Ежелгі Грециядағы (Грекия) полистік жүйе және құл иеленуші мемлекет

Грекия Балкан түбегі мен Кіші Азияның батыс жағалауында орналасқан. Грекияның өзі Фракия мен Македониядан оңтүстікке қарай созылып жатыр. Грекия үшке бөлінеді: Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Грекия немесе Пелопонесс. Грекия аймақтары тау тізбектерімен бөлінеді. Афины қаласы теңізден 5 шақырым ғана қашықтықта орналасқан, теңіз қарақшыларынан сенімді жасырылып, сыртқы қаүіптен қорғануы қамтамасыз етілген болатын.

Тезей реформалары. Бүкіл Афин халқын біріктірген Тезей деген бази-левс, ол барлық белгілі рулардың басын косты. Тезейдің саясаты «синой-кизм» деген терминмен аталды, бүл сөз «біріктіру» деген мағынаны біддіреді. Гректердің төрт руының қосылуына объективтік себептері бар. Оңтүстіктен гректерге дорийцтардың соғыс ашу қаүпі төнген еді. Тезейдің 2 реформасынан бұрын Афины қалаларын басқару өз бетінше жүргізілді, тек соғыс уақытында болмаса, барлығының бас қосуы сирек болатын. Бүкіл Аттиканың бірлесуі ХІ-Х ғасырлар. Жаңа бірлескен өкіметтің басында рулардың ақсүйектері түрды.

Грекияның халқы: эвпатридтар, геоморлар жөне демиургтар болып үш бөлікке болінді.

Эвпатридтер-ақсүйектердің балалары, олардың әкесі де, атасы да ақсүйек әулетіне жататын. Ақсүйектерді біріктіретін олардың байлығы, бәрі де ірі жер иелері еді.

Геоморлар — жер иеленушілер де, демиургтар — қолөнершілер.

Аттиканың бірігуі және эвпатридтардың күшеюі олардың жаңа органға ұйымдасуына себеп болды. Оның аты-Ареопаг, Арес соғыс қүдайының аты. Ареопаг Арес тауында жинадцы. Бұл кезенде Афинаның рулық құрылысы өзгеріп, ол енді 4 филаға бөлінді, әрбір фила 3 фратрияға бөлінді, фратрия 30 рудан, бір ру 30 еркек адамнан тұратын болды. Афина құдайы бүкіл Аттиканың құдайы деп саналды.

VII ғасырда Афины өкіметі 12 навкарияға бөлінді, әрбір навкария соғыс уакытында бір кеме жабдықтайтын. Бұл да мемлекет болудың белгісі еді.

Афинада ең жоғарғы орган болып халық жиналысы саналды. Бірак оның атқаратын рөлі төмендей бастады да, бірінші орынға Ареопаг шықты. Ареопагты рулардың ақсүйектері қолдады. Археопагтың қолында сот билігі, әкімшілік билігі, дін әкімшілігі болды. Сотты былай еткізетін: айыптаушы кешірмеу тасына тұрып айыптайтын сөзін айтса, айыпкер өкпе тасына тұрып сөзін айтады. Екі жақ та шындығын айтып тұрғаны туралы құдайға ант береді. Ареопагтың мүшелері өздерінің дауыстарын екі урнаға: қайырым ету урнасына және ажал урнасына бөліп салатын.

Бұрын бүкіл халыққа тиісті күш енді тек қана евпатридтердің қолына көшті де, солардың нарықтық жағдайын қорғады. VIII ғасырда бүкіл Афин аумағы 48 навкарияларға бөлінді, әрбір навкария үкіметке бір кеме беретін болды және архонттармен навкариялар кеңесі деп аталатын жаңадан екі алқа құрылды. Бұл сала аумақтық бөліске жататын дербес мемлекеттік белгіге айналған еді.

Ареопагтан басқа архонттың жаңа қызметі де мемлекет құрамына енгізілді, олар атқарушы үкімет болды. Бұл қызметке алған адамдар 10 ясылға сайланатын еді. Уақыт өте келе олар бір жылға сайланатын болды.

Архонттардың саны тоғызға жетті: архонт-эпоним, архонт-базилевс, архонт-полемарх, қалған алты архонт-фесфометтер қызметін істейтін, осы архонттардың бәрі ареопагқа кірді.

Біздің дәуірімізге дейінгі 621 жылы Афинде архонт-фесфомет Драконт жазған қүқық нормалары халыққа жарияланды. Олар тарихқа «драконт зандары» деген атпен енді де, кейін ол жалпы шектен тыс қатал заңдардың теңеуі болып кетті.

