Бастапқыда айтылған дене тәрбиесі педагогика жүйесінде бірінші дәрежелі орын алады, өйткені ол дененің сапасын дамытуға,қимылдатқыш қабілеттілігіне және сонымен байланысты адам организмініңтабиғи ерекшеліктеріне әсерін тигізеді.
Денені дамыту дегеніміз – организмнің табиғи морфофункционалды ерекшеліктерін өзгерту гамалиясы. Дененің дамығандығын көрсететінкөрсеткіштері дененің көлемі мен салмағының өзгеруі, бұлшықеттердің өсуі,дененің қазғалыс сапаларының дамуы және еңбекке қабілеттілігі.
Адам өмірінде бірнеше даму сатысынан өтеді: пренаталды, алғашқы постнатальды кезең, балалық шақ, бозбалалық кезең, кемелденген уақыт және қартайған шақ. Дененің көлемі мен функционалдымүмкіндіктерінің өсуі, өмірдің алғашқы жылдарында тез жүреді, бойы 3-4 есеге дейін өседі, салмағы 20-30 рет, өкпесі 5-10 рет, жүрек соғуы 20-30 рет күштілік қабілетінің көрсеткіші 50 реттен, содан кейін тұрақтанады, қартая бастаған кезде аталғанкөрсеткіштер төмендей бастайды.
Денені дамытудадене тәрбиесінің маңызы зор. Денені дамыту – тиабиғи және әлеуметік келісілген табиғи гамалия юолып тұқым қуалайды және табиғат заңдылықтарына бағынады.
Осы табиғи заңдылықтар адамның қимыл-әрекеттерімен өмірінің әлеуметтік жағдайына байланысты. Денені дамытуға әртүрлі жағдайлардың немесе факторлардың әсер етуіне қарамастан, ол өзінше жан-жақты және үйлесімді болыпнемесе тар көлемде үйлесімсіз болып дамиды.
Дене тәрбиесі мәдениетініңфункционалды жабдықтаушы дене тәрбиесі жүйесінің әртүрлі күйдегі жағдайы мінездейді.
- оған кіретін ойлар мен ұйымдастыру түрлерінің дамуы;
- мазмұнының ғылыми-тәжірибелік құндылығы;
- әдістемелік тәжірибенің пайдаланылуы;
- мамандармен, дәрігерлік, хабарлау және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыздандыру т.б.