Сот бұйрығының негізінде берешекті өндіріп алу:
- сот бұйрығы өндіріп алушының ақшалай саомаларды өндіріп алу немесе мүлікті бөрышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тындау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамай-ақ, даусз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі болып табылады.
- сот бұйрығының мазмұны осы Кодекстің 146-бабымен белгіленеді.
- сот бұйрығының атқарушылық құжат күші болады. Ол бойынша өндіріп алу бұйрық берілгеннен кейін және сот шешімдерін атқару үшін белгіленген тәртіптежүргізіледі.
Сот бұйырығы шығарылатын талаптар. Сот бұйрығы:
- егер талап нотариатта куәландырылған мәмілеге негізделсе;
- егер талап жазбаша мәмілеге негізделсе және оны жауапкер таныса;
- егер талап төленбеген вексельге, акциптің болмауына және нотариусжасаған акцептің күні белгіәленбеуіне білдірілген наразылыққа негізделсе;
- егер әкеліктің белгіленуіне немесе үшінші тұлғаларды тарту қажеттілігіне қатысы жоқ, кәмелетке толмаған балалар үшін алименттерді өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;
- егер азаматтардан және заңды тұлғалардан салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша бересіні өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;
- егер қызметкерге аударылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;
- егер жауапкерді немесе борышкерді іздестіру жөніндегі шығындарды өндіріп алу туралы талаптарды ішкі істер органдары немесе қаржы полициясы мәлімдеген болса;
- –9) 140-баптың 8)-9 тармақшалары Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 11 шлідедегі №238-ІІ Заңымен алып тасталды.
10.егер кепіл беруші – борышкерге кепілге салыныған затынан өндіріп алу туралы ломбарттың талабы мәлімдеген болса, шығарылады.
Сот бұйрығының мазмұны.
- Сот бұйрығында: жүргізілетін істің нөмірі және бұйрықтың шығарылған күні; соттың атауы, бұйрық шығарған судьяның тегі және аты-жөні; өндіріп алушының атауы, тұрғылықты жері немесе тұрған жері; борышкердің атауы, тұрғылықты жері немесе тұрған жері; талапты қанағаттандыруға негіз болған заң; өндіріп алынуға жататын ақша сомаларының мөлшері немесе оның құны көрсетіле отырып, талап етілуге жататын мүліктің белгіленуі; егер оны өндіріп алу заңмен немесе заңмен көзделсе, тұрақсыздық айыбының мөлшері; борыышкерден өндіріп алушыны пайдасына немесе жергілікті бюджетке өндіріп алынуға жататынмемлекеттік баждың соммасы; сот бұйрығына шағым берудің мерзімі мен тәртібі көрсетіледі.
- Кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығында осы баптың 1) –5), 8) тармақшаларында көзделген мәліметтерден басқа борышкердің туған күні мен туған жері, оның жұмыс орны, оларды күтіп-бағуға алимент алып берлетін әрбір баланың аты мен туған күні, борышкердің ай сайынөндіріп алынатын төлемдердің мөлшері және оны өндіріп алудың мерзімі көрсетіледі.
- Сот бұйрығына судья қол қояды.