“Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі шұғыл шаралартуралы” ҚР Президентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы №2261 Жарлығын орындау және халықтың денсаулығын сауықтыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТДІ:
- Қазақстан Репсубликасы Жастар ісі, туризм және спорт министрлігі Әділет министрлігімен, Экономика министрлігімен басқа да мүдделі мекемелермен және ведомствалармен бірлесіп мыналарды 1996 жылдың 1 қаңтарына дейін әзірлеп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін:
“Спорт туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасы;
Қазақстан Республикасы 1996-2000 жылдарға арналғанбұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасы;
Қазақстан Республикасындағы халықтың дене тәрбиесін бағалау жөніндегі Президенттік сынама Ережесінің жобасы.
- Қазақстан Репсубликасы Жастар ісі, туризм және спорт министрлігі:
1995-1996 жылдары жергілікті өнеркәсіп орындарының спорттық мақсаттағы тауарлар мен керек жарақтар шығаратын ведомствалық меншігіне қарамастан спорт ғимараттарымен базаларыныңтөлқұжаттау тізімін жасасын;
Қазақстан Республикасында спорт өнеркәсібі мен спорт ғимараттары жүйесін дамытудың келісілген мемлекеттік бағдарламасының жобасын 1996 жылыдң 1 шілдесіне дейінҚазақстан Республикасы Үкіметіне ұсынсын;
- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
республикалық бюджеттен ҚР олимпиадалық дайындық базаларын күрделі жөндеуденөткізу кезең-кезеңімен арнайы қаржыбөлінуін қарастырсын;
ұлттық құрама командаларының ІІІ қысқы Азия орындарына және 1996 жылы өтетін ХХVІ жазғы олимпиадаойындарына дайындығы мен қатысуына байланысты шаралардыңқаржыландыруын қамтамасыз етсін.
- ҚР Қаржы министрлігінің жанындағы Шетел копиталын пайдалану жөніндегі комитеті ҚР Экономика министрлігімен, Жастар ісі, туризм және спорт минимстрлігіменбірлесіп 1995 жылдың 1 қарашасына дейінҚР Үкіметіне;
- ҚР Білім министрлігіне мектеп жасына дейінгі балалардың, жалпы орта білім беретін мектептер мен кәсіптік-техникалық училищелердің, лицейлер мен колледждердің оқушыларының, техникумдар мен жоғары оқу орындары студенттерінің оқудан тыс уақытта дене шынықтыру жаттығуларымен және спортпен тұрақты айналысуы үшін 1996 жылы қоғамдық негізде “Жастар” дене тәрбиесі-спорт қоғамын ашу ұсынылсын.
- “Қазақстан теледидары мен радиосы” республикалық корпорациясы, республикалық газеттер мен журналдар редакциялары, ҚР Жастар ісі, туризм және спорт министрлігі, облыстардың және Алматы қаласының әкімдері республика халқы арасында бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын, темекі мен алкагольдің зияны туралыүгіт-насихатты күшейтсін.
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Жастар ісі, туризм және спорт министрлігімен бірлесіп тест әдісінқолданып, халықтың барлық әлеуметтік-демографиялық топтарынкешенді медециналықтексеру жөніндегі нұсқауды 1995 жылдың 1 қарашасына дейін әзірлеп, бекітсін. Дене шынықтыру-сауықтырубағытындағы құралдармен ҚР халқына емдеу және денсаулығын қалпына келтіружөніндегі шараларды әзірлесін.
- Облыстардың және Алматы қаласының әкімдері:
қоғамдық негізде спорт жөнінде облыстық, қалалық кеңестер құру ұсынылып, олардың қызметі туралы ережені әзірлеу;
ҚР Денсаулық сақтау министрлігініңкелісімімен денсаулық сақтау мекемелерінің тізбесіне сәйкес облыстарда дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерін қалпынакелтіру, ал тұрақты халқы 125,0 мың адамнан қалаларда бюджет қаржысынсыз дәрігерлік бақылаукабинеттерін ашу қажеттігіні қарастырсын;
1995-96 оқу жылыдарынан бастап оқу-жаттығу орталықтары, спорт резервтерін дайындауорталықтары және олимпиадалық спорт түрлерінен эксперименттік командалар, республикалық ұлттық құрама командаларының резервтерін дайындау үшін болашағы бар балаларға спорттық бейіндегі мектеп-интернаттар ашсын.