Біріншіфранцуз империясы 15 жылдай өмір сүріп, оған қарсы коалицияның- Ресей, Ұлыбритания, Пруссия, Швеция, Австрия әскерилері жағынан жеңілгеннен соң- жойылды.
Жеңген мемлекеттер коалициясы Францияның патшалыққа «легитимдық» (заңды) династияның өкілін –Людовик ХVIII-ні қоюға асықты.
Францияның жаңа басқарушылары жер меншігін қайта бөлудің нәтижесін, буржуазияшыл азаматтық (Наполеон) Кодексін, демек, феодалдық қатынастардың жойылғанын тән алуы тиіс еді.
1841 жылғы Хартия деп аталған Конституция бойыншасайлау жүйесіне мүліктік ценз қайта енгізілді. Бұл 30 млн. француздан 90 мыңы ғана дауыс беру құқығына ие болуына, ал сайлану құқығына бары-жоғы 15 мың адам ғана ие болуына әкеп соқты. 1830 жылы патшалық еткен Карл Х 6 ордонанс шығарып: 1) баспа сөз бен жиналыстардың бостандығын жойды; 2) төменгі (халықтан сайланатын) палатаның заң шығаратын құқығын қысқартты; 3) «католиктік дінді қорлау» үшін өлім жазасын қайтарды.
Бұл саясатқа 1830 жыл июліндегі көтеріліс жауап болды. Көшедегі қанды соғыстар нәтижесінде Карл Х құлатылып, қашты.
Бұл революцияға жетекшілік еткен ірі, көбінесе, қаржы буржуазиясы патшалыққа Луи Филипп Орландиялықты қойды. Сондықтан, мемлекеттегі жетекші роль қаржы аристократиясының қолына өтіп қалады.
Екінші республика:
Жоғарыдағы жағдай өнеркәсіптік буржуазияны қанағаттырмады. Жұмысшылар асып кеткен қиыншылықтарға төзе алмайтын дәрежеге жетті. 1848 жылы 22 февраль күні жұмысшылар көтеріліп, реформалар мен нан туралы талаптармен көшеге шығады.
Үкімет оларды бастыруға әскерилерді жібереді.
Париж баррикадаларға бөленді. Король тақтан безіп, қашып кетеді.
Республика үшін күрескен жұмысшылар оның әлеуметтік болуына, олардың кәрілік кезі, балдарының тәлімі туралы қамқорлық етуіне үмітті еді.
Бірақ, Құрылтай Жиналыс тікелей буржуазияшыл республиканыжариялады (4 май күні). Алданған жұмысшылардың июнь айындағы (буржуазиясыз) көтерілісі аяусыз жаншылды: 50 мың адам өлтірілді, 3 мыңы-көтерілістен кейін қырылды.
Бұл нәтиже пролетариаттың жалғыз өзі қалғаныннан болды: өйткені буржуазияшыл республика жағында қаржы аристократия, өнеркәсіптік буржуазия, орта қабаттар, майда буржуазия, армия, мемлекет –пролетариат, интеллегенция мен шаруалар тұрған еді.
Құрылтай Жиналыс 1848 жылғы Конституциясын бекітті. Ол Францияның буржуазияшыл республика болып қалуын, барлық еркектер үшін сайлау құқығы енгізілуін, заң шығаратын билік-Ұлттық Жиналысқа, ал атқару билік республика президентіне берілуін жариялады.
Республика президенті мен Ұлттық Жиналысқа сайлау тәртібі бірдей еді: жалпы дауыс беру -«плебисцит»-жолымен.
Екінші империя:
1848 жыл декабрінде Франция президенті етіп Луи Наполеон сайланды.
Конституциямен белгіленген билік мерзімі тек қана 4 жыл болғанына қанағаттанбаған Луи Наполеон 1851 жылы көтеріліс ұйымдастырып өз диктатурасын орнатады. 1852 жылы январь айында жаңа Конституция бекітілді:
Ол бойынша:
- Басқару жүйесінің ортасында президент орналасқан еді;
- Заң шығаратын билік қалай болса, сондай-ақ атқару билікте оған берілген еді;
- Министрлерді лауазымдарына қою мен алу да оның қолында еді;
- Сот оның атынан жүргізілген;
- Әскері мен полиция оның қарауында еді;
- Ол декрет шығарып, заң бекітуші еді.
