Кедей мен құлдардыңдіні ретінде пайда болып, христиан діні Рим өкіметіжағыннан қатаң қуғынға ұшыраған.
Ол текбіздің заманымыздың132 – 192 жылдарындағана жасырын күйден шыға бастады. Осы жарты ғасырлық дәуірдің ішінде христиан діні үлкен табыстарғажетті. Христиандық әдебиет пайда болады, 4 інжілі жазылады. 250 жыл бойы христиандар құғынға ұшырап, жүздеп өртте өртелген.
Ал 1У ғасыр басында- император Константин дәуірінде- христиан шіркеуі қайтадан ресми болып қалады. Император билікке күресуде бұл шіркеуге сүйену үшін, оған жер сатып алу, өсиет етілген мүлікті қабылдау құқығын беріп, салықтар төлеуден азат етті.
325 жылы император Константин басшылығында “Дүниежүзілік Никейлік собор” (дінилердің жиналысы) өткізілді. Оның көрсетпесін орындап, собор шіркеудің “Дүниежүзілік” мәртебесін жариялап, Рим қаласының епископын империяның батыс жағындағы бөлігіне жалғыз ғана патриарх етті.
Бұдан кейін көп өтпей, Рим патриархына “папа” атауы беріліп, ол басқа дінбасыларды жоғары сот ретінде соттауға құқылы етілді.
Франктердің королі болған Пипин Қысқа, оның баласы Ұлы Қарл, оларға шіркеу жағыннан көрсетілген қызметі үшін папаға Рим қаласын иелігіне береді.
1054 жылы Рим шіркеуі мен Константинополь шіркеу арасындағы әр қайсысы өзінің ғана жалғызақиқаттығы туралы тартысулары өзара үзіліспен аяқталды.
Рим католиктік ширкеудің феодалдық қоғамдағы рөліоның ең ірі жер иесі болуымен белгіленіп отырды. Мысал, Францияда жердің жетіден бір бөлігі осы шіркеу қолында еді. Германия мен Италияның кейбір аумақтарында католіктік шіркеу мемлекеттік билікке ие болған. Бұл шіркеу сондықтан әрқашанда өзін сол дәрежеге көтерген феодалдық тәртіпті дәріптей келген.
Шіркеудің ең маңызды артықшылығының бірі өзінің юрисдикциясы, сот жүргізугеқұқықты болганы болды: Шіркеуге қарасты жерлерде істейтін шаруалардың, барлық монахтардың азаматтық істерін қалай болса, сондай-ак қылмыстық істерін де солай шіркеу соттары қарайтын болды.
Кінәмен байланысты істердің тергеуін өзіне алған шіркеу белгілі қылмыстар санаттары бойынша сотты да жүргізетін болды: дінбұзушылық, діннен қайту, сиқырлық, ардақты нәрсені қорлау (шіркеу мүлкін ұрлау, дін қызметкеріне зорлық жасау), зинақорлық, қан араласу, жалған куәлік беру, қос әйел алу, жала жабу, құжатарды жалғаннан жасау, өсімалушылық.
Діннен аластап шығару үш кезеңнен тұратын етілген еді: 1- шіркеу игіліктерінен аластап шығару; П – азаматтық құқықтарыннан айыру, Ш – адамдармен қатынас жасаудан
айру.
1232 жылдан бастап дін бұзушылықтармен шұғылдану құқығы тек доминикан монахтарына тиістілігі туралы папаның көрсетпесі шығады.
1252 жылы инквизиция сезіктілерге азап көрсету құқығын алды.
Жергілікті өкіметтен тәуелсіз инквизиция өзінің ғана заңдарын мойындайтын болып, қорқынышты күшке айналды.
Инквизициялық сот-тергеу процесін бір адам жүргізген, сондықтан дәлелдеме болу талабы қойылмаған еді.
Азап көрген адамдар болмаған айыптарды, қылмыстарды мойындап немесе өліп қана құтылған. “Айыбын” мойндамау өртеп жіберу жолымен жазаланған, ал мойындаған адам өмірлік қамауға өкім етілген. Инквизиция өрттерінде Жанна д, Арк, Ян Гус, Джордано Бруно сияқты әлемге танымалы адамдар өртеп жіберілген.
Абсолюттік монархия пайда болуына алдын ала жасалған жағдайлар:
(Латиншаабсолютус- тәуелсіз, шексіз) Абсолюттік монархия – бұл феодалдық мемлекеттің соңғы, феодализм шіруі және капиталистік қатынастар пайда болу дәуіріндегі мемлекеттік билік нысаны.
Бұл кезде мемлекет басшысы – монарх- заңшығару мен атқару билігінің бас қайнар көзі болып, мемлекет үкіметі одан тәуелді болып, салықтың көлемін белгілеп, мемлекеттік қаржыларға толық қожайындық еткен.
Сумен айланатын дөңгелек, металлургияда механикалық үрлеу, кітап басу, тоқыма станок өмірге келіп, техникалық қайта құралдану дәуірі болған ХV-ХVІ ғасырларда капитал бір қолда жинақталған сайын, қала кәсіпкерлерінің жоғарысы буржуазия табына қалыптаса бастады.
Байлығы артқан сайын буржуазияныңмәні мен рөлі жоғарылайды: ең қабілетті өкілдері лауазымдардысатып алудан пайдаланып, қаржылық және сот мекемелеріне ене басайды, кейбіреулерін король өзіне кеңесші етіп алады.
Солай етіп, қолөнер мен сауда дамуымен корольдің қазынасын толықтыратын жаңа қайнаркөздер пайда болып, король жетерлі әскери күш пен барлық саланы камти алатын бюрократиялық аппаратты қамтамасыз ете алатын қазынаға ие болды. Сонымен бірдей, монарх өзінің вассалдарынан қаржылық тәуелділігін жойып, абслюттік билікке жетті.
Мұның нәтижесінде ақсуйектер бұрыңғы маңызын жоғалтып, феодалдық сеньорияларжойыла барды. Басқару, заңшығару, сот жургізу корольдің үкіметі мен әкімшілігінің қолына өтеді.
Абсолюттік монархия приницптері ең толық болып Францияда бейнеленеді. Король:
-барлық провинцияларды бақылау;
-бүкіл мемлекет аумағында мәжбүри заңдаршығару құқығына ие болды.
Қалалық автономиялар, сениориалдық әдилет жойылып, Генералды штаттар шақырылмай қалады.
ХVІ ғасыр басында шіркеу тәуелділікке ұшырайды: шіркеулік лауазымдарға да корольдің өзі тағайындайтын болды. Тез арада абсолюттік монархия қоғамға қарсы күшке айналады. Заңдарды ғана емес, бәлкім барлық қаржыларды да қолына алған король ақшаны ақылсыз шаша бастайды. Король резиденциясына айналған Версальдің қаражаттары ғана бір неше жылдық бюджетке тең болған.
Бассыздықпен басқарылған мемлекет экономикасы төмендеп, ешқашан француз шаруалары мен шебер жәрдемшілері мұншалық кедейленген жоқ еді. Ешқашан армия мұншалық үлкен болып, осынша қаражат талап етпеген еді.