Драконт зандарының шектен тыс қаталдығы алдымен ұрлық үшін берілетін жазаға қатысты байқалды. Қандай да болмасын ұрлық жасаған адам өлім жазасына тартылатын. ұрлық үшін жазалаудың қаталдығы тек Драконт зандарына ғана тән емес, ол жалпы ежелгі замандағы таптық қоғамның заңдарына тән нәрсе. Ол қауымдық меншіктің орнына келген жеке меншіктің қалыптасу және нығаю процесін корсетеді. Драконт зандары қанға қан алатын кекшілдікке шек қойды, өлген кісіні жерлеген уақытта моласында найзаны жерге қадаса, өлген кісінің балалары оған жаудан кек алатынан көрсеткені. Бірақ Драконт заңы кісі өлтірушіні азаптауға тыйым салады. Бұл заң кастықпен әдейі өлтіру және абайсыз өлтірудің айырмашылығын айтқындауды қажет деп санайды. Дегенмен Драконттың ауызша қарапайым құқықты қағазға түсіріп жазуы, қанға қан алатын кекшілдікке шек қойып, жеке меншікті қорғауы, сот ісінің барысын анықтап, айқындауы өз кезеңі үшін прогрессивтік болды.

Заңның қағазға түсіріліп, қабылдануы демос пен евпатридтер ара-сындағы қайшылықтарды тоқтата алған жоқ. Өйткені ол демостың на-рықтық жағдайын қандай да болмасын дәрежеде айтарлықтай өзгерте алмады. Оның бүрынғысынша құқықсыз қалған жағдайы тіпті ескерілген де жоқ. Ал демостың күші барған сайын арта түсті. Тұрғылықты демос басқа полистерден келген гректермен толықтырылып отыратын.

Солон реформалары. Б. д. дейінгі 630 жъшы эвпатридтерге қарсы Килон қуғын-сүргіні болып отті. Бірақ ол жеңіске жете алған жоқ. Б. д. дейінгі 594 жылы архонт болып Солон сайланды. Оның аддында екі мақсат тұрды: Афина полисін басқару және Саламин аралын жаулап алып, Мегара қаласын Афинаға бағындыру. Саламин аралы Афинаның Пирей шығанағына кіретін жолын бақылауға қолайлы орналасқан, сондықтан оны өзіне каратудың Афина үшін маңызы ерекше болды. Солон Кодрид даңқы елге жайылған Афина базилевсі. Бірақ мүліктік жағдайы бойынша Солон іс жүзінде демостың орта жігіне жататын, өйткені ол саудамен айналысатын (сол саудадан байыған) Солон жіберген афин отряды бүл тапсырманы орындады. Ол саяси тақырыпқа олеңдер шығаратын елге белгілі ақын әрі философ еді. Солон өзінің реформалар үшін шығарған зандарын өлеңмен жазған. Бұңдай талант Солонның атағын, халық алдындағы беделін жоғары көтерді. Солон істеген елеулі жұмыстарының бірі — заң қабылдау. Солонның реформаларын нарықтық жөне саяси деп бөлуге болады. Заң шығарушы ретіңде Солон селолық, негізінен ауқатты қалалық демостың және оларға қосылған евпатридтердің мүддесін жақсы сезініп, нарықтық мәселелерді айқын түсінетін.

Бірінші шешілуге тиісті мәселе — салық және жер болды. Евпатридтер өзінің көршісіне қарыз берген кезінде оның жер үлесіне қарыздың бағасы көрсетілген тас бағана қоятын. Жер үлесінің иесі алған егіннің алтыдан бірін евпатридке тапсыруға тиісті болды. Ал егер оған шамасы келмесе, оның жері қарыз берген қожаның қолына өтуі шарт. Одан кейін қарызды өтей алмайтын адамдар өзінің жеке бостандығын кепілдікке салып, ұзақ мерзімге қарыздар үшін құлдыққа түскен. Мүндай жағдайда ол шетелдерге сатылып кетуі де мүмкін еді. Солон бұл проблеманы шешу үшін «сисахфия» деген реформа өткізді. «Сисахфия» дегенде «ауыр жүкті сілкіп тастау» деп түсіну керек. Ол бойынша жер учаскесінде орнатылатын бағаналар жойылды. Сөйтіп, шаруалардың қарыздары жойылды. Қарыз үшін құлдыққа түсу дегеңді де өмірбақи жойды. Солон шетелге қарыз үшін сатылған құлдарды іздестіріп, оларды қайтадан сатып алып, отанына қайтарып отырған.

