ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІҢ СОТТЫЛЫҒЫ

Аудандық және оған теңестірілген сот бірінші сатыдағы соттар ретінде іс қимыл жасайды. Аудандық және оған теңестірілген сотқа облыстық және оған теңестірілген соттың, сондай-ақ ҚР Жоғарғы Сотының соттауына жатқызылған істерді қоспағанда, барлық қылмыстық істерсоттауына жатады.

Облыстық және оған теңестірілген соттардың ҚР қылмыстық Кодексінің мына баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бірінші саты бойынша соттауына жатады: 96 ІІ, 156, 159ІІ, 160, 162ІV, 165,167, 233, 237-239, 241, 340, 367ІІІ, 373ІІІ, 374ІІІ, 375ІІІ, 380ІІІ, 383 – баптары сондай-ақ қылмыстық заңмен тыйым салынған істі есі дұрыс емес күйде жасаған адамдарға не оны жасаған соңжүйке ауруымен науқастанған адамдарға медециналықсипаттағы мәжбүрлеушараларын қолдану туралы істер.

Облыстық және оған теңестірілген соттар аппеляциялық тәртіппен ҚІЖҚ-ң 363 бабының тәртібімен қаралғаністер бойынша аудандық пен соларға теңестірілген соттардыңзаңдыкүшіне еңбеген үкімдеріне аппеляциялық шағымдар, наразылық білдірулер бойынша істерді қарайды.

Облыстық және соларға теңестірілген соттардық қылмыстық істер жөніндегі алқасы кассациялық тәртіппен аудандық және соларға теңестірілгенсоттардың заңды күшіне еңбеген, аппеляциялық тәртіппенқарауға жатпайтынүкімдеріне кассациялық шағымдар,наразылық білдірушілер бойынша істерді қарайды. Облыстық және оған теңестірілген соттар қадағалау тәртібіментөралқада аудандық және оған теңестірілген соттардыңзаңды күшіне енген, аппеляциялық әне кассациялықтәртіппен қарамаған үкімдеріне қадағалау шағымдары бойынша істерді қарайды.

 ҚІЖҚ-де көзделмеген жағдайларда облыстық және оған теңестірілген соттар жаңадан ашылған мән-жайларбойынша істердіқарайды. ҚР Жоғарғы Соты бірінші, кассациялық және қадағалаусатысындағы сот ретінде әрекет жасайды.

Бірінші саты бойынша Жоғары Соттың қарауына адамның ҚР Презиндентінің міндеттерін атқаруы кезеңіндегі жасалған мемлекеттік опасыздығы туралы, адамдардың ҚР Жоғарғы Сотының судьялары, ҚР Парламентінің депутаты, ҚР Бас прокуроры, ҚР Конституциялық Кеңес Төрағасы ненеме мүшесі міндеттерінатқару кезеңіндегі жасаған қылмыстары, сондай-ақ ҚР Үкіметінің мүшелері, Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың бірінші басшыларының, сондай-ақ ҚР Президентіне тікелей бағынатынмемлекеттік органдардыңбірінші басшыларының қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты жасаған қылмыстары туралы істер жатады.

ҚР Жоғарғы Сотының сот алқасы облыстық және соларға теңестірілген соттардың бірінші соттардың бірінші соты бойыншаістерді қарау кезінде шығарылған, заңды күшіне еңбегенүкімдеріне кассациялық шағымдар, наразылық білдірулер бойынша істерді қарайды.

ҚР Жоғарғы Сотының Сот алқасы істерді бірінші сатыдажәне аппеляциялық тәртібі мен қарағанкезде шығарылған қадағалау тәртібімен қабылданған, заңды күшіне еңген облыстық және соларға теңестірілгенсоттардың үкімдері бойыншақадағалау арыздары, наразылық білдіру жөніндегі істерді, сондай-ақ облыстық және соларға теңестірілген сот төралқаларыныңқаулыларына қадағалау арыздарын, наразылық білдірулерді қарайды.

ҚР Жоғарғы Сотының Төралқасы бірінші сатыбойынша істерді қарау кезінде шығарылған ҚР Жоғарғы Сот алқасының заңды күшіне енбегенүкіметтеріне кассациялық шағымдарды,наразылық білдіру жөніндегі істерді, Жоғарғы Сот сот алқасының істерді бірінші саты бойынша қарау кезінде шығарылған, заңды күшіне енген қадағалаушағымдарын, қарсылықбілдірулердікассациялық тәртібімен қарау кезінде шығарылған қаулыларынақадағалау шағымдарын қарайды.

 ҚР Жоғарғы Сотының Пленумы ҚР Жоғарғы Сотытөралқасының ҚР Жоғарғы Соты сот алқасының үкімдеріне касациялық немесе қадағалау шағымдарын қарау кезіндешығарылған қаулыларынақадағалау шағымдары, наразылық білдірулер жөніндегі істерді қарайды.

ҚІЖК-де көзделген жағдайлардаҚР Жоғарғы Соты тиісті сот сатысында жаңадан ашылған мән-жайлар бойыншаістерді қарайды. ҚРәскери соттарының қарауынаосы төмендегі ережелеріне сәйкес мынадай қылмыстық істер жатады.

  • ҚР Қылмыстық Кодекстің 16-тарауында көзделген әскери қылмыстар;
  • Шақыру немесе келісім шарт бойынша ҚР Қарулы күштеріне, ҚР басқа да скерлерінде жне әскери құрамаларында әскери қызметін өтеп жүрген әскери қызметшілер; әскери жиындардан өтуі кезінде запастағы азаматтар өздеріқызыметтік міндеттерін орындауынабайланысты әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің немесе осы бөлімдердің, құрамалардың және мекемелердің азаматтық қызметкерадамдары жасаған немесе осы бөлімдер, құрамалар мен мекемелер тұрған жерлерде жасалған барлық қылмыстар туралы.
  • Шпионаж туралы.

Қылмыстық іс қылмыс жасалғанжердегі сотта қаралуға тиіс.

Егер қылмыс бір соттың қызмет жасайтын жеріндеаяқталса, іс тергеу аяқталған жердегі сотта қаралады.

Егер қылмыс ҚР-нан тысқары жерде жасалса немесе қылмыс жасалған жерді анықтау мүмкін болмаса немесе қылмыстар әр түрлі жерде жасалса, істі тергеу аяқталған жердегі сот қарайды.