Қылмыстық іс қозғау фактісінің қылмыстық ізге түсумен бірдей еместігін есте сақтау қажет. Қылмыстық ізге түсудің адамды қылмыстықжауаптылыққа тарту кезінен басталатыны, яғни іс жүргізу шешімдерінің уақытымен көп сатылылығы жөнінен қылмыстық іс қозғаудан арата қалатыны белгілі. Қылмыстық ізге түсу ірекетінің қылмыстық іс қозғаумен байланысты болатыны соншама, қылмыстық іс қозғамайынша, қылмыстық ізге түсудің болуы мүмкін емес.Қылмыстық іс қозғаудыңқылмыстық ізге түсу қашандақылмыс жасауға қатыстылығы уәкілетті органдардың сотқа дейінгі жұмысы барысында дәлелденген нақты адамға қарсы бағытталған және бұл адам шегінде яғниматериалдық-құқықтық мағынада құқық субъектінің барлық белгілерін иеленеді, олай болмаған жағдайда қылмыстық тәртіппен ешкімнің ізіне түсуге болмас еді. Қылмыс жасады деп сезіктенген адам туралы ешқандай мәлімет болмаған жағдайда шешім қабылданатын кездердегі қылмыстық іс қозғау сатысы-бұл басқа мәселе. Оғанқоса, уәкілетті адамдардың қылмыстық іс қозғағаннан кейін жасайтын әрекеттерінің нәтижелері істелген әрекетте қылмыстық сипаттағы белгілердің немесе осындай жағдайда айтылып жүрген қылмыс құрамының жоқтығы туралы қорытынды жасауға негід болуы мүмкін. Қылмыстық әрекет жасаған адам туралы мәліметтер болмайтын, бірақ мұндай әрекеттің қылмыстық сипаты болуы мүмкіндігін көрсететін белгілер кездесетін жағдайда қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау тәжірибеде “факті бойынша қылмыстық іс қозғау” деп аталады. Егер қылмыс жасаған деп сезіктенетін адам қылмыстық іс қозғау сатысында анықталатын болса, онда бұл адамға қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылданады.
Қылмыстық іс қозғауға уәкілеттігі бар лауазым иелері осындай шешім қабылданған кезден бастап ҚІЖК бойынша қылмыс жасау жағдайларын, он жасаған адамды, айыптының қылмыстық ізіне түсудің негіздерін анықтау секілді мақсаттарға жету үшін көзделген кез келген іс жүргізу әрекеттерін қолдануға құқылы.
Қылмыстық іс қозғау үшін жеткілікті мағлұматтарды анықтауда қылмысқа кінәлі адам туралы мәліметтердің болуын немесе он әшкерелеудің нақты мүмкіндіктерін көздейтін немесе осы іс бойынша айыптау Кімі шығады друге негід болатын сот болашағы деп аталатын жағдайды басшылыққа алуға болмайды. Мұндай қағида заңға негізделмеген. Ол іс қозғаудан заңсыз бас тартуға, қылмыс туралы бастапқы материалдарды тексеру шегін кеңейтуге әкеп соқтыруы мүмкін.
- Қылмыстық ісқозғау құқығы бар орган дар мен тұлғалар жөніндегі мәселе айтарлықтай маңызды мәселе болып табылады. ҚР ҚІЖК қылмыстық процесті бастау және қылмыстық істі қозғау құқығы бар орган дар мен лауазымды адамдар тізбесін белгілейді. Оларға анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы тергеуші, прокурор жатады. Аталған орган дар мен лауазымды адамдардың бәрі өздерінің құзіреті шегінде қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешеді.
Бұл тізбе мейлінше толық болғандықтан, кеңейте түсіндіруді қажет етпейді. Осыған байланысты бұл тізбенің заң арқылы қылмыстық ізге түсу органына жатқызылған қатынастар субъектілерінің аясымен сәйкес келмеуі түсіндіруді талап етеді. ҚІЖК –ң 7-б-ң 14-тармағына сәйкес қылмыстық ізге түсу органының тізбесіне тергеу бөлімінің бастығымен басқа, қылмыстық іс бар барлық орган дар мен тұлғалар кіреді. Бұл жағдайда тікелей түсіндіру мынаны білдіруі тиіс: тергеу бөлімі бастығының қызметі шектелген, ол айып тағылатын кезге дейін аяқталады. Слайда ол мүлде олай емес. ҚІЖК-ң 63-б 2 бөлімінің мазмұны бойынша тергеу бөлімінің бастығы тергеушінің уәкілеттерін пайдалана отырып, қылмыстық іс қозғауға, қылмыстық істі өзі жүргізуге қабылдауға жіне Алдан Ала тергеуді жеке өзі жүргізуге құқылы болып шығады.
