Құрылым деп қандай да бір біршама тұйық жүйенің құрамдас бөліктерінің өзара орналасуы мен байланысын, оның ішкі құрылысын түсіну қабылданған. Қылмыстық іс жүргізу курсының бағдарламасы, оның құрылымы мен ішкі өзара тәуелді логикасы – тұтас алғанда қылмыстық сот ісінжүргізудің мәні мен мазмұны анықтайтын, өз алдына нормалар жиынтығы болып табылатын қылмыстық іс жүргізу кодексініңқұрылымымен байланысты.
Сонымен бірге бұл – дәйектіліктің таза сыртқы сипаты бар қылмыстық іс жүргізу нрмаларын дәйекті түрде қылмысты іс жүргізу құқығының мәнің пайымдау, түсіну дегенді білдіреді. Сөз болып отырған жағдайда логикалық, ұғымдық, мәндік дәйектілігі сақталуы тиіс.
Қозғалыс қарапайымнан күрделігі, механикалық деңгейлікті толықсайма-сай келтірудің мүмкін еместігі кез келген салалық заңдардың ерекшелігі болып табылады. Бұл белгілі бір ұғыды ашып көрсетуге кірісе ттырып, біздің ҚІЖҚ-нің тарауларындағы баптарды, сондай-ақ мәселені түсіну үшін қажетті құқықтық негізді құрайтын, түрлі заң актілерінде бекітілген нормаларды мысал ретінде алатынымызды білдіреді.
Алайда дәйектілікті осылай түсінуді өзі қылмыстық іс жүргізу құқығына қатысты мынадай жағдайларды ескерместен толық бола алмайды. ҚІЖҚ-індегі нормалардың орналасу құрылымы бұрын да айтқанымыздай қарапайымнан күрделіге өрбитін қозғалыс принципіне негізделген, оның мағынасы мынадай, әрбір келесі норма оның алдындағы ұйғарым иерархиясына байланысты болады не одан тікелей туындайды, ұйғарымды әлдеқайданәзік деңгейде дамытады және нақтылайды.
Қылмыстық іс жүргізу құқығыныңоқу курсының тізімі үшін саланың ішкі логикасы айқыныдауыш болып табылады. Ал айталық ҚІЖҚ-не берілетін түсінікті құру үшін нормаларға, дәлірек айтқанда олар кодексте қалай орналасса, сол тәртіппен түсінік берілетін басқаша тәсіл орынды. Ескі көзқарасты да үйлестіру (сыртқы және ішкі) оқу курсының ққұрылымына тән және қылмыстық іс жүргізу академиялық курстының мақсаттары ен міндеттеріне анақұрлым толық жауап береді.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы құрылымы жағынан Жалпы және Ерекше бөлімдерге бөлінеді. Мұндай бөлудің екі ұдайы сипаты болады. Бір жағынан Қылмыстық іс жүргізу кодексі құрылымының ерекшелігін білдіреді, мының өзі қылмыстық іс жүргізу құқығы ұғымынан тар. Екінші жағынан мұндай саралау әдістемелік тұрғыдан орынды.
Жалпы бөлім қылмыстық іс жүргізудің құқық жүйесіндегі мақсаттары, міндеттері және орны көзқарасы тұрғысынан оның тұжырымдамасын айқындайтын негізгі, принципті түрде маңызды және елеулі ережелерді ашып көрсетуге арналған. Жалпы бөлім құқықтық қызмет түрі мен саласы ретінде қылмыстық іс жүргізудің мәні мен мазмұнына тұтас түсінік береді. Жалпы бөлімнің тұжырымдамалық ережелері Ерекше бөлімді құрудың іргетасы және әділ сот мақсаттарынақол жеткізу үшін пайдаланылатын әдістер мен тәсілдерді түсінудің кілті болып табылады.
