Түрік халқының мемлекеттік – саяси қалыптасуының басы Х-Х1 ғ.ғ.тұракеледі. Сельджук тайпалық одақтың ыдырауына байланысты (Х1-ХШғ.ғ.), оғуз ордасы дербестікке жетеді. Олар Иран, Кіші Азия, Месопотамияларды жаулап алып, 1055 жылы әскерилері Бағдатты жаулап алады. Олардың қолбасшысы халиф қолыннан султан атауын алады. Солардың негізінде Сельджук салтанаты құрылады. Онда жер мемлекеттік меншік деп жарияланып, султандар мен басқа да мемлекеттік қызметіндегі адамдарға берілген. Жеручаскесіне иеленген адамның өзіжәне оның жерінен пайдаланып жатқан тәүелді адамдары (ленная зависимость) әскери қызметке міндетті болып қалады. Мұның негізінде 250 мыңдық атты әскери күш қалыптасады және мемлекеттік әскери күшінің негізін құрайды. Дегенмен, монголдардың жорығы нәтижесінде, экономикалық төмендеудің нәтижесінде, султанат 12-16 жекелеген княжестволарға (бейліктерге) тарап, 1307 жылы монголдар соңғы сельджук сұлтанын буып өлтіреді. Олардың ішінде ең әлсіздердің бірі болып тұрған Осман бейлігі негізіндеХ1У ғасыр басында жаңа құдіретті әскери мемлекет пайда болады. Византия мен КішіАзия, Иран, Балкан түбегіндегімемлекеттердіңжері алынғаннан кейін, теңіз жағалауына шыққан Осман мемлекеті пайда болды. Оның абыройы Баязит 1 дәуірінде жоғарылап Қара және Жер орта теңіздері аралығындағы ең құдіретті субъектіге айналады. Тимур жорығы кезінде Осман мемлекетібір неше бөлікке бөлініп кетеді. Билігін сақтап қалған сұлтандардың әсеріменбіртұтас мемлекет байта қалпына келтірілді. 1453 жылы Константинополь басып алынып, оған Стамбул атауы беріледі. ХХ1 ғасырда империя құрамына Греция, Молдавия, Албания, Оңтүстік Италия, Мысыр, Кавказ, Солтүстік Африка жағалауы қосылады.Халқының жалпы саны 25 млн-ға жетті. Осман империясы ХУ ғасырда қалыптасқан қүйінде абсолюттік монархия нысанында болды.
Мемлекет басы сұлтанда (ресми аталуы “падишах”) ақсуйектік билік қалай болса, діни билік те солайқолында болды. Басқа мемлекеттегі құқықтан айырмашылығының бірі болып, оған заңшығару билік те берілгенінде болды. ХУП ғасырға дейін билігі атадан балаға өтетін еді. ХУП ғасырдан бастап билік Осман ұрпақтарының жасы ең ұлкені мұрагердің қолына өткен.
Биліктің әкімшілігін басқарушы болып ұлы везир отырды. Ол падишахтан кейінгі екінші лауазымды адам болып есептелді. Қасында кеңес орган – 7везирден тұратын Диван құрылған еді.
Мемлекеттік істердің дінге байланысты бөлігін шейх-уль – ислам басқарған. Ол султанмен тағайындалатын болған еді. Бұл діни биліктің ресми билікке бағыныштылығын білдірген. Көп шінеуніктердің барлығы “султан құлдары“ есептеліп, олардың атақтары, кірістері мен беделі тек қызмет бабына, сұлтан ихтиярына байланысты болды. Олардың тегі, ұлты есепке алынбайтын болған. Ең жоғары шінеуніктердің біразы өз қызметін құлдықтан бастаған. Падишахтың еркі орындалмауы мемлекеттік қылмыс есептелген, және тек өлім жазасымен жазаланатын болған.
Қызметтік қатынастардың негізінде экономикалық, жер қатынастарыжатқан. Жер мемлекеттік меншік есептелуіне сәйкес, жер участкелері қызметшілерге султан атыннан берілетін болды. Бұған құқықтық негіз болып1375 жылы қызметтік жер учаскелері туралы қабылданған акті болды. Ірі қолбасшылырға көп жер – зеамет, ал қатардағы әскерлерге (сипахтарға) -тимартүріндеиеленгенадампайдасынатиістінатуралдыжәне ақшалайміндеттіліктердіорындап,мемлекеттіксалықтарды да төлепотырды. Мұндайұйымдастырушыжүйеимперияныңәскерикүшітөмендеуіне,ал17 –шіғасыраяғындаОсманмемлекетініңжалпыдағдарысынаәкепсоғады.Әскерикүшініңнегізі туралы бөлекайтыпөткенжөн.Оныянычарлар (еничери – жаңаәскери)құраған.Оған сараланатынадамдар3-7 жылішіндебір реткүштеп8-20 жастағыбалаларды(көбіншеБолгария,Сербияелдеріне)отбасыларынаналып кетіп,мұсылмантәрбиесінетүріктікотбасыларға,кейінше(физикалықкүшінесепкеала) янычар корпусынаберілген. Оларорталарға (кәзіргі“роталарға”)бөлініп,султангвардиясынаайналады.
Түріктікмемлекеттіліктіңерекшеәскерифеодалдықкелбетінің, сұлтанныңабсолюттіқбилігінің негізіндежоғарыбиліктесословиелікбірлестіктердіңтұрақтыөкілдерініңжоғыболды.