Сонымен тергеу барысында тергеушінің уәкілеттіктерін пайдалана алатын тергеу бөлімінің бастығын да қылмыстық ізге түсуге құқығы бартергеуші ретінде түсіну қажет.
Мұндай ерекшеліктерді ескерудің маңызы зор, өйткені қылмыстық іс жүргізу құқығының жалпы қисынына сүйенетін болсақ, қылмыстық іс қозғау құқығы бар субъектісінің қылмыстық ізге түсуді жасайтын субъектілерге айналуы істің дәлелдемелерін түсіну және кейін бағалау тұтастығын қамтамасыз етуїтиіс.
Г.В Дроздовтың атап көрсеткеніндей, қылмыстық іс қозғау сатысының мазмұнына сондай-ақ заңды орган дар мен лауазымды адамдардың мынандай әрекетері кіреді: а)қылмыс туралы ақпаратты қабылдау, он тиісінше рәсімдеу және тіркеу;
ә)бұл ақпаратты қарау және қажет болған жағдайда қылмыстың болғаны жөніндегі нақты мағлұматтарды анықтау үшін тексеру жүргізу:
б) заңға сәйкес іс жүргізуді бастауң қылмыстық іс қозғаудан бас тарту немесе тергеуге яки сот қарауына жататыны жөніндегі қылмысқа қатысты арызды Зіберу туралы шешім қабылдау.
Қылмыстық іс қозғау құқығы бар қатынастар субъектілерінің мәртебесі әртүрлі болып келеді. Бұл олардың құзіретіндегі айырмашылықтар қылмыстық іс қозғау жөніндегі шешім қабылданатын дербес іс жүргізу жағдайларын талап ететінін білдіреді. Басқаша айтқанда, қылмыстың жасалғанынкөрсететін белгілер негіздерді алғаш немесе көрген осы субъектілердің кез келгені үшін қылмыстық іс қозғауға негід бола алмайды. Егер анықталған тергеуден тыс қылмыстық іс қозғау қылмыстық іс қозғауға құқығы бар нақты органның немесе уәкілетті адамдардың құзіретіне кірмейтін болса, онда қылмыс жөніндегі арыз немесе хабар лама қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау үшін құзіретті органдарға бері леді.
Сонымен, қылмыстық іс қозғау құқығы және тиісті уәкілетті орган дар мен адамдар құзіретінің көлемі толық көлемде сәйкес келмейді.
Қарастырып отырған сатыда прокуратураға ең кең өкілеттіктер берілген. ҚІЖК-ң 62,190,192б-ң 6,7 бөліктерінің мағынасына оның тергеуге алынғанына қарамастан, прокурордың өзі қылмыстық іс қозғауға құқылы екені көрінеді. Прокурор өкілеттігінің кеңдігі жария айыптауды ғана емес, сондай-ақ жеке және жеке жариялы айыптауды да қамтиды. Мунда прокурор мынадай қылмыстық істерді қозғауға құқылы.
— кез келген жариялы айыптау ісі бойынша;
- егер қылмыстық әрекет дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы немесе басқа себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, жәбірленушіден арыз түспеген реттерде жеке айыптау ісі бойынша.
- Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды жан-жақты және әділ қарау, сондай-ақ шешу-алдын ала тергеу органдарының қылмыстық іс қозғау сатысындағы маңызды іс жүргізу міндетті.
Заң қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау үшін мынадай белгілі бір шарттардың болуы талап етіледі деп белгіленген: 1. қылмыстық іс қозғаудың себебі; 2. қылмыстық іс қозғаудың негіді, 3. қылмыстық іс жүргізуді болдырмайтын мән –жайлардың жоқтығы. Қылмыстық іс қозғауға себеп-бұл тергеушіні, анықтаушыны, прокурорды дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы хабар дар етудің зайда қатаң белгіленген негіді, мұндай негіздер болған жағдайда аталған орган дар қылмыстық іс қозғау туралы мәселені қарауға міндетті.
ҚІЖК-ң 177—б-қа сәйкес қылмыстық іс қозғауға мыналар себеп болады;
- азаматтардың арыздары;
2.кінәсін мойындап келу;
3.мемлекеттік органдардың лауазымды адамдардың немесе ұйымда басқару функцияларын атқарып отырған адамдардың хабарламасы;
4.бұқаралық апаратқұралдарындағы хабар;
5.лауазымды адамдардың және қылмыстық іс қозғауға заңды органдардың қылмыс туралы мәліметтерді тікелей анықталуы;
Азаматтардың арыздары жазбаша немесе ауызша түрде де болуы мүмкін. Жазбаша арызды берген адам оған қол қоюы тиіс. Ауызша арыз хаттамаға түсіріледі де, оға нарыз Беруні және арызды қабылдап алған лауазым иесі қол қояды. Ауызша арыздың хаттамасында хаттаманың қайда және қашан жасалғаны арызды кімнің қабылдап алғаны, арыз Беруні туралы толық мәліметтер көрсетілуі тиіс. Арыз берушіге көне-көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін жауаптылығы міндетті түрде түсіндіріледі, осыдан кейін оған ҚРҚК-ң 351-бабы бойынша әдейі, жалған сөз жеткізгені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескертіліп, бұл туралы хаттамаға белгі соғылады, ол арыз берушінің қол қоюымен куәландырылады.