Жалпы бөлімде қаланған категориальдық, институционалдық ұғымдар Ерекше бөлімде ортақ мақсаттағы бірқатар істердің ұғымдары түрінде, яғни белгілі бір іс жүргізуәрекеттерініңтәртібі мен дәйектілі туралы нақты құқықтық ұғымдар түрінде өзінің жамуын табады. Сонымен қылмыстық іс жүргізу құқығының Жалпы және Ерекеше бөлімдері өзара тек пен түр теріндегі қатынасын, тектік болуы Жалпы бөлімге тиесілі болады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығыныңЖалпы және Ерекше бөлімдерінің біртұтастығы қылмыстық іс жүргізу заңдарының мәні мен мазмұның біртұтастығымен, әр түрлі деңгейдеболғанымен екі бөлімнен де реттелетін тәсілдер менәдістер арқылы қол жеткізілетін және шешілетін мақсаттар мен міндеттердің ортақтығымен алдық ала белгіленеді.
ҚІЖҚ-нің “Қылмыстық ізге түсу” атты 3-тарауында іс жүргізу қызметінің түрі ретінде қылмыстық ізге түсу ұғымын тұжырымдауға, материалдық-құқықтық негізге байланысты қылмыстық ізге түсуді жіктеуге, қылмыстық ізге тү.су функцияларын жүзеге асырудың сыртқы көрінісі мен өлшемдерін белгілеуге және т.т. мүмкіндік беретн ортақ нормалар бар. осы тараудың өзегі “Қылмыстық ізге түсудіжүзеге асырудың жалпы шарттары” атты 36-бап болып таылады. Сонымен, тарау мен андағы бар баптардың атауларының өзі ұйғарымнамалардыбаяндау сипаты осы тарауда қаланған нормаларды қорытындылаудың деңгейі туралы баяндайды. Атап айтқанда 36- баптың 1-бөлігінде былай деп жазылған: “ Қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін орындау мақсатында қылмыстық зге түсу органы өз құзіреті шегіндеқылмыстық белгілерін тапқан әрбір жағдайда қылмыстық оқиғасын белгілеуге, қылмыс жасауға кінәлі адамдарды анықтауға, оларды жазалауға заңмен көзделген барлық шараларды қолдануға сонымен бірдейкінәсіз адамдарды ақтау шараларын қолдануға міндетті” атты 6-бөлімде дербестүрде баяндалған, дұрыс айтқанда осы сөз бболып отырған тұүстан ӨІЖҚ-нің Ерекеше бөлімі басталады. Баптардың қарапайым тізбесі Жалпы бөлімде бекітілген тектік ережелері терең түрде егжей-тегжей нақтылайды.
ҚІЖҚ-нің Жалпы бөлімі басты, негізге алынатын ережелердің жиынтығын білдіре отырып, Ерекше бөлім ауқымында қылмыстық іс жүргізу тәсілдері мен әдстерін құралдық дамытға арналған негізді құрайтн институттар мен ұғымдардың тізбесін де қамтиды. ҚІЖҚ-нің бөлімі бес бөлімнен тұрады, олар:1. Негізг ережелер; 2. Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен тұлғалар; 3. Дәлеледемиелер және дәлелдеу; 4. Іс жүргізушілік мәжбүрлеу шарпалары; 5. Қылмыстық процестегі мүліктік мәселелер. ҚІЖҚ-ның Ерекше бөлімі жеті бөлімнен тұрады: 1. қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу; 2. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу; 3. Соттың заңды күшіне еңбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау; 4. Сот шешімдерін орындау; 5. Соттың заңды күшіне еңген шешімдерін қайта қараужөннде іс жүргізу; 6. Қылмыстық істердің жекелегенсанаттары бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері; 7. Айрықша іс жүргізу.
Құрылым сондай-ақ қылмыстық сот ісін жүргізуді реттейтін заңдаржинағындағы не Кодекстің бөлігіндегі нақты норманың орныңбелгілеуді білдіреді, мұның айта қараралықтай әдістемелік және практикалық маңызы бар.