Ноябрь 1852 жылы Наполеон президенттің атағы мен қолындағы билік нысаны арасында қайшылықты жояды. Алғашқы сенат, соңынан плебисцит оған Наполеон ІІІ атын беріп, Францияның императоры деп жариялайды.
Империя 1870 жылға дейін өмір сүрді. Осы жылы Пруссиямен басталған соғыста Францияның 100 мыңдық әскерисі капитуляцияға ұшырағаны барлық халықты толқындырды. Халық Заңшығару Жиналысқа бастырып кіріп, оған империяның жойылуы және республика қайтарылуы туралы декрет шығартады. Бұл 1870 жыл 4 сентябрьде жүзеге асып, ІІІ Республика орнатылды.
2.
18 март 1871 жылы ашаршылық пен жұмыссыздықтан қиналып кеткен Париж пролетариаты көтеріліс жасады.
Ұлттық гвардияға ұйымдастырылған пролетариат 1848 жылы жүзеге асырылмаған «социалдық-әлеуметтік республика» принциптерін орнату үшін Коммунаны жариялады.
Сайлау өткізілгенше уақытша билік Ұлттық гвардияның Орталық комитетіне берілді. Ол билік жұмысшылардың қолына өткендігі туралы жариялады.
Бұрынғы үкімет Версальға қашқаннан кейін буржуазиялық Франция мен пролетариаттық Париж өзара азаматтық соғыс жағдайында болып қалады.
Социалисттік принциптерін қолдай отырып, пролетариат ең алдымен өзіне жау мемлекетті бұзудан бастауы керек еді.
Коммуна тұрақты (постоянная) армияны, ескі полицияны жойды. Буржуазияшыл сот жоқ етілді. Шіркеу мемлекеттен ажыратылды.
Коммунаны тән алмаған шінеуніктер лауазымдарынан босатылып, лауазымды адамдар сайлануы туралы жарлық шығарылды.
Сайлау өткізіліп, Коммуна Кеңесі билік органы ретінде тек қана заң шығаратын емес, бәлкім атқару міндеттерді де өзіне алды. Оның құрамында 10 комиссия: қаржылық, тәлім, сыртқы қатынастар, қауіпсіздік, т.б., болды.
Әрқайсысының анық белгіленген хабардарлығы бар еді. Олардың істерін қалыптастырушы сол комиссиялар өкілдерінен құрастырылған атқару комиссия түзілді. Бұл органдар кәсіптік одақтардың ұсыныстарына ұқыптылықпен қарап, оларды ләжі барынша жүзеге асыруға әрекет етті.
Францияның мемлекеттік құрылысы қайта құру туралы «Франция халқына Декларация» 19 апрель күні басып шығарылды.
Бұл декларациямен үлкен қалалардан бастап деревняларға дейін өздері-өзін басқару құқығы беріліп, олардың барлығы еркін коммуналардан ұйымдастырылуы керек еді. Коммуналар жиналыс және баспасөздің бостандығын қамтамасыз етуге міндетті еді.
Әрбір коммунаға өзімен сайланатын, офицерлермен басқарылатын ұлттық гвардиясын құрастыру құқығы берілген еді.
Соттар құрамы сайлау жолымен жаңалануы ойда тұтылған еді. Уақытша төменгі инстанция ретінде бітістіруші судья қалдырылды. Маңызды қылмыстық істерді қарау үшін присяжнойлардың қатысуымен өткізілетін арнайы соттар құрастырылды.
Кейбір жағдайларда өмір талаптары мен құқық принциптері бірі-біріне қайшы келді. Мысал, реакциондық прессаны жабу туралы КоммунаныңДекреті көптеген тартысулардан кейін ғана қабылданды. Баспасөздіңтолық және шектелмеген бостандығына жақтасқан адамдарға оны заң күшімен шектеу қиын міндет болды. Олар мұнда «принциптерге опасыздық»ты көрген болды.
