- Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастары деп азаматтық, отбаслық, еңбек, тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан, оның ішінде бір тараптың екінші тарапты билікпен бағындыруынанегізделген қатынастардан туындайтын даулар жөніндегі талап қоюды соттар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарау кезініде туындайтын қоғамдық қатынастардың азаматтық іс жүргізу құқық нормаларымен реттелетін өрісі айтылады.
Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының бъектісі болып жоғарыда айтылған салалардағы қоғамдақ қатынастар болып табылады.
Анықтамада айтылған қоғамдық қатынастардың өрістерінде туындайтын дауларды шешу, қарау азаматтық іс жүргізудің маңызын құрады.
- Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне болу қабілеттілігі (құқық қабілеттілігі) жәке осы құқықтық салада әрекет қабілеттілігі бар азаматтар мен ұғымдар құқық субъектілеріболып табылады (45 бап).
әр қандай құқықтағыдай, азаматтық іс жүргізу құқығында да, субъекті болубелгілі талаптарғажауап беру тиіс азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігіне, сондай-ақ азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігіне ие болу тиіс (АҚ 45-бап).
Азаматтық іс жүргізу қабілеттілігі:
- Сотта құқықтарын өз іс әрекеттерімен жүзеге асыру және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру қабілеттілігі азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі он сегіз жасқатолған азаматтарда және ұйымдарғатолық көлемде болады.
- он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеті шектеулі деп танулған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды, алайда сот мұндай істергекәмелетке толмағандардыңнемесе әрекет қабілеті шектеулі дептанылған азаматтардың өздерін тартуға міндетті.
- он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарды сондай-ақ әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын не заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың заңды өкілдері қорғайды.
- заңда көзделген жағдайларда, азаматтық, отбасылық, еңбек, кооперативтік, әкімшілік және өзге де құқық қатынастарынан және тапқан табысынанемесе кәсіпкерлік қызметтен түскенкірістеріне билік етуге байланысты мәліметтерден туындайтын істер бойыншаон төрт жастанон сегіз жасқа дейінгікәмелетке толмағандардың өз құқықтарын және заңмен қорғалатынмүдделерін соттаөз басы қорғауғақұқығы бар. Кәмелетке толмағандарғакөмек көрсету үшін кәмелетке толмағандардыңзаңды өкілдерін мұндай істерге қатысуғатарту соттың қалай шешуіне байланысты.