“Құқық субъектісі” – бұл заң негізінде құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру қабілеттілігіне ие жеке физикалық немесе заңды тұлға. Осы түсінік құқықтың кез келген саласының кажетті элементі болып тұрады. Әкімшілік- құқықтық қатынастарда құқық субъектісі деп мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, азаматтар танылады.
Мемлекет азаматтарды құқық субъектісі деп мойындағаны олардың мемлекеттегі, мемлекеттік органдар мен басқа тұлғалардың арасындағы орнын сипаттаушы құқықтық статусын (құқықтық жағдайын, орнын, мәртебесін) анықталуына әкеп соғады.
Азаматтардың әкімшілік-құқықтық статусы жалпы статусының бөлігі болып, төмендегі элементтерден құрылады:
-әкімшілік құқыққабілеттілік пен әрекетқабілеттіліктен;
-мемлекет басқару өрісіндегі құқықтар мен міндеттерден;
-азакматтардың құқықтары мен бостандықтарының әкімшілік –құқықтық кепілдерінен.
Азаматтардың әкімшілік құқыққабілеттілігі-бұл мемлекет басқару өрісіндегі құқықтар мен міндеттерге ие болу қабілеттілігі.
Азаматтардың әкімшілік әрекетқабілеттілігі – бұл мемеллекет басқару өрісіндегі өз әрекеттерімен құқытарын жузеге асыру және міндеттерін атқаруқабілеттілігі.
Азаматтардың құқыққабілеттілігі мен әрекетқабілеттілігі олардың жасынан басқа мән-жайларға да байланысты болады: мысал, рухани кеселіне, мүгедектігіне байланысты азаматты автокөлік басқару құқығыннан айру мумкін. Азаматтардың әкімшілік – құқықтық статусында құқықтарымен бірдей белгіленетін міндеттері де көп. Олардан ең маңыздылары болып, Қ Р-сының Конституциясы мен заңдарын сақтау, басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын, намыстарын, мәртебелерін кұрметтеу тұрады.
Осы абсолютты міндеттерден басқа көп міндеттер де туындайды. Олар құқықтық актілерде бекітіліп, олардың тіршілігінің әр түрлі өрістеріне тиісті болады. Міндеттер әкімшілік — құқықтық нормалардың көпшілігінен тұратын құқықтық ережелерде белгіленеді. Мысал, жол әрекеті, автокөліктерді тіркеуден өткізу туралы ережелерде.
Азаматтардың жалпы және арнайы әкімшілік — құқықтық статустарын ажратуымыз қажет. Жалпы әкімшілік — құқықтық статус кез келген азаматтың жасынан, денсаулығынан, тұрар мекен – жайынан тәүелсіз болып, оған азаматтардың конституциялық статусы жатады.
Арнайы әкімшілік – құқықтық статус адамдардың тек ерекшелігі бар тобында ғана болады, мысал ерекше статус студенттерде, оқушыларда, автокөлік жүргізушілерде бар.
Осыған сүйене, әкімшілік-құқықтықта арнайы әкімшілік – құқықтық статусы тек оларда ғана бар арнайы субъектілер түсінігі ажыратылады.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері олармен мемлекеттікоргандар арасындағы әкімшілік – құқықтық қатынастарда жүзеге асырылады.Осы кезде субъективтік құқықтар мен міндеттер пайда болады. Конституцияда көрсетілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтары әкімшілік – құқықтық кепілдер көмегімен жүзеге асырылады. Бұл кепілдер төмендегіден турады:
-заңда белгіленген тәртіппен баспасөзде жарияланбаған заңдар мен нормативтік актілер қолдануға жатпайды;
-мемлекеттік органдар кез келген азаматқа оның құқықтары мен мүдделеріне тиісті құжаттармен танысудың мүмкіндігін камтамасыз етуге міндетті;
-мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың кез келген азаматтардың құқықытарын шектеуші шешіміне немесе әрекетіне сотқа шағым арыз берілу мүмкін;
-Конституцияда анықталған жағдайлардан басқа ешкім азаматты қайсы бір құқығынан немесе бостандығынан айыра алмайды немесе оларды шектей алмайды.