Сондай-ақ, бір қаланың -Париждің- қажетіне жұмсай алмай қол сұқпайтын бүкіл ұлт дәулеті деп француз банкісі жөнінде жалтақтаулары айыптауға лайық болар ма екен?
Сонымен бірге, бұл жалтақтаулар пролетарлық азаттық қозғалысының жоғарғы мінез-құлқ идеалдарының әйгілі куәлігі:” Билік өзіне ғана бола ешқандай күреспеу” (Ни малейшей борьбы за власть ради самой власти).
Коммунаның трагедиялық ақыры барлығымызға да мәлім. Версальдық үкімет коммуналардың ерлігін күшпен жеңіп, Парижді қолына алады.
Коммунарлардан 30 мыңы атылды, 50 мыңы абақтыларға, сүргінге жіберілді. Олар өлімді ерлікпен қабылдады.
Айыпталушылардың соттардағы мінез-құлқы есте қаларлық еді. Коммуна әйелдер ұжымын басқарған Луи Мишель сотта өзіне өлім жазасын талап етті:” Менің ағайындарым өлген Саториде өзіме де өлім талап етемін”.
Коммуна мүшесі Ферре судьяларға былай депті: «мен ешқашан өмірімді оңбағандықпен құтқарып тұрмаймын. Еркін болып жасаған мен, еркін болып өлемін,… мені еске түсіру және мен үшін кек алуды болашаққа өсиет етіп қалдырамын…»
Коммуна жеңуінің мүмкіндігі бар ма еді ? Әрине, жоқ.
Дегенмен, Коммунадан тарихта оның тәжірибесі қалды. Ол большевиктер жағынан билікке күресте кең қолданылды (либерализмін алып тастаған күйде).
1875 жылғы франциялық конституциясы бойынша президент Ұлттық Жиналыстың абсолюттік көпшілігімен сайланатын болды. Ол кез-келген мерзімге қайта сайлануы мүмкін еді, әскерилерге қолбасшылық ету, палаталарды таратып жіберу құқығы болған еді. Сенат екі палатадан құрастырылып, 300 сенатордың 75-і өмірлік етіп тағайындалса, 225-і-9 жыл мерзімге сайланған.
Ал төменгі (депутаттар) палатасы жалпы еркек сайлау құқығы негізінде сайланған.
Ақырында, 1884 жылы, Конституцияға өзгерістер кірітіліп, республиканы басқарудың нысанын өзгертуге тыйым салынды. Президент өз ықтиярымен прерогативаларын қолдауына тыйым салынды. Палаталарды тарату құқығы үкімет қолынан алынды. Әскери қолбасшылық үкіметтің, әскери министрліқтің, Бас штабтыңқолдарына өтті.
Депутаттар палатасы аймақтар бойынша салыстырмалы көпшіліктің мажориторлық жүйесі негізінде сайланды. Бір аймақтан 1 депутат сайланатын болды. Партия көпшілігінен шыққан кандидаттардың ішінен көпшіліктің дауысын алғанды сайлау келісілген еді. Мысал, аймақта 5 мың сайлаушыларға 5 кандидаттан сайлау керек. Оның кемшілігі төмендегідей:мысал, дауыстар 2000-1500-1000-450-50 болып бөлінеді. Бірінші кандидатқа қалған 3000 сайлаушылар қарсы болса да, ол сайлану тиіс.
Партиялар көп болғаны үкімет тұрақтылығына кері әсер етті. Сондықтан, 39 жылішінде оның құрамы 48 мәрте өзгерді. Дегенмен, кабинеттер ауыстырылсада, оларды құрастырған министрлер, жайын ауыстырып, қала берген. Мысал, кабинет ауысқанда Фрейсине 13 мәрте министр болып қалды (оның 4-інде премьер болып).
Министрлер саны 11 еді. Жергілікті өзін-өзі басқару жоқ еді. Департаменттегі шындық билік үкімет тағайындаған адамдардың қолында еді