Оның «сисахфия» реформасына бірде бір тап риза болған жоқ. Евпат-ридтар оған кедейлер қарызын төлемеді деп ренжіді, ал кедейлер жерді қайтадан халық арасында бөлмеді деп наразылық білдірді.

Солон Аттикадан астықты сыртқа шығаруға тыйым салды да, басқа азық-түлік онімдерін (жүзім, бау-бақша шаруашылығын ) сатуға рүқсат етті.

Қолөнер мен сауданы өркендету мақсатында Солон мынадай заң шы-ғарды: егер кезінде әкесі баласына мамандық беріп, қолөнерге үйретпесе, баласы әкесі қартайғанда жәрдем көрсетуден бас тарта алады.

Солон бүкіл елге ортақ өлшем енгізіп, ақша реформасын жүргізді. Бұл реформа бойынша жаңа жеңіл евбей таланты қарым — қатынасқа енгізілді.

Солон Аттиканың нарықтық өмірін жандандырып, нысапсыздыққа қарсы күресті. Ол сый-сияпатпен жерлеуді, қымбат мазарларды салуды және тасаттық беруді тыйды. Солон қарыз берушіге 9 проценттен артык өсім белгілеуге тыйым салды. Солон еткізген нарықтық реформалардан кейін құлдарды тек қана шетелден әкелетін болды, Аттиканың азаматтарын құл ету мүлде тоқтатылды.

Солонның нарықтық реформасы саяси реформалармен толықтырылып отырды. Ол генократияны («генос»-ру) — рулық аристократтардын билігін жойып, оны тимократиямен («тиме»- баға, күн), яғни, дүние, мүлік цензісіне негізделген билікпен алмастырды. Ол осы арқылы ақсүйектерді рулық құрылыстың ескі әдет-ғүрыптармен байланыстағы ерекше жеңілдіктерден айырды. Ареопагпен қатар Солон 400 кеңесі деп аталатын жаңа орган шығарды. Бүкіл Аттиканың азаматтары елдегі дүние-мүлік цензісіне қарай топтарға бөлінді. Оның негізіне егін шаруашылығынан алынатын натуралдық табыс алынды. Бірінші топқа өзінің жерінен астык түрінде немесе сүйық өнім түрінде 500 медимнен кем табыс алмайтын азаматтар жатқызылды (Бір медимн-41-53 литр май, шарап немесе бидай). Бүл тап бес жүздік деп аталды.

Екінші топқа өзінің жерінен 300 медимнен кем табыс алмайтын аза-маттар кірді. Оларды салт аттылар деп аталды, өйткені олар өзінің әскери атымен атты әскер қатарына өтуі керек болды.

Үшінші топқа өзінің жерінен 200 медимнен кем табыс алмайтын аза-маттар кірді. Оларды зевгиттер деп аталды, яғни, олар өз өгіздерін жегетіндер, олар жаяу әскер жасағында қызмет етуге және жеке өзінің ауыр қару-жарағын иеленуге міндетті еді.

Төртінші топқа табысы 200 медимнен аз азаматтар жатқызылды. Олар феттер деп аталды. Әскери қызметте олар қосымша жүмыстар атқарды.

Ең бай топты Афины азаматтары-әскери кемелерді жасақтап, оларды қалыпты жағдайда үстап түруга тиісті болды. Солон Ареопагты әлсіретті, ол оның құзыретінен халық жиналысында қаралатын істерді дайындау міндетін тартып алып, төртжүздік кеңесінің қарамағына берді.

Бүл істерді әзірлеу үшін Солон Бүле (400 кеңесі) деп аталатын жаңа мемлекеттік орган қүрды. Ол ертеден келе жаткан рулық төрт филаларының жиналысыңда 1, 2, 3, топтардың азаматтарынан сайланатын болды.

Халық жиналысы Солон реформаларының нәтижесінде Аттиканың өмірінде бұрынғыдан әлдеқайда белсенді рөл атқара бастады. Оңда ағым-дағы саяси мәселелер талқыланып, архонттар және басқа да жоғарғы қызмет адамдары сайланатын. Кейін олардың бәрі өз жүмысы жөнінде жиналыс алдында есеп беретін болды. Халық жиналысына азаматтардың бәрі де қатынасты.

Гелиэя-жогарғы сот. Демек ант берген қорғаушьшардың 6000 адамынан жаңа жоғарғы сот құрылды. Бұған барлық төрт топтың азаматтары қатыса алатын болды. Гелиэя он комиссиядан құрылды, оның әрқайсысында 501 адамнан болды, қалғаны запастағылар есебінде болды.