Заңмен белгіленген осы міндетті рәсімді орындау кейін заңды түрде алынған шын мағлұматтарды қолға түсірудің кепілі болады, осындай мағлұматтардың негізінде іс қозғау туралы мәселе шешілетін болды.
Қылмыс туралы ауызша хабарлама телефон арқылы да берілуі мүмкін. Ішкі істер органдарындағы кезекші мұндай арызды қылмыс туралы арыздар мен хабарламалар журналына тіркеледі, осыдан кейін ол тексеру шаралары барысында қолдау табатын болса, міндетті түрде жазбаша рәсімделуі тиіс. Азаматтардың әрқашан тікелей ауызша немесе жазбаша арыз беру мүмкіндігі бола бермейді, сондықтан олар мұндай жағдайларда бұл туралы өздеріне қолайлы әдіспен, яғни оны хат арқылы поштамен жолдай алады.
- Қылмыс туралы арыздар мен хабарларды және қарау тәртібін реттеу прокурорды, тергеушіні, анықтау органы мен анықтаушыны қамтитын қылмыстық ізге түсудің барлық органына қолданылады. Осыған байланысты ҚІЖК-ң 183 бабы ұйымдық-басқару кезеңдерін талдап тексеру құқығын қылмыстық ізге түсу органына қарасты тиісті ведомстваларға қалдыра отырып, жалпы нұсқаулар береді. Атап айтқанда, ҚР Бас Прокурорынң 1998 ж 27 қаңтардағы №95 бұйрығымен «қылмыстар мен оқиғалар туралы арыздарды, хабарламалар мен өзге де ақпараттарды қабылдау тіркеу, есепке алу және шешу тәртібі туралы нұсқау бекітіліп, күшіне енген.
Аталған нұсқау құқықтық статистика субъектілері үшін қылмыстар туралы арыздарды, хабарламаларды және басқа да ақпараттарды қабылдаудың, тіркеу есепке алудың және шешудің бірыңғай тәртібін белгілейді. Нұсқауға сәйкес құқықтық статистика субъектілеріне прокуратура органдары, ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік кіріс министрлігі жанындағы салық полициясы мен кеден комитеті, Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет, Қорғаныс министрлігі органдары жатады.
Сот қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істер бойыншасот төрелігін жүргізу кезінде қылмыстың белгілерін анықтайтын жағдайлар үшін ерекшк тәртіп көзделген. Мұндай жағдайда сотқа істің мәніне қарай шешім қабылдау үшін прокурорға жолданатын жеке қаулы шығару ұсынылады.
Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды қараудыңуақыт шегі болады. ҚІЖК-ң 184-б-на сәйкес уәкілетті орган қылмыс туралы арыздардың немесе хабарламалардың түскен күнінен бастап 24 сағаттан кешіктірмей шешім қабылдауы тиіс. Солай бола тұрса да, кебір жағдайда мұндай мерзім ішінде шешім қабылдаудың мүмкіндігі болмайды, өйткені қолда бар мағлұматтар әрекетті дқрыс саралауға немесе бұл мағлұматтардан қылмыстың белгілерін табуға жеткіліксіз болады. Сондықтан заң қажет болған жағдайларда қосымша мәліметтер алу, құжаттарды немесе басқа материалдарды талап ету, оқиға орнын қарауды, сараптама жүргізу үшін бұл мерзімді анықтау органы бастығы, тергеу бөлімінің бастығы он тәуліке дейін, ерекше жағдайда бір айға дейін ұзарта алады деп белгілейді. Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды қарау мерзімінің ұзартылғаны жөнінде үш тәулік ішінде прокуратураға хабарлануы тиіс.
