Республикалық спортклассификациясы дегеніміз – жасөспірімдер разрядынанбастап халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын беру, соның ережесін бекітіп, тәртібі мен нормативтерін белгілеу. Ол спортта жоғары жетістіктерге жетуге, жаттықтырушы жұмысын жетілдіруге, мектептердің , спорт қоғамдарының жұмысын жақсартуға ықпал етіп, Қазақстан спортының дамуына негіз қалайды.Спортық классификация КСРО-да 1935 жылы қабылданды. Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, тәуелсіздік алуына байланысты қазір елімізде классификация мазмұны мен құрылымы көп өзгерді, әлі де жетілдіріліп келеді. Дене тәрбиесі жүйесі мемлекеттік және қоғамдық негізде мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектептерде, орта және жоғары оқу орындарында, әскери бөлімдерде, емханаларда және басқа да мемлекеттік, қоғамдық мекемелерде ұйымдастырылады. Сабақ мемлекеттік бағдарлама, ресми кесте бойыншажүргізіледі. Ол үшін арнайы уақыт белгіленіп, қаржыландыру мәселесі шешіліп, материалдық база жасалады. Республикамызда дене тәрбиесі жүмысын басқарып, бағыт беріп отыратын арнаулымемлекеттік орнгандар бар.
Дене тәрбиесі сабақтарын белгілі спорт саласының арнайы мамандандырылған мұғалімдері, оқытушылары сондай-ақ кәсіби жаттықтырушылары, нұсқаушылар жүргізеді. Қоғамдық ұйымдастыру барлық жастағы адамдарды дене тәрбиесін неғұрлымкөбірек қамтуға бағытталған.Қоғамдық ұйымдастырутүрінің ең бастапқы ұйымы – спорт клубы. Дене мәдениеті және спорт қозғалыстарын кәсіподақтық және ведомствалық ерікті спортқоғамдары басқарады.Ерікті спорт қоғамдарын басқарудемократиялық,орталықтан басқару принципі бойынша, сайлау арқылы өтеді. Кейінгі жылдары жеке жаттығу түрінің маңызы артты.Денсаулық сақтауға бағытталған көптегенқозғалыстары, клубтар пайда болды. Жеке жаттығу ұйымдары әрбір адамға ұнайтын спорттың түрімен белгіленген уақытта айналысуына мүмкіндік береді. Мемлекеттік және және жеке қоғамдық спорттың ұйымдар бірін-бірі толықтырып отырады.