Солонның саяси реформасынан кейін, жоғарыда ескертілгендей, аза-матты оның шыққан тегіне қарай бағалау өлшемі, енді дүние-мүлкіне қарай бағалаумен ауыстырылды. Архонттарды бірінші дүние-мүлікті топтан ғана сайлауға болатын еді, ал 1-3 топтың азаматтары төртжүздік кеңестің мүшесі бола алатын. Барлық төрт топтардың азаматтары халық жиналысына және гелиэяға қатыса алатын болды. Солонның реформалары ру ақсүйектері-евпатридтердің билігін тежеп, ру-тайпалық ескі өдет-ғүрыптарын жоюға бағытталған еді. Евпатридтер еңді оларды қанай алмайтын болды. Бұл реформалар шетелдерден құлдарды сатып әкелу негізіне сүйенген құл иеленуші шаруашылығының дамуына әкеліп соқты.

Тұтас алғанда Солонның реформалары белгілі дәрежеде компромистік реформалар еді. Ол ареопагқа оның заң шығару және бақылау функция-ларын қалдырды, Аттиканың ескі ру-тайпаға бөлінуіне, төрт рулық тайпаға-филаға бөлінуіне тиген жоқ. Ал оның бер жағында Аттикада аумақтық ру-тайпаға бөліну принципі Солонның реформасына дейін-ақ бүзылған болатын. Барлық халықтан соғыс кемелерін жасауға қаржы жинау үшін Аттика 48 навкария деген округтерге болінді. Солон реформаларының Аттиканың одан әрі әлеуметтік, нарықтық және саяси өркендеп дамуында орасан зор маңызы болды.

Солон өзінің реформаларымен евпатридтердің ашу-ызасын туғызды. Оның реформаларына демостың кедей жіктері де риза емес еді. Олардың аш-жалаңаштығының негізі — бөлініп берілген жердің аздығы еді. Кедейлер евпатридтердің жерінің бір болігін алғылары келді, бірақ Солон оны орыңдамады. Солонның ценз реформасы азаматтардың онша бай емес жіктерінің саяси құқықтарын шектеді. Ескі төрелер де оған қарсы шықты. Солонның реформалары әлі жеткіліксіз болды деп түсінген демостың төменгі жіктері де наразылық білдірді. Солон біраз уақытқа Афинадан кетуге мәжбүр болды. Солон кеткеннен кейін көп ұзамай-ақ Аттикада топтық және саяси күрес шектен тыс шиеленісіп кетті. Өзара тартыс кезінде үш түрлі: әлеуметтік, саяси жөне аумақтық топтар қүрылды. Педиэйлер-олардың басында Ликург тұрды, бала Парлийлерде-Мегакл, Диакрийлерде-Писистрат көсемдік жасады. 560 жылы бүл күресте Писистрат жеңіп шықты. Ол Акрополды басып алды да, мемлекеттік тоңкеріс жасады. Сөйтіп ол тиранға айналды. Бірақ ол Солонның заңдарын жойған жоқ, қайта кезінде Солон бастаған өлеуметтік, нарықтық және саяси реформаларды жалғастырды. Писистраттың ең басты шараларының бірі-мемлекеттік ұзақ мерзімді қарызды енгізу болды. Бүл өзгеріс шаруалардың жағдайын жеңілдетті.

Шаруалардың сотқа байланысты жүмыстарын жеңілдету үшін Писи-страт демаларды аралап жүретін соттар қызметін енгізді. Ол мөлшері оннан бір тұрақты табыс салығын енгізіп, мемлекет қазынасын тәртіпке келтірді.

Қала демостарының — саудагерлер мен қолонершілердің де мүддесін ескеру қажет болды. Олардың мүддесі үшін Писистрат қызу сыртқы саясат жүргізді. Қолөнершілер экспортқа қара лак вазаларды көптеп жасайтын. Писистрат құдай Диониске жүзім шаруашьшығы мен шарап жасау ісінің қамқоршысына сыйынатын мемлекеттік діни қызмет ұйымдастырды. Дионистің құрметіне жалпы қалалық мереке-тойлар ұлы дионисийлер еткізілетін. Сонымен қатар Писистрат-Афина қаласын сауда, қолөнер және мәдени орталық ретінде дәріптеуге тырысты.

Қала қамқоршысы Афина құдайының құрметіне ұлы Панафинейлер өткізілді. Писистрат б. д. дейінгі 527 жылы қайтыс болды. Ол өле-өлгенше өкімет басында қалып қана қойған жоқ, сонымен қатар билікті өзінін балалары Гиппий мен Гипархқа беріп кетті.