Жалпы алғанда, қылмыс туралы арызды немесе хабарламаны қабылдау, тіркеу және қарау жөніндегі мәселенің едәуір қиындығы бар, ол қабылданған шешімнің заңдылығын қылмыс туралы арызға немесе хабарламаға дереу құлақ қою, бұдан былайғы қылмыстық әрекеттің жолын кесуді, олардың теріс зардаптарын жоюды, айғақтар жинау үшін қолайлы жағдайлар туғызуды, қылмыс жасауға сезікті адамдарды дер кезінде ұстауды және тағы сол сияқты қамтамасыз етуге байланысты болады. ҚР Бас Прокурорының жоғарыда аталған нұсқауында анықтау органына түскен арыздар мен хабарламалардың түрліше сипатта болатыны айқын көрініс тапқан.Бұл құжаттың атауының өзінде ақ түсетін мағлұматтардың қылмыстар мен оқиғалар туралы арыздардың, хабарламалардың түрліше сипатта болатыны айқын көрініс тапқан. Бұл құжаттың атауының өзінде ақ түсетін мағлұматтардың қылмыстар мен оқиғалар туралы арыздардың, хабарламалардың және басқа ақпараттардың барлық нысандары мен түрлері белгіленген. Қылмыстық ізге түсу органының міндеті-оларды саралап қарауды және тиісті шешім қабылдауды қамтамасыз ету. Мұнда саралап қарау дегеніміз алынған мәліметтердің жеткіліксіздігін немесе күмәндылығын сылтауратып, арызды немесе хабарламаны қабылдаудан бас тартуды жоққа шығарады.
- 5. Әрбір нақты жағдайда қабылданатын шешімді қалыптастыруда қылмыстық іс жүргізу заңын қатаң түрде басшылыққа алу керек, онда қылмыс туралы арызды немесе хабарламаны алған әрбір жағдайда немесе қылмыс тікелей анықталғанда анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеу немесе прокурор мынадай шешімдердің бірін қабылдайды.
- қылмыстық іс қозғау туралы;
- қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы;
- арызды, хабарламаны істің тергеуде қарауға жататындығы бойынша, ал жеке айып тағу бойынша-істердің сотта қарауға жататындығы бойынша беру туралы.
Қылмыстық іс қозғауға себеп пен жеткілікті негіз болған кезде анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлімініңбастығы, тергеуші, прокурор қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шығарады.
Қаулы кіріспе, сипаттама және түбегейлі қортынды бөлімдерден тұрады. Кіріспе бөлімде оның шығарылған уақыты мен орны, оны кім жасағаны көрсетіледі. Сипаттама бөлімде –қылмыстық іс қозғаудың себебімен негізі, оның кімге қатысты қозғалып отырғаны көрсетіледі. Түбегейлі қорытынды бөлімде-белгілері бойынша іс қозғалып отырған қылмыстық заңның бабы, сондай-ақ істің бұдан былайғы бағыты көрсетіледі. Осымен бір мезгілде кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы қылмыстың ізін сақтау шаралары қабылданады.
- 6. “Прокурордың қылмыстық ісқозғаудың заңдылығын қадағалауы деп аталатын ҚІЖК-ң 190 б-да прокурордың мынадай құқықтары көзделген: анықтаушының, анықтау органының немесе тергеушінің қылмыстық іс қозғау туралы қаулысының күшін жою және қылмыстық іс қозғаудан бас тарту; анықтаушының, анықтау немесе тергеушінің қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулысының күшін жою және қылмыстық іс қозғау; анықтаушының, анықтау органының немесе тергеушінің қылмыстық іс қозғау туралы қаулысының күшін жою және егер қылмыстық іс бойынша тергеу іс әрекеттері жасалған болса, оны тоқтату.
ҚІЖК-ң 190 б-ң ережелерінен көрініп отырғандай, заң шығарушы алдын-ала тергеу органдары қылмыстық іс қозғау немесе одан бас тарту кезінде заңдылықтың бұзылуына жол беретін барлық жағдайда прокурордың ілтипатқа алу мүмкіндіктерін көздеген. Мұндай тұжырыдарды «Прокурор заңды себептер мен негіздер болған немесе болмаған кезде осындай шешімдер қабылдайды» деген анықтаулар мен толықтырған жағдайда, заңның бұл ережесі неғұрлым толыққандыболып көрінер еді.
Прокурор қылмыстық іс қозғаудың заңды болуын қадағалауды жасады барысында жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау, тіркеу, шешу кезінде заңдылықтыңсақталуын тексереді. Заңда оныңқадағалау ретінде тексеру жүргізу тиіс болатын мерзімі көзделмеген. Прокурор өзінің қызметі барысында мерзімі өтпеген және қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың заңдылығы туралы материалдар бойынша жүргізілген жұмыстың жай-күйіне міндетті түрде назар аударады. Заң осы мақсатпен алдын-ала тергеу органдарынан 24 сағат ішінде төмендегідей қабылданңан шешім туралы: қылмыстық іс қозғау туралы, қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы, арызды тергелуіне қарай немесе сотталуына қарай беру туралы қаулының көшірмесін прокуратураға жіберуді талап етеді.