Дене тәрбиесі мұғаліміне спорт дайындықтарының негізгісипаттамасын білу қажет. Мәселен, оқушылардың дене тәрбиесі жүйесіндегі орнын білуі, спорттағы бағдарлау мен іріктеугебелсене қатысуы, сонымен қатар жаттығуданқалмауы, білімін жан-жақты жетілдіруге тиіс. Спорт дайындықтары бірнеше бағыттарға бөлінеді: 1. Әрбір спорт түріне дарынды балаларды қызықтырып, тарта білу. 2. Спортық жаттықтыру процесі. 3.Жарыс.
Спорттағыбағдарлау мен іріктеу.
Оқушылар спортқа жан-тәніменберілуі қажет. Егер оқушы спорт түрін жақсы тандай білсежәне онымен бар ықыласымен айналысса, онда ол сөзсіз жоғары көрсеткіштерге қол жеткізеді. Жаттығушылардың спорт секцияларында тұрақтамауы, оқу-тәрбие жұмысына керіәсерін тигізеді. Сондықтан оқушылардың спорт түрін таңдауына дене тәрбиесі мұғалімі менжаттықтырушы бағыт сілтеп отыруы, біріге жұмыс істеуі қажет. Спорттағы бағдарлау және іріктеу кезінде спорт түрінің тараптарына, баланың өз басыныңерекшеліктеріне, қабілеттілігіне көңіл аударған жөн.
Қабілеттілік – баланың өзі таңдап алған спорт түрінің қимыл-әрекеттерін тез және нәтижелі меңгере алуы және сол әрекеттердің оған ұнауы.
Спорттағыдайындылық дегеніміз м- бала қабілеттілігінің, оның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерімен үйлесуі. Сол арқылы спорт әрекеттерінің нәтижелі орындалуы.
Адамның қызығушылығын, ұмтылысын, спорт түріменшұғылданудан қанағаттануынескеретін сол спорт түріне бағыттау шараларын спорттағы бағдарлау дейміз. Оны бірнеше түрге бөлуге болады. Үгіт, насихат, спорт түрінен мағлұматтар беру. Мектепке сабақ кезінде мұғалімнің баяндаулары, спорт туралы қабырғагазеттері, стенттері, көрмелер, радио, теледидардан берілетін хабарлар, әдеби кітаптар оқу, спорт жарыстарын көру т.б. спорт туралы кеңес, әңгіме. Мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі оқушымен ол жақсыкөретін спорт туралы әңгімелеседі, сұрақтарына жауап береді. Сөйтіп олардың спорт түріне қабілеттілігін анықтайды.
Оқушыларды қабілеттілігіне байланысты іріктеп алған жөн. Спорттағы іріктеу және екінші іріктеу деген екі кезеңге бөлінеді. Бірінші іріктеу – келешек спортшымен танысу, оны жан-жақты зерттеу. Ол мынадай іріктеуден тұрады: 1. Қозғалыс қасиеттерін әр түрлі сынақтарарқылы бағалау. 2. Дене құрылысы ерекшеліктерінкөру, бағалау. 3.Психо-физиологиялық тексерулер. 4. Ата-аналарымен танысу.
Екінші іріктеу кезеңіндежас пспортшының қабілеттілігі және бастапқы маманданукезіндегі кемшіліктеріанықталады. Іріктеу кезінде баланың морфологиялық ерекшеліктеріне назараударған жөн. Спорт түрлері адамның морфологиясына әр түрлі талаптар қояды. Мысалы, найза, граната,диск лақтырушылардың ұзын бойлы, ауыр салмақты болуымен қатар, айналу амплитудасы мен ұшу жылдамдығы үшін қолдары да ұзын болуы шарт. Жеңіл атлетикамен айналысушылардың аяқтарының ұзын болуы қажет т.с.с.
Жаттықтырушылар іріктеу мен бағдарлау кезіндекөптегенжәне әр түрліамалдар қолданылады: 1. Жарыс. Бұл адалресмижәне әр түрлі амалдарқолданады: 1. Жарыс. Бұл амал ресмижәне әр түрлібәсеке түрінде өткізіледі. 2.Жаттықтыру. Спортшының қабілетін жаттықтырусабақтары кезінде бағалау. 3. Бақылау сынақтары. Жаттықтыру кезіндеқолданылатын негізгі жаттығу түрлерінен сынақтар алу. 4. Адам организмін зерттеу. Баланың қабілеттілігін әр түрліаппараттар арқылы тексеру.