Б. д. 510 жылы тирандық өкімет билігі жойылды. Писистраттың Гипарх деген баласын евпатридтер өлтірді де, Гиппийді Афинадан қуып жіберді. Бұл көтерілісті Спартаның көмегімен Алкмеонид руы басқарған еді.

Клисфеннің реформалары. Б. д. дейінгі 509 жылы Клисфен (Алкмео-нир руынан) реформалар жасауға кірісті. Оның бұл реформалары ру-тайпа қатынастарының қалдықтары мен сарқыншақтарын толық жойды және Афинада құлиеленушілік демократия жүйесін қалыптастырды.

Ол ескі төрт ру-тайпалы филаларды жойып, олардың орнына он аумақ-тык филалар құрды. Әрбір фила үш бөлімнен құралды: қалалық, теңіз жағалауы жөне ішкі аудандар. Алғашқы екеуінде демос, үшіншісінде ари-стократтар басым болды. Клисфен бүл үш ауданның әрқайсысын 10 трит-тийге бөлді, бүкіл Аттика 30 триттийға бөлінді. Әрбір жаңа аумақтық фила үш: бір қалалық, бір теңіз жағалауы, бір ішкі триттийден тұрды. Бұл реформа халықты әбден араластырып, ру-тайпалық қатынастардың қалдығын бұзу мақсатын көздеді. Клисфен Аттиканың бүкіл аумағын 100 төменгі бастауыш аумақтық әкімшілікке бөлді. Олар дем деп аталды. Әр филада 10 демнен болды. Кейіннен демдердің саны көбейді. Әрбір Афина азаматы өзі шыққан демге тіркелді. Озі шыққан руына байланысты атауға тыйым салынды. Сөйтіп рулық қатынастар жойыла бастады.

400 адамнан түратын солондық кеңес бесжүздіктер кеңесіне айналды (өр фила 50 өкілден). Халық жиналысында тыңдалуға тиісті істерді әзірлейтін орган ретіндегі оның ролі күшейді. Бесжүздіктер кеңесі жоғарғы әкімшілік орган болды.

Остракизм (куғын-сүргін). Үкіметтің беделді азаматтары Афина жерінен аласталып қуғынға үшыратылды. Қуғынға түскен беделді азаматтардың Аттикаға 10 жылдан кейін қайтып келуіне рүқсат етілді. Ондай азаматтардың отбасы және мүлкі есептен шығарылмай, сақталды. Бұл қуғынның құрметті түрі деп есептелді. Ең беделді азаматтар Афинаның халық жиналысында ресми белгіленіп отырды. Афинаның 6000 азаматы қолына берген тасқа, ыдыстың сынығына олардың атын жазды. Клисфеннің реформалары Афинадағы демократиялық құл иеленушілік полистің қалыптасу процесін аяқтады. Клисфеннің реформалары рулық қүрылыстың ең соңғы қалдықтарын «түпкіліктен» жойған төңкеріс еді.

 2

Афина мемлекетінің басты билік органдары — халық жиналысы, бесжүздіктер кеңесі, ареопаг, гелиэя, стратегтер, архонттар комиссиясы, болды. Афина мемлекетінің басты билік органы халық жиналысы — эк-лексия. Халық жиналысы 10 күнде бір рет Акрополь жанындағы үлкен жайдақ тебе Пникстің басына жиналатын. Кейінірек мәжілістер Афина театрында өткізілетін болды. Халық жиналысына 20 жасқа толған Афина азаматтары қатынасатын. Афина азаматтары деп саналатын адамдар Ат-тиканың қала тұрғындары, еркек адамдар, 18-ге толғаннан кейін бір жыл ішінде семсерлесу, ату, найза лақтыру, жаттығуларын үйренуі үшін Пир ауданында бірге жиналады. Бір жыл оқудан кейін олар күзет қызметтерін атқарады да, 2 жылдан кейін 20 жасында Аттика азаматтары деп саналатын болды. Олардың үстазы-софронистер өте беделді, белгілі адамдар, оларға бір күн оқытқаны үшін 1 драхма беріп түрды, олар 500-діктер кеңесінің мүшесі деп саналды.

Афина азаматтарының негізгі құқықтарына бостандық, жеке тәуелсіздік, жерге қожалық ету, үкіметтен нарықтық көмек алу жататын. Ал міндеттеріне мүлікті сақтап үстау, өзі түрған полиске көмек беру, отанды корғау, үкіметтің заңын орындау, құдайды сыйлау, мемлекет басқару ісіне белсенді қатысу кіретін.

