Барлық қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу жүргізудің міндеттілігін- алдын-ала тергеп тексеру сатыларының жалпы шарттарының бірі. Жасалған қылмыстық әрекеттердің қоғамға қауіптілігі дәрежесінің болатынын, қылмыс субъектілерінің ерекшеліктерін, қылмыстық ізге түсу органныңуәкілеттіктері көлеміндегі айырмашылықтарды ескерк отырып, заң шығарушы сотқа дейінгі қызметтің жоғарыда аталған екі нысанын көздеген:
- алдын-ала тергеу (алдын-ала іздестіру):
- анықтау
Сотқа дейінгі қызметті тек осы екі нысанмен шектеу заңды органдарының құзіретін анықтап бөлуге болатын барлық іс жүргізу қырларын толық көлемде көрсете алмайды.
Сондықтан заң шығарушы әрбір нысан шегінде өз түрлерін ескерген: мысалы: алдын-ала іздестіру мынадай түрлерде жасалады:
- өзінің лауазымына қарай тек тергеушілер ғана жүргізілетін алдын ала тергеу. ҚІЖК-ң 64-бабының 1-бөлігіне сәйкес, лауазымды адамдар ,болып табылады. Тергеушілерге мыналар жатады: ішкі істер органдарының тергеушілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушілері, салық полициясы органының тергеушілері:
2 ҚІЖК-ң 288-бабының 3-бөлігінде көзделген жағдайда анықтау органы жүргізетін алдын-ала тергеу.
Бұл анықтау органы сотқа дейінгі қызметіне алдын-ала жүргізуміндеті болып табылмайтын істер бойынша алдын-ала тергеп тексеру нысанындажасағанын білдіреді. Мұндай жағдайда алдын-ала тергеу мынадай анықтау органдары арқылы жасалады.(әскери) ішкі істер органы. Салық полициясы органдары кеден: органдары: әскери полиция органдары: әділет органдары: шекара қызмет органдары: мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары; ұлттық қауіпсіздік органдары. Анықтау органының алдын ала тергеу ісін жүргізу үшін мынадай негіздер болады. Қылмыс жасады деген сезік туған адамның анықталмауы жалпы ереже бойынша оған қатысты алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес: кәмелетке толмағандардың немесе дене яки психикалық кемістіктеріне болатын өздерінің қорғану құқықтарын жасай алмайтын адамның қылмыстар жасауы.
Сотқа дейінгі іс жүргізудің дербес нысаны ретінде анықтауда екі түрге бөлінеді.
- алдын ала тергеу жүргізу міндеті болып табылатын істер бойынша анықтау. Бұл жағдайда анықтау органының ҚІЖК-ң 200-бабында белгіленген тәртіппен қылмыстық іс жүргізу және жедел іздестіру әрекеттерінің орындау ретінде анықталады. Бұл анықтау органы осындай істер санаты бойынша қылмыстық іс қозғауға және қылмыстың іздерін анықтап тиянатау жөнінде кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу құқығы дегенді білдіреді. Істі тергеушіге берген соң анықтау органы тек тергеушінің тапсыруымен тергеу іс әрекетін және жедел іздестіру шараларын жүргізеді.
- алдын ала тергеу міндеті болып табылмайтын істер бойынша анықтау ҚІЖК-ң 285-бабына сәйкес осынрдай істер санаты бойынша анықтау материалдары істі сотта қорғау үшін негіз болып табылады. Анықтау сотқа дейінгі іс жүргізудің бірден бір мүмкін болатын нысаны жағдайда көрінетін қылмыс жасады деген сезікті адамды дәлелдеу міндетті шарты болып табылады. Тұтас алғанда, істердің осы санаты бойынша анықтау ҚІЖК-ң 37-тарауының нормаларында белгіленген ережелер бойынша жасалады.
Сотқа дейінгі іс жүргізудің нысандары мен түрлеріне қарай оның әр түрлі мерзімдер белгіленеді. Алдын –ала тергеу нысанындағысотқа дейінгі іс жүргізу қылмыстық іс қозғалған күннен бастап 2 ай мерзімнен кешіктірмей аяқталуға тиіс. Аталған мерзімге қылмыстық іс қозғалған күннен бастап істі айыптау қоытындысы меннемесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарау үшін істі сотқа беру туралы қаулымен бірге прокурорға жіберген күнге дейінгі немесе іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы қаулы шығарылған күнге дейінгі уақыт енгізіледі.
Заңда алдын ала тергеу мерзімін қылмыстық іс қозғалған күннен бастап есептеуді ескертудің маңызы мынада: тәжірибеде қылмыстық істі анықтау органынан тергеушіге, бір тергеушіден екіншісіне, бір қылмыстық ізге түсу органдарынан екіншісіне беруге тура келетін жағдайлар кездеседі. Осыған қарамастан, қылмыстық іс қозғалған күн алдын ала тергеудің іс жүргізу мерзімі аяқталатын бастапқы кезең болып табылады. Бұл анықтау органының бастапқы тергеу іс әрекеттерін жүргізуге пайдаланған уақыты да екі айлық мерзімге кіретінін білдіреді.