Сот шығындары азаматтық істі сотта қарау кезінде және сот шешімін орындау барысында пайда болады. Срт шығындарына мемлекеттікбаж салығы және істің өндірісіне байланыстыкеткен шығындар кіреді.
Мемлекеттік баж салығын төлеудің тәртібі – ҚР-ң мемлекеттік баж салығы туралы заңымен реттеліп отырады.Мемлекеттік баж салығы — өкімдік берілген мемлекеттік органдармен адамдар заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны немесеқұжаттар берілгеніүшін алынатын міндетті төлем. Мемлекеттік баж төлеушілерге тараптар, жеке талап қоятын үшінші жақтар, сонымен қатар ерекше өндіріс бойынша арызданушылар жатады.
Мемлекеттік баж салығы алынатын объектілер
- мемлекеттік баж салығы сотқа төленгетін төлем-арыздардан, ерекше жүргізетін істержөніндегі арыздардан, кассациялық шағымдардан, сондай-ақ соттың құжаттаркөшірмелер бергені үшін алынады.
- натариаттық жұмыстар жүргізу үшін.
- азаматтық халықаралық актілерін тіркеу үшін.
- шетелге шығуға құқық беретін құжаттарды және басқа мемлекеттерден адамдарды ҚР-на шақыруды куәландыру үшін және осы құжаттарға өзгертулер енгізу үшін.
Сот шығындарын бөлу сатылары мына мақсаттармен сипатталады.
- Келтірілген зиянды өтеуге байланысты құқықты қамтамасыз ету.
- Негізсіз берілген талаптардың көлемін шектеу.
Сот шығындарын бөлу деп – іс жүргізу заңдарымен қарастырылған соттық қорғау арқылы бұзылғанқұқықты қалпына келтіру кезінде кеткен шығындарды өтеуді айтамыз. Сот шығындарын бөлу кезіндебірқатар ерекшеліктер кездеседі. Мысалы: Азаматтық құқықтасот шығындарын текқұқықты бұзған тұлға ғана төлейді.Ал азаматтық іс жүргізунормалары бойынша мұндай шығындарды, құқықты бұзған немесе құқығы бұзылған тұлғалар да төлейді.
Соттық айыппұлдар деп – АІЖ заңдарының бұзылғандығы үшін азаматтар мен лауазымды тұлғаларға соттың салған қаржылайтөлемдерін айтамыз. Сотты айыппұлды сот белгілейді.Бұл соттық айыппұлдар азаматтардың немесе лауазымды тұоғалардың жеке қаржыларынан алынады. Айыппұл салынғандығы туралыұйғарымның көшірмесі айыппұл алған тұлғаға жіберіледі.
АІЖ заңдары бойыныша куәларға, сарапшыларға, аудармашыларға сотқа келмпегендігі үшін айыппұл салу жағдайларықарастырылады. Сонымен қатар соттық айыппұлдар, соттың мәжіліс залындатәртіпті бұзғандығы үшін іске қатыспайтын азаматтарға да салынады.