Өзге қалалардан Афинаға қоныс аударған гректер — метектер және сондай-ақ құлдар эклексияға (халық жиналысына) жіберілмейтін. Халық жиналысының ең біріншісі негізгі, басты деп аталды. Бұл жиналыс бүкіл лауазым иелерінің есебін тыңдайтын, егін жағдайын және мемлекеттік қауіпсіздік сақшысының ісін қарайтын. Халық жиналысы 9-10 күнде бір рет жиналды. Басқа жиналыстары Афина саясатының барлық негізгі мәселелерін талқылайтын және шешетін, қаржы мәселелерін қарайтын, соғыс және бейбітшілік жөніндегі мәселелерді шешетін, өзге елдерден келген елшілердің баяндамаларын тыңдайтын және сондай-ақ күнделікті көптеген мәселелерді қарап отыратын. Халық жиналысында әрбір афина азаматы кез келген мәселені көтеруге ерікті еді. Шешім ашық дауыспен қол көтеру арқылы кейде жабық дауыспен де қабылданатын. Жабық дауыс бергенде урнаға бұршақ, қара не ақ тастар, не болмаса жазуы бар ыдыстың сынықтары салынған. Халық жиналысын жинайтын притандар, олар 5 күн бүрын халық жиналысының күн тәртібін жариялайтын. Б. д. дейінгі 395 жылы халық жиналысына қатынасқан азаматтарға ақы төлеу тәртібі енгізілді.

Халық жиналысынан тысқары өзге де демократиялық мекемелер омір сүрді. Дегенмен, оздерінің маңызы жонінен олардың ешқайсысы халық жиналысымен теңесе алмайтын. Афина халық жиналысының қызмет бабы өте кең болатын. Онда: заң қабылдау, қызмет адамдарын сайлау, қаржының қалай жүмсалғанын тексеру, жоғарғы сот қызметін откізу, халық жиналысын басқару органдары болды. Аттикада бүкіл қызмет адамдары халық жиналысы арқылы бір жылға сайланып түрды. Азаматтардың бәрі сайланбастан бұрын докимасияға салынды. Бесжүздіктер кеңесі, архонт, 10 стратегтер, Ареопаг, Гелиэя, қаржы комиссиялары деген қызмет органдары болды.

Архонтар. Афина тұрғындары архонттарды сайлады. Бірінші архонт соттың төрағасы болды және басты діни қызметті атқарды. Екінші архонт-базилевс, ол дін салтын басқарды, үшінші базилевс-полемарх құрбандық шалу қызметінде, қалған архонттар-фесфомет қызметінде болды. Буле-бесжүздіктер кеңесі. Бұл кеңес халық жиналысы талқылауға тиісті мәселелерді әзірлеп, олардың күн тәртібін белгілейтін. Бұдан тысқары бесжүздіктер кеңесі Афинаның қызмет адамдарының істерін қарайтын. Булевтерді әрбір аумақтық филадан жасы 30-ға келген 50 ер адам сай-лайтын. Булевтерді докимасиядан өткізеді. Әрбір булевтің ойын, жүріс-тұрысын, бет алысын, міндетін және құқығын тексереді. Булевтер міндетке ие болудан бұрын өзінің жүмысын адал атқарамын деп халыққа ант береді. Булевтер басына жасыл жапырақ қадап, сайланған уақыты біткеннен кейін өз жүмысы туралы сайлаушылары алдында есеп беріп отырады.

Бесжүздіктер кенесі. Бесжүздіктер кеңесінің кызметі. Бұл жоғарғы бас-қару органы болып саналды. Бесжүздіктер кеңесі каржы жүйесінің басқару органы болды. Ол мемлекет қазынасына ақша қайдан түсетінін анықтап, үкіметтің қарыздарын жинады, мүлігін сатты, азаматтарға жердем ақша берді. Бесжүздіктер кеңесінің басқаруында сонымен бірге теңіз әскери күш де болды.

Бесжүздіктер кеңесі ғибадатхананың, мерекелердің, кемелердің, қоғам-дық қүрылыстардың қамын ойлады.

Бесжүздіктер кеңес қызмет тәртібі өте қызық. Әрбір аумақтық филадан сайланған 50 кеңес мүшесі жылдың 10 күнінде бір рет, барлығы 1 жылда 36 күн жүмыс істейтін. Бүл уақыт-притания, ал кеңес мүшелері притан деп аталды. 50 адам 36 күн үлкен базардың жанындағы денгелек үйде бірге түрып, мемлекетті басқарған.