Түрікмемлекетініңсот-құқықтықжүйесіжалпымұсылманқұқығы менөзіндікәдеттегіқұқығы – тюреденқұрастырылды.ХV-ХУШ –ғасырлардамемлекеттікзаңшығарудыңмаңызыжоғарылайды.
МұсылманқұқығынегізіндемұсылмандарүшінқасиеттікітабыҚұранболды. Оныңсұраларының көпшілігінМұхамед –пайғамбар арқылыАлланыңөзіменберілгенмұсылмандар үшін міндеттіжүріс — тұрыстың қағидалары құрайды. Бұл құқықтыңмаңыздыбөлігіболыпхадистер (пайғамбарөмірі меніс-әрекеті,біріншіхалифтерістерітуралыәңгімелер)тұрады.Оныосылайқабылдағанмұсылмандарсүнни,алқабылдамағандаршиитдеп қалыптасады.
Суннадаөмірлікжәнеқұқықтықжағдайлардоктриналды(міндетті) түрде емес, бәлкім баяндау нысанында берілгені үшін, ережелерді талдау мен талқылау тек жоғары дінбасыларға ғана берілгеніне байланысты,мұсылман құқығыпрецеденттік нысанда қалыптасты. Өйткені, судьялар шешімдерді жүйелеп, қайта құруға құқылы болмаған.
Құқық қайнар көздерінің бірі болып ақсуйектік (светские ) заңдар жинағы –канун-намелер (кодекстер) орын алады. Оларда лауазымды адамдардың, орталық және жергілікті басқару органдардың уәкілеттіктері, сипахилер мен басқа әскерилерге жер участкесі бөлінуі туралы, ажырасу, қылмыс пен жазалар, полиция, қаржылық мәселелер туралы ережелер белгіленген еді. Олардың бір ерекшелігі – оларды бекіткен султан өлімімен кодекстер әрекеті тоқтатылуы шарт еді.
Әдилет жуйесінің негізін аумақтық принцип белгілеп отырды.Оның негізгі фигурасы болып кади – кәсіптенген судья – тұрды. Үлкен аумақта олардан басқа соттар, ел бойынша жоғары діни шариаттық сот- “Арыз-о-даст” тұрды.Оған шейх-уль-ислам төрағалық еткен.
Судьялар шешімін шығарғанда, жазаның түрі мен мөлшерін анықтау кезінде дербес болған. Азаматтық пен қылмыстық істер бір тәртіппен қаралған. Процесте негізгі дәлел ретінде: айғақ заттар (улики), куәлардің көрсетпелері және ант беру танылған.
Осман империясының әлеуметтік–құқықтық құрылысының ең маңызды ерекшеліктерінің бірі болып адамдардың қалыптасқан айкын сословиелік бөлінуінің жоқтығы тұрды. Құқық қабілетті деп танылу үшін мұсылман дінінде болу жеткілікті болды.Өзге діндегілеразаматтық құқықтардың барлығында мұсылманазаматтарымен тең есептелген, дегенмен оларға ислам және түрік әдеттерін құрметтеу міндетті етілген.Мұсылман дінінде болмағандарға құлға иеленуге тыйым салынған болды.
Заттық құқықтың объектісі ретінде тек қозғалатын мүлік танылған. Қозғалмайтын мүлік тек Алланың меншігі деп жарияланған, оған тек белгіленген ережелер бойынша иелену мүмкін етілген.
Отбасылық құқыққа тиесілі қатынастар шариатпен реттелген. Заңмен неке жасы анық белгіленбеген еді. Мухаммед – пайғамбар оны 9 жастан мүмкін еткен. Еркек 4 әйелмен некеде болуы рұқсат етілген еді. Дегенмен, жақын туыстарымен, құлшадан туылғандармен некеге тыйым салынған еді. Әйел үшін неке мәселесін оның әкесі немесе ағалары шешуі мүмкін еді. Неке үш куә қатысуымен өткізілетін болған.Еркек әйелін ұруға, ал әйел еркек өз міндеттерін орындамауы туралы сотқа жүгінуге құқылы еді. Неке ешқандай мүліктік міндеттіліктерге әкеп соқпаған — әр кім некеге дейінгі мүлкіне ие болып қала берген. Ажырасу өте оңайланғанеді (діннен шығу, немесе әйел бастамасы, т.б ).
Балалардың камелетке жету жасы анықталмаған еді. Оларды мұрадан айыру рұқсат етілмеген. Өсиет бойынша тек мүліктің үштен бірі ғана қалдырылуы мүмкін еді.
Қылмыстар үшін жаза Құран мен осман заңшығаруында белгіленген. Құранда теріс баға берілген қылық пен әрекеттер үшін онда белгіленген жаза берілуі мумкін еді. Ауыр қылмыс үшін (өлтіру, дене мүшесін зақымдау, жарахаттау, т. б.)қанды кек мойындалған. Дегенмен, оның құнын төлеу мүмкіндігі де берілген еді. Құн мөлшері айыптының мүліктік жағдайынабайланысты анықталатын болды (байға көбірек салынған). Жазаның бір түрі болып таякпен ұру болды. Ол жария орындалуы тиіс еді.
Әйелді зорлағандардың жазасы қатаң болған – айып пұл төлеу, жыныстықмүшесін кесіп тастау, жария сақалын алып тастау, т. б.
Ұрлық, билікке қарсы қылмыстар өте қатаң жазаланған: қолын кесіп тастаумен, жария жаза қолданумен.