайындау немесеоны орындау мүмкін болмайтындәрежеде психикасыбұзылып ауырғанадамдарға қатысты істер бойынша жүзеге асырылады.

Медециналық сипаттағы мәжбүрлеушараларын дертті психикалық ауытқушылық өзі немесе басқа адамдар үшін қауіпті қатермен байланысты болғанне оның өзге де елеулі зиян келтіру мүмкін болған жағдайда ғана тағайындалады. Медециналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істер бойынша іс жүргізуҚІЖК-ң жалпы қағидаларымен және сонымен бірге ережелермен бірге айқындалады.

 Алыдын ала тергеу жүргізу кезіндемынадай мән-жайлар анықталуы тиіс:

  • жасалған әрекеттің уақыты, орны, тәсілдері мен басқа да мән-жайлары;
  • осы адамның қылмыстық заңмен тыным салынған әрекетті жасауы;
  • рекетпен келтірілген залалдың сипаты мен мөлшері;
  • қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған адамның оны жасағанға дейінгі, сондай-ақ одан кейінгі мінез-құлқы;
  • осы адамда бұдан бұрын психикалық ауытқушылықтың бар жоғы, қылмыстық заңмен тиыйым салынған әрекетті жасау кезінде немесе істі қарау кезнде психикалық сырқаттану дәрежесі мен сипаты. Заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған және психикалықсырқатқа шалдыққан адамдарға бұлтартпаушараларын қолдануға болмайды. Осы адамдарға қажет болған жағдайда мынадай қауіпсіздік шаралары қолданылады.

а) денсаулық сақтау орындарын хабарландыра отырып, ауруды туыстарының, қамқоршыларының, қорғаншыларының қарауына беру;

ә) психикалық көмек көрсететін арнаулы медециналық мекемегеорналастыру.

Өзіне қатысты медециналық сипаттағы мәжбүрлеушараларын қолдану туралыіс жүргізілетін адам, сот-психиятриялық сараптама қорытындысы бойынша бұғаноның сырқатының сипаты мен ауырлық дәрежесікедергі келтірілмейтін болса; өзін қандай әрекетті жасағаны үшін айыптайтындығын білуге; түсініктемелер беруге; дәлелдер келтіруге; өтініштер мен бас тартулырды мәлімдеуге; өзінің ана тілінде немесебілетін тілінде түсінісуге аудармашыныңкөмегін тегін пайдалануға; қорғаушысы болуына және онымен оңаша және құпия кездесуге; тергеушінің рұқсатымен оның өтініші немесе қорғаушысының өтініші бойынша жүргізілетін тергеу қимылдарына қатысуға; осы қимылдардың хаттамаларымен танысуға және оларға ескертпелер жасауға; сараптама тағайындау тралы қаулы мен жәнесарапшының қорытындысы мен танысуға; алдын ала тергеу аяқталған соңістің барлық материалымен танысуға және одан кез-келген көлемде кез-келген мәліметті көшіріп алуға; тергеушінің, прокурормен соттың іс-әрекеттері мен шешімдерінешағымдар жасауға, медециналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін істі сотқа жіберутуралы қаулының көшірмесіналуға құқылы. Істің сотта талқылауында, бұдан басқа, аталған адамның дәлелдерді зерттеуге және сотжарыссөздеріне қатысуға; соттың отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпелер жасауға; соттың қаулысына шағымдануға және шағымданатын шешімдердің көшірмелерін алуға; ісі бойынша келтірілген шағымдар мен наразылықтарды соттың қарауына қатысуға құқығы бар.

Өзіне қатысты медециналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы іс жүргізілетін адамдардың жақын туысқаны осы адамдардың заңды өкілі болып табылады және тергеушінің немесе прокурордың қаулысы бойыншаіске тартылуға қарастырылады.

Медециналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралыіс бойынша іс жүргізугеқорғаушының қатысуы, егер қорғаушы бұдан бұрын іске өзге негіздер бойыншаараласпаған болса, өзіне қатысты іс жүргізіліп отырғанадамдардың есінің кіресілі-шығасылылығы немесе психикасыныңбұзылу фактісіанықталған кезден бастап міндетті болып табылады.

Алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін тергеуші:

  • іс жүргізу ісін – 37 бапта және 269-бабының ІІІ-бөлігінде көзделген сондай-ақ сырқатты психикасының бұзылуы өзі немесе басқа адамдарүшін қауіп-қатермен не өзге елеулізиян келтірілуі мүмкін жағдайда қысқарту туралы;
  • істі медециналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберу туралы қаулы шығарады.

Істі қысқарту туралы немесеісті сотқа жіберу туралы тергеуші өзіне қатысты алдын ала тергеу жүргізілген адамға, егер өзінің психикалық жай-күйі бойынша бұл адам тергеу қимылдарынақатысуға қабілетті болса, оның заңды өкіліне және қорғаушысына сондай-ақ жәбірленушіге хабарлайды. Тергеуші процестің аталған қатысушыларына олардың істің материалдарымен танысу құқығын түсіндіреді және бұл құқығын олардың қайда және қашан пайдалана алатының хабарлайды. Іспен танысудың тәртібі тексерудітолықтыру туралы өтініштер мен рұқсаттардың тәртібі. ҚІЖК-нің 275-276-баптарымен белгіленеді.