Гелиэй. Гелиэй — ант берушілер соты — ірі демократиялық мекеме еді. Судьяларды жеребе бойынша бүкіл Афина азаматтары сайлайтын. Барлығы 6000 судья сайланатын, олардың ант берген 5 мыңы 501 кісіден он комиссия қүрды. Ал бір мыңы қосалқы судьялар еді. Афина соты 10 комиссияға белінді. Судьялар мен сот мекемелерінің саны осынша көп болуы-олардың тек афины азаматтарына ғана емес, езгелелерге де қызмет етуіне байланысты еді. Мұнда Афинаның барлық одақтастары, басқаша айтқанда, іс жүзінде Кіші Азия жағалауының, Өңтүстік Францияның және Эгей теңізі аралдарының барлық түрғындары дерлік сот істерімен келуге тиісті еді.

Гелиэйда бірде бір азамат өзінің ісі қай комиссияда қаралатынын алдын ала білмейтін. Ол мұны сот болатын күні немесе мәжіліс басталардың алдында ғана білетін. Мұндай ереже сот қызметкерлері пара алмауы үшін қажет болды. Ертедегі кезде адвокаттар болмайтын. Сот қызметкерлері немесе айыпталушы шығып сейлейтін, сондай-ақ олардың туыстары да сейлей алатын. Сотта сейлейтін сездерін оларға заңгерлер жазып береді. Жазылған сезді жаттап алып, жылдам әрі дүрыс айту шарт еді. Соттың мәжілісі ашық отті. Екі жақ дәлел келтіріп, біреуді куелікке салды.

Құлдардың сотқа берген жауабы оларды тек қинағаннан кейін ғана дұрыс деп саналатын.

Біздің дәуірімізге дейінгі ІІ-ІІІ ғасырда Пелопонестің оңтүстігінде ежелгі Спарта мемлекеті өмір сүрді. Мемлекет Спарта деп аталғанымен, ол ел өздерін Лакония деп атады. Спарта ежелгі Грекияның тарихына үлкен із қалдырған ел. Спарта мемлекетінің пайда болуына алып келген себептердің ерекшеліктері болды. Олардың бірі — таптық қоғамның пайда болуына соғыс әсер етті. Жеңіп алған дорийцтер жергілікті ахей тайпаларымен бірігіп, Спарта қоғамын құрды. Олар көрші Мессенияны бірігіп жаулап алды да, өздерінің жерлерін кеңейтті.

Спартаға біз саяси демократиялық мемлекет деп мінездеме береміз. Жаулаушылар жерге, құлдарға жеке меншік кұрып, оған таптық саралауды өткізді, спартиаттар үстем тапқа, жеңіліп қалған тұрғындар құлдарға және құқығы кем азаматтарға айналды. Олар илоттар деп аталды. Илоттардың жерлері ең құнарлы болатын, сондықтан олар өздерінің жерлерін спартиаттарға бермеу үшін көп уақыт олармен соғысты. Лаконияның басқа шаруалар қауымы Спартаға бағынып, өздерінің жерлерін бере салды. Олар периэктер деп аталды. Илоттарға қарағанда периэктердің құқықтары көп болды. Өздерінің қауымында олар азаматтық құқықтарды пайдаланатын, бірақ Спартаның өзіңде олар екінші сортты адам деп саналып, үкіметті басқаруға қатыса алмайтын. Сонымен Спартада 3 тап пайда болды: олар спартандықтар, илоттар және периэктер еді.

Дорийліктер өздерін басты қаласы Спартаның атымен спартандық-тармыз деп атады.

Пелопонестің аумағыңда, таулы жерлерде тұратын тайпалар, сондай-ақ дорийліктерге өз еркіменен бағынған ахейліктердің кейбіреулері периэктер деп аталды. Бұлар толық құқылы азаматтар болмаса да, құлдыққа түсе қоймаған халық.

Илоттардың қүқығы құлдардың құқығына жақын екені белгілі. Спарта халқының негізгі таптары-сословиелері: спартандар, периэктер жөне илоттар осылай бөлінді.

Мессен соғысынан кейін спартандар мессен жерлерін алып болғаннан кейін оларды 9000 жер учаскесіне бөлді. Сол жер учаскелері спартандарға таратыдды. Учаскені бөлуге болмайтындай етіп, илоттармен бірге берілді. Әрбір жер учаскесінде илоттардың 1-2-3 отбасылары тұратын еді. Ол жерлер илоттармен бірге сатылып отырды.