Әкімішілік – құқықтық жүйеде ұйымдастырушы кепілдер де болады. Оларға азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қоргайтын және сақтайтын мемлекеттік органдарының бары және осы органдардың іс-әрекеті жатады.
ҚР-сы Конституциясында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдеушісі деп Қ Р-сының Президенті айтылған. Осы ережеге сәйкес , тиісті өкілеттіктер оның жергілікті өкілдеріне — әкімдерге де берілген. Негізінде, әр бір мемлекеттік орган адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау тиіс, өйткені, мемлекеттің өзі де осы мақсатқа тағайындалған.
Бұл жүйеде ішкі істер, сот, прокуратура органдары, яғни , әкімшілік-құқықтық шараларды қолданылатын құқыққорғау органдарының орны бөлек.
Мемлекеттен тәүелсіз әр түрлі қоғамдық және діни бірлестіктердің уәзіптенуі – азаматтық қоғамның айырылмас қасиеті.
Азаматтарының бірлесу бостандығының құқығы Қ Р-сы Конституциясының 23 бабында берілген.
Бірлестіктердің іс-әрекеті тәүелсіз болғанымен, оларды басқаруда да әкімшілік әкімшілік құқықтың мәні өте зор. Мемлекет осы бірлестіктердің түрін, құру тәртібін, іс-әрекеттері өрісінжәне құқықтық режимын, құқықтары мен міндеттерін белгілейді, олардың іс-әрекетін бақылайды, сондай-ақ құқықтары мен мүдделерін қорғайды.
Мемлекеттік органдармен салыстырғанда, қоғамдық және діни бірлестіктердің ерекшкліктері төмендегідей болады:
- олар азаматтармен ерікті тәртіппен,көбінше, әр түрлі қажеттіктерін қандыру үшін немесе коммерциялық іс-әрекет , әлеүметтік –мәдениеттік өрістерде қызмет көрсету ушін құрылады.
- оларда мемлекеттік-өктем өкілдіктер жоқ. Қ Р-сы Конституциясында қоғамдық бірлестіктердің төмендегі түрлері көрсетілген: саяси партия, көпшілік қозғалысы, кәсіптік одақ, әйелдердің, ардагерлердің ұйымдары, мүгедектер ұйымы, ғылыми , техникалық, мәдени-ағартушылық, мәдени-спорттық, т.б. ерікті қоғамдар ,
өнер одақтар,қорлар,ассоциациялар бар.
Республикамызда нәсілдік , ұлттық, әлеуметтік, діни есептеспеушілікті, сословиелік артықшылықтарды жариялаушы немесе іс-тәжрибесінде қолданушы, конституциялық құрылысты құлатуға үндеуші әскери топтар құрылуына және уәзіптенуіне тыйым салынған.
Бірлестіктердің жарлықтары әдилет басқармаларымен немесе министрлігімен тіркеуге алынады. Тіркеуден өту үшін арыздар : қоғамдық бірлестіктер үшін – екі ай , діни бірлестіктер ушін –бір ай мерзімінде шешілуі тиіс.
Діни бірлестіктерді мемлекеттен айру туралы принципколданылады.
Заңдар бұзылған жағдайларда қоғамдық және діни бірлестіктер әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Бірлестіктерге жаза шарасы ретінде тіркеуге алатын органның ескертүі, айыппұл салу, мүлкін тәркілеу , оның қызмет түріне берілген лицензиядан айыру шаралары қолданылуы мүмкін.
Діни бірлестіктер әкімшілік құқықтың арнайы субъектісі ретінде белгіленіп, олардың құқықтық статусы жекелеген заңмен реттеледі.