Біріншіден, бұл реттелетн қоғамдық қатынастар жүйесініңиерархиясын тәртіптеу үшін жағдайлар туғызады.
Екншіден, орын нормативтік ұйғарымдардың кезектілігін де білдіреді, өйткені кезектлік сақтамасаіс жүргізу құбылыстарын түсінуде хаос тууы мүмкін.
Үшіншіден, қылмысты іс жүргізудің құқықтық нормаларына қатысты нақты көріністердің ережелердің жалпы жинағындағы орнын білу тікелей іс жүргізу қызметінде уәкілетті органдардың қажетті ұйғарымдарды таңдау кезінде практикалық дұрыс бағдар ұсынуына көмектеседі.
А.М.Париннің пікірі бойынша ҚІЖҚ-нің құрылымын ішкі және сыртқы деп саралауға болады. Ішкі құрылым дегеніміз? – ҚІЖҚ-нің Жалпы және Ерекше бөлімдерінің арасындағы, сондай-ақ бөлімдердің тармақтары арасындағы қатынастар. ҚІЖҚ-нің сыртық құрылымы дегеніміз – басқа задармен және осы сала мен аралас заңдарға жататын заңға тәуелді нормативтік актілермен, сондай-ақ кешендізаңдармен байланысты білдіред.
ҚІЖҚ-нің құ-рылымын осылай түсіну курс құрылымын біршама күрделі деп есептеуге негіз береді. ҚІЖҚ-нің баптарын нақты ұстану құқықтық саласы ретінде қылмыстық іс жүргізу туралытұтастай түсінік бермейтіндігібұрын да атап өтілген болатын. Мазмұны жағынан да, құрылымы жағынан да күрделі болып келетін құқық саласы айта қарарлықтай үлкен міндеттер ауқымын шешуге бағытталған.
ҚІЖҚ-ғы болып жатқантүрлі жақтары, жай-жапсарларды қамтитын күрделі, ауқымды, сан мағыналы құбылыс.Оның мәніне әр түрлі анықтама берілуіні себебін оысмен түсіндіруге болады. Дәстүрлі көзқарас – қылмыстық іс жүргізу құқығын ережелер (нормалар) заңында көрсетілген, қылмыстық процесс мақсаттарында қылмыстық істерді тергеу, қарау және шешу жөніндегі қызметті реттеутін әлеуметтік-шартты жүйе деп түсіну.
Кеңестік кезенедегі құқық дамуының энциклопедиялық анықтамасы мынаған саяды: қылмыстық іс жүргізу құқығы өз нормалары қылмыстық істерді қозғаға, алдын ала тергеуге, сотта қарауға байланысты қызметті, оның тәртібімен мазмұныңреттейтін құқық саласы; оның тәртібі мен мазмұны; бұл жағдайда пайда болатын құқықтық қатынастарды.
Ал құқық саласы — өздері реттейтін бір тектес қоғамды қатынастар ортақтығы біріктірген құқық нормалары мен институттардың ерекшеленген тобы.
Құқықтық реформа – қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тәртібін белгілейтін және алдын ала тексеру, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының қылмыстық іс қозғау, терегу, үкімді орындаумен байланысты мәселелерді сотты қарау және сотта шешу жөніндегіқызметін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі деп белгіленген.
Осы анықтамалардың бәрі бір-біріне қайшы келмейді. Олар әлдебір жақты жеткілікті түрде терең ашып көрсетіп, басқа жай-жапсарларды жанамалап қана өтеді. Акцент таңдау нақты құқық мектебінің айқындамасына байланысты.
Сонымен, қылмыстық іс жүргізу құқықғының мәні мынадай тең мәнді элементтерден қалыптасады:
- бұл дербес құқық саласы;
- іргелі сала, яғни ұлттық құқық жүйесіндегі негізгі, басты салалардың бірі болып табылады;
- өз ішінде тұтас ғылыми теорияны нормалар түріндегі нақты іс жүргізу – құқықтық нұсқамалармен ұштастырады, оларды қолдану қылмыстық сот ісін жүргіздің жалпыф және арнаулы міндеттерін шешге мүмкндік береді.