Спартандар илоттар мен периэктерді басып-жаншып тастайтын. Егер бала аурулы, әлсіз болып туылса, оны әкесіне шатқалдан лақтыруға бұйы-ратын. Денсаулығы дұрыс мықты баланы тірі қалдыратын да, ол жеті жасқа дейін анасының бауырында тәрбиеленетін.

7 жастан бастап бала қоғамдық мектепке барып, онда ер жеткенше, яғни, 18 жасқа дейін уақытын өткізетін. 7 жастан-12 жасқа дейін 1 кезеңі деп саналады. Плутарх былай деп жазған: «Ликург заңымен балаларды ақысына жүмыс істейтін мүғалімдерге өткізуге болмайды». Балалардың 12 жасқа дейін оқитын жері Агела деп атадцы. Агеланы ең күшті, ақылды бала басқарды.

Мектептің тәртібі өте қатал болатын. Балалар қатты төсеніште жас-тықсыз ұйықтап, жеңіл көрпе ғана жамылатын. Олардың киімі де жеңіл болатын. Қысы-жазы жалаң аяқ, жалаң бас жүретін. Олар ыстықты қалай көтерсе, суыққа да солай шыдауы керек еді.

Спарта балалары өзара көп төбелесетін еді. Қарттар олардың төбелесіне қарап, балалардың мінез-күлқын зерттеп отыратын. Спарталықтар ба-лаларын төзімділікке тәрбиелеу үшін, оларды аштық пен сусын ішпеуге үйретті. Кейбір күндерде оларға су бермейтін. Оларды жараның ауырғанына шыдауға үйрететін.

Мектепте балалар дене шынықтырумен және өскери іспен шүғылданды. Төрбиенің мақсаты — күшті де шыныққан жауынгер өсіру еді. Олар оқуды, жазуды, санауды, өн салуды және билеуді, патриоттық та-қырыпқа олең оқуға үйренді. Философиямен, өнермен айналысуға рұқсат етілмеді. Балалар мейлінше қысқа да ықшамды сөйлеуге үйретілді.

Грекия елінде тек жалғыз Спартада ғана әйелдердің тәрбиесіне үлкен назар аударылды. Спарталықтар денсаулығы жақсы бала тек денсаулығы жақсы анадан ғана туады деп санайтын. Сондықтан қыздар үй тіршілігімен айналыспайтын. Мүның бәрін илот әйелдері істейтін. Спартаның әйелдері ерлер сияқты бала күнінен бастап гимнастикамен және спортпен шұғылданды.

Қыздар үл балалар сияқты оқитын, жаза және санай алатын. Спартандар кәмелет жасқа жеткеңде үйленіп, шаңырақ құрды. Бірақ олардың кейінгі омірі таза әскери сипатта болды. Күні бойы олар әскери отрядта, сол өздері мектепте бірге оқыған жолдастарымен бірге болды. 20 жасынан бастап еркін спартандар сисситияға қатынасады, жерге қожа болады. Сисситияның мүшесі болу үшін белгілі бір мөлшерде заттай үлес қосуы тиіс еді.

Сисситияның әрбір мүшесі ұн, арақ, май, ірімшік, жеміс тәрізді өз үлесін әкеліп тапсырады. Сисситияда олар әскери жаттығуларды бірге жасап, бірге тамақ ішті. Сисситияның мүшелері «тең адамдар қауымына» кірді және барлық саяси құқықтарды пайдаланды. Егер спартаңдық кедейленіп, сисситияға өзінің үлесін қоса алмайтын болса, ол қауымнан шығып қалады, содан барып «тең адамдар қауымынан» да шығарылатын. Сөйтіп ол саяси құқығын да жоғалтатын.

Спарта азаматтары 30-ға жасқа толғанша өзінің құқығын толық пай-далана алмады. Оған базарға барып бірдеме сатып алуға рүқсат берілмеді, өзіне керек заттарын ол 30-ға толған туысқандарына сатып алғызады. өте көп уақытын ол сисситияда өткізетін. 30 жасқа толған Спартаның азаматтары қүқықтарын толық пайдаланатын. Осы уақыт ішінде ол шаңырақ құрып, үкіметтің үлкен қызмет орнын пайдаланды. Спарта тәрбиесінің, сондай-ақ спарталықтар өмірінің барысы елдің әскери қуатын нығайту мақсатына бағытталды. Спартандық ең аддымен жауынгер болуы керек еді. Бұл сырттан келетін жаудың жақыңдығынан туған қажеттілік емес, өзімен дұшпандық пиғылдағы халық илоттармен үнемі бірге өмір сүруден туған құбылыс еді.

Окімет спартандықтардың жеке өмірінде істейтін істерін құқықпен тәртіпке салды.