Осы баяндалғандар тұтас, аяқталған құрылым тән қылмыстық іс жүргізу құқығына бұдан бұрын келтірлген түсініктемелерді негізге ала отырып, осы сала нысаны деп мыналарды санау қажет:
- өкілетті органдарыдың қызметін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі, ол қылмыстық іс жүргізу нормалары жүйесіне негізделген;
- өкіметті органдардың қылмыстық іс жүргізу нормалары жүйесіне негізделеген қызметі;
- олардың субъективті құқықтарымен міндеттерін жүрзеге асырудың барысында қалыптасатын қатынастардың сипаты, мазмұны және бағыты.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесінде құқықтық реттеу әдісіелеулі орын алады.
Өз реттеу әдісініңболы сала ретіндегі қылмыстық іс жүргізуқұқығы дербестігініңаса маңызды белгілерінің бірі болып табылады.
Қылмысты іс жүргізу құқығының өзге салалар жүесіндегі орның анықтау оның өзге іргелі салалармен және ғылыми пәндермен арақатынасыайқындалғанда ғана мүмкін болады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының құқық жүйесіндегі орның айқындау үшін ең елеулі болып табылатындары:
а) қылмыстық іс жүргізу құқығымен қылмыстық іс жүргізу заңының;
ә) қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығының;
б) қылмыстық іс жүргізу құығымен қылмыстық процестің арақатынастары.
Сонымен қатар, қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні мен орның түсіну үшін оның азаматтық іс жүргізу құқығымен, прокурорлық қадағалау теориясымен, сот психиатриясымен арақатынасының зор маңызы бар.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының ерекшелігі – адамның құқыққа қарсы әрекет жасауына байланысты қалыптасатын құқық қатынастарының ерекшеліктерімен айқындалады. Және қайшылық феноменнің ықпалынан байқалады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы-өзге құқық салаларымен міндеттер мен принциптер ортақтығы, ішкі үйлесімділік пен ізгілікті бағыт біріктіретін біртұтас, өзара баланысты құқық жүйесі.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы – білімнің іргелі салаларына жататын дербес құқық саласы. Бұл оның өз жүйесі бар екенің білдіреді, оның өзара байланыстары мынадай: 1) құқық нормасының элементтері арасында; 2) құқық институттарына біріккен нормалар арасында; 3) қылмыстық процесс құқығы саласының институттары арасында; 4) қылмыстық іс жүргізу құқығымен құқықтыңөзге де сабақтас сабақтары арасында. Сонымен, қылмыстық іс жүргізу құқығы құрамы сыртқы қасиеттерді көрсетсе, жүйе оның мазмұнды жағын бейнелейді.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының іргелісалаларға жатқызылуы олардың диалектикасындағыішкі заңдылықтарды танып-білуге, іс жүргізу нұсқаулары логикасының ғылыми тұрғыдан әзірленуіне, нақ соған тән әдістермен құралдар көмегімен құқық қатынастарының даму дрежесіне сайкелетін іс жүргізу новеллаларын конструкциялау мүмкіндігіне байланыстымақсаттар мен міндеттердің болуымен айқындалады, бұл жердегі даму дәрежесі қоғамдық қатынастардың даму дәрежесініңтуындысы болып табылады. Қылмыстық процесті қызмет түрінде де,ғылыми ретінде де, құқық саласы ретінде де дамытудыңбасты бағыттарын таңдау өзіне негізделген қажетт теориялық база жасау іргел білімдерсаласына жатады. Қылмыстық іс жүргізу құқығының іргел сипаты оның өз дамуында “Криминалистика” сияқты қолданбалы саладан, “жедел-іздестіру қызметі” атты қолданбалы ғылыми пәннен, қылмыстық іс жүргізу заңынан озық келе жатқаның білдіреді, ол теоретик заңгерлердің ғылыми болжам жасауы мен доктриналық түсініктеме беруі үшін бастапқы материал береді.
Құқық нормасының элементтері арасындағы қылмыстық іс жүргізу құқығы мен құқықтың басқа да сабақтас салалары арасындағы өзара байланыс мәселелерітиісінше ІІ бөлімде болады. Қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесіндегіөзара байланыстардың екінші және үшінші дәрежелеріне келетін болсақ, бұл жерде негізгіорын қылмыстық іс жүргізуинститутыұғымына беріледі.
Қылмыстық іс жүргізу институты – қатынастардың нақты саласын реттейтін, тек сол қатынастарға тән ерекшеләтердібіріктіретінзаң нормаларының жиынтығы болып табылады.
Құқық институты – қоғамдық қатынастардың біршама дербес жиынтығын немесе олардың әлдебір құрамдас бөліктерін, қасиеттерін реттейтін өзара байланысты нормалар жүйесі екенің негізге алатын болсақ, онда қандай да болсын институттың мәнің түсну құқықтың сабақтас салаларынан бастау алатын ұғымдарға жүгінуді қажет етеді.
Күрделі көп соттылықұрылымы бар қылмыстық іс жүргізу институттарына жататтындары: қорғау институты, азаматтық талап институты, айыптау институты. Олар, ұғым, категория сияқты шағын элементтер жиынтығынан құралып қана қоймайды, соныфмен бірге қарапайым құрылымы бар өзге институттарды да қамтиды.
Қарапайым құрылымы бар институттарға жәбірленуш, сезікті, айыпкер, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, куә, сарапшы, маман институттары жатады. Осы институттардың ерекшелігі – олар іс жүзінде іс жүргізу құқығықатынастарын реттейді, ол қатынастарың сипаты сот ісіне қатысушы ретінде сол тұлғалардың құқықтық мәртебесін негізге ала отырып анықталады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылымиреттелетін қатынастардыбөліп шығарып, іс жүргізу институттарына жатқызуға мүмкіндікберетін өлшемдер белгіленеді. Ондай өлшемдер мыналар:
- нормалар тобының мазмұқны мен реттелетін қатынастар шеңберіндегі олардың жалпы бағытының бірлігі;
- іс жүргізу қатынастарының нақты саласын реттеудің аяқталғандығы, тұтастығы;
- нақ осы қатынастарды реттеу үшін қолданылатын принциптердің іс жүргізудің ерекше әдістері мен құралдарының болуы;
- нормалардың бөлім, тарау не бірқатар баптауда берілген бөліктер түріндегі нормативті-құқықтық акті шеңберінде сырттай, құрылымдық жағынан жекеленуі.
Қылмыстық іс жүргізу институтын тек кең ауқымды түсінік базасы негізінде ғана ұғынуға, қабылдауға және және дамытуға байланысты.
Қылмыстық іс жүргізу ұғымы-қылмыстық іс жүргізу институттарының мазмұның тарайтынэлементтердің мәні туралы жинақталған ұғым беретін формула. ҚІЖҚ- нің 43 тармақтан тұратын 7-бабы негізгі ұғымдарға түсінікберуге арналған. Алайда оның өзі қылмыстық іс жүргізу құқығында қылмыстық іс жүргізуинституттарының мәнін түсінуге көмектесетің 43 ұғым ғана бар екенің білдірмейді. Ұғымдар әлде айда көп. Олардың ҚІЖҚ-нің басқа нормаларындаболуы мүмкін. Мысалы, іс жүргізушілікмәжбүрлеу институттарынабайланысты ұғымдар “Іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары” деген 4-бөлімнің түрлі баптарында берілген: ешқайда кетпеужәне өзін дұрыс ұстау тралы қаохат беру (144-бап), жеке кепілдік (145-бап), кепіл (148-бап), алып